Сайтқа кіру Тіркелу

Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы

Пән: Қазақ әдебиеті
Тақырыбы: Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы
Мақсаты: Ақын Мұқағали өмірі мен шығармашылығына тоқталу. Жырларының негізгі ерекшеліктерін, әлеуметтік мәнін ашу.
Формасы: топпен, жұппен жұмыс жасау;
Сабақты өткізу әдіс - тәсілі: «Диалог негізінде оқыту - әңгіме - дебат», «Психологиялық хат жазу», «Есіңе мені алғайсың» сергіту сәті, «Топтастыру»,»Бақыт туралы ой» сергіту сәті, «Блоб» ағашы өзін - өзі бағалауы
Сабақтың түрі: жаңа білім беру
Дидактикалық материалдар: бүктемелер, оқулықтар, қағаздар, блоб бағалау парақшасы, стикерлер
Пәнаралық байланыс: музыка, қазақ тілі, тарих
І. Сабақ барысы: Психологиялық кезең.
- Білімгерлер, сабақ бастауға көңіл - күйлерін қалай? Ынтымақтастық атмосферасын орнату.
Шеңбер құрып, қасындағы досына тілек айту арқылы сыныпта жағымды ахуал туғызып аламын. Білімгерлерді түгендеп, құрал - жабдықтарын тексеремін. Білімгерлердің қабілеттеріне қарай 3 топқа бөлемін:
1) Зерттеушілер 2) Тілшілер 3) Актерлер
Топтың атын, топ басшыларын білімгерлермен ақылдаса отырып, сайлаймын.
ІІ. Миға шабуыл. Білімгерлерге М. Мақатаевтың өзі оқыған "Есіңе мені алғайсың" өлеңі тыңдатылады.(Мақатаевтың өз даусымен аудиожазба)
Диалог негізінде білім беру(тақтада сұрақтар шығарылады)
• Көз алдарыңызға қандай көрініс елестеді?(1 - топқа)
• Кімге қандай ой келді?(2 - топқа)
• Кімді есімізге алдық?(3 - топқа)
• Кім ақпан айында дүниеге келді?(бәріне ортақ)
Биыл 85 жасқа толған ақын. Қазақ поэзиясының - Хантәңірі.
ІІІ бөлім. Ой қозғау
Бүгінгі сабағымызға қандай тақырып қояр едіңіздер?
Мұқағали Мақатаев.(Сабақтың тақырыбын ашады, топтың мүшесі шығып қорғайды.) Жаңа сабақ
Мұғалім: Қазақ поэзиясында өзіндік жарқын із қалдырған дарынды ақындардың бірі Мұқағали (Мұқаметқали) Сүлейменұлы Мақатаев 1931жылы 9 ақпанда Алматы облысы Нарынқол ауданы Қарасаз ауылында туған. Анасы Нағиман Батанқызының айтуынша: «Мұқағалидің әкесі Сүлеймен шаруа адамы еді.. Тиын деген енем бар еді..
Мұқағали бастауыш кластарды Қарасаз өңіріндегі шағын ауылдарда оқып, орта мектепті аудан орталығы - Нарынқолдағы интернатта бітіріп шықты. Ауқаттылардың балалары Алматы асып, үлкен оқу іздеп жатқанда, ол ауылдық кеңесте хатшы болып қызметке тұрды. Он төрт - он бес жасынан жаза бастаған өлеңінен қол үзген жоқ. Төбесі аласа үйге қалың - қалың кітаптарды үйіп тастап, бірінен кейін бірін оқитын да жататын.
Ауылдың атқамінерлері сол кезде - ақ таңданатын: «Нағиман шеше, сіздің тентегіңіз осынша орысшаны қайдан үйреніп жүр»,- дейтін.. Сөйтсем, өзін - өзі оқытыпты ғой, шырағым».
М. Мақатаевтың ақындық қабілеті бала кезінен - ақ белгі берген. Соғысқа кеткен әкесін сағынып:
Ол жерде Сырымбеттей тау бар ма екен?
Жайдақтың шөбі шүйгін қаулар ма екен?
Мінеки, көп ай болды хабары жоқ,
Әкем кеп, көңілімізді аулар ма екен?
деп жазды.
Осы тұңғыш өлеңінен бастап, әкесін сағынған қаршадай баланың көкірегін өртеген мұң - нала, үміт - арман оқушы дәптеріне түсе бастайды. «Мұқағали мектептен келісімен, қолына қарындашын ала салып, жылап отырып, дәптеріне бір нәрселерді сүйкектетіп жататын. «Қарағым - ау, не жазып жатсың?»,- деген әжесіне: «Әшейін.. еш нәрсе емес»,- деп қойып, одан әрі жазуын жалғастыра берер еді. Бір күндері: «Әже, әкем жайлы мен көп өлең жаздым. Оқып берейін бе?»- деді де, біраздан бері қолынан тастамай жүрген дәптерін ашып қойып, заулатып өлең оқи бастады. Әкем - ау қарғадай баланың өлеңдерінің өткірлігі сонша, көкірегінңді қарс айырардай. Ағыл - тегіл көздің жасына ерік бердік - ай дерсің.. Сөйтіп жүргенде, ауылға сыртан келген біреу бір күні баламның қолына 15 сом ұстатыпты да, әлгі дәптерін алдап алып кетіпті. Әжесі екеуміз санымызды сабалап қалдық. «Апыр - ау, мұның не?»- дейміз ғой баяғы. Сөйтсек, біздің жүдеу тірлігімізге қабырғасы қайысып, өзінше қол ұшын бергісі келген екен ғой қарағымның. Ондай адамға кезігерін білсем, тығып қоймас па едім дәптерін!»- де п өкінеді ақынның анасы.
Балалардың үлкені – Мұқағали еді. Балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарына өтті. Әкесі Сүлеймен соғыста қаза тауып, анасы Нағиман мен әжесі Тиынның тәрбиесінде өсті. Ол 10 - 11 жастан бастап өлең шығара бастайды.
Әйелі – Лашын Әзімжанова. Тұңғыш қызы – Ләззат 1949 жылдың желтоқсанында дүниеге келіп, сәуірде суық тиіп қайтыс болған. Екінші қызы – Майгүл 1951 жылы мамырда дүниеге келген, 1962 жылы Алматыға көшіп келгеннен кейін машина апатынан қайтыс болады. Бұл қаза ақынға қатты соққы болады. Майгүлге арналған өлеңдер циклі баршылық. Қалған балалары – Жұлдыз, Айбар, Алмагүл, Шолпан.
Мұқағали орыс, неміс тілдерін жақсы білген.
1948 - 1949 жылдары ҚазМУ - дың филология факультетінде оқыған. К. Маркс атындағы кеңшарда (қазіргі «Текес») ауылдық кеңес хатшысы, мектепте мұғалім болды.
1952 - 1962 жылдары Қарасаздағы бастауыш мектепте орыс тілінің мұғалімі болып жұмыс істеген. 1970 жылы Жазушылар одағына мүшелікке қабылданып, 1973 - 1974 жылы Мәскеудегі әдебиет және өнер институтында оқыды.
Ақынның тұңғыш өлеңдері «Қырман басында», «Қойшы бала - Әкітай», «Інімнің ойы», «Шебер». Өлеңдегі ұстазы – Қ. Аманжолов. Ақынның тұңғыш кітабы – «Ильич», ал кейінгі шығармалары «Ақ қайың әні», «Ару - ана», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Қырандастар», “Чили – шуағым менің», «Шекарада», «Большевиктер», «Өмірдастан», «Арман», «Шолпан», «Досыма хат», «Отаным, саған айтам», «Райымбек! Райымбек!», «Қашқын», «Моцарт. Жан азасы» атты поэма - толғаулары бар. 650 - ден астам лирикалық өлеңдері бар. Мұқағали – ақын, жазушы, драматург. Ақиық ақын 1976 жылы 27 - інші наурызда 45 жасында Алматы қаласында қайтыс болды.
(слайдтар тақтада көрсетіліп тұрады)

