Қабат - қабат қаптама, ақылың болса таптама.
Ұзын - ұзын ұсқауын,
Ұзынына кім жетер?
Шұбар ала күйкентай,
Шұбарына кім жетер?
Кітап
Бір қобди дүние жүзін бағалаған,
Әсемдеп, талай адам қамалаған.
Қобдидың ашылмайтын кілті өзінде,
Ашылса табылар еді не қалаған.
Білім, кітап
Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық,
Ашылар мезгілінде баурын жазып.
Ішінде толып жатқан қазынасы бар,
Қорек қып пайданалар тамам халық.
Кітап, оқу
Ұзын - ұзын, ұзын жол,
Ұшына жеткен бар ма екен?
Түбі терең қара су,
Түбіне жеткен бар ма екен?
Түбіне жетіп бұл судың
Қанып ішкен бар ма екен?
Оқу
Қабат - қабат қаптама.
Ақылың болса аттама.
Кітап
Жаны жоқ болса да,
Ақылды адам ісін істейді.
Кітап
Бір нәрсе білмегенді білгізеді,
Өзіңді тұрсаң қарап күлгізеді,
Жалғанда әңгімесі сондай қызық,
Жаныңды тыңдай берсең кіргізеді.
Кітап
Бір су бар Шыршық деген қалқып аққан,
Бетінде бетегесі шығып жатқан.
Қарайсың міне соған тамашалап,
Сол судың кете алмайды дәмін татқан.
Кітап
Сандығым бар өзгеше,
Қолыма алып жүремін.
Ішін ашып ақтарып,
Өмір сырын білемін.
Кітап
Дүниеде бір дария беті қайтқан,
Бетінде бетегесі шығып жатқан.
Қараса сол құдыққа көз жетпейді,
Құр қалмас сол құдықтың дәмін татқан.
Оқу, білім
Сай бойында сары алтын.
Білім
Ауыр - ақ, бірақ түсер салмағы жоқ,
Артқанның арып кейін қалғаны жоқ.
Арқалап бірін қоймай көтергеннің
Аяғы ешуақытта талғаны жоқ.
Білім
Теңіздей түбі терең,
Сүңгіген жетер әрең.
Білім
Кітап туралы жұмбақтар
- ramuk_b
- 2 қазан 2019
- 107692
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Кітап туралы жұмбақтар, оқу, білім, ғылым, жайлы жұмбақтар
Ұқсас жаңалықтар:
Ғылым, білім туралы мақал-мәтелдер
Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер, Залыммен жақын болсаң, басың кетер. Ғылым - теңіз, білім - қайық. Кітап - ғылым – тілсіз мұғалім....Оқу - бiлiм және оның құралдары туралы жұмбақтар
Дүниеде бір дария беті қайтқан, Бетінде бетегесі шығып жатқан. Қараса сол