ІҮ. Түсінгенін тексеру.
(Парақтар үлестіріліп беріледі)
1. Зерттеушілер: (ақын өмірінен мәліметтер жинайды)
2. Тілшілер (ақпараттарды пайдалана отырып, ақын өмірі мен шығармашылығы жайлы сұрақ әзірлейді)
3. Актерлер шығармашылық жұмыс: (махаббат диалогын көрініс көрсету)
Махаббат диалогы.
- Құс боп ұшып кетсем не етер едің?
- Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.
- Отқа түсіп өрттенсем не етер едің?
- Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.
- Бұлдырасам сағымдай не етер едің?
- Жел боп қуып соңыңнан жетер едім!
- Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?
- Қойшы сәулем бәрін де көтеремін.
«Қара - жап - айт - жаз - тексер» әдісі
Сергіту сәті
Тапсырма:
1. Сөзге қараңыз
2). Оны жауып тастаймыз
3. Оны ауызша айтып шығамыз
4. Оны есте сақтай бойынша жазыңыз
5. Жазғандарды тексеріңіз.
Берілген сөздер:
Аққулар, маххабат, достық, Қарасаз, Лашын, бақыт, Сүлеймен, Тиын, табиғат
Ү. Бекіту
Білімгерлерді шығармашылыққа баулу үшін «Мұқағали ақын рухымен сырласу» хатын жазады.
Бақыт туралы ой М. Мақатаев аудиожазба тыңдату
ҮІ. Үйге тапсырма
М. Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы
«Мен Мұқағалише жырлаймын» өлең шығару
ҮІІ. Сабақты қорытындылау
Топтастыру әдісі
ҮІІІ. Бағалау
«Блоб» ағашы парақтарын таратып беру арқылы әркім өзін бағалау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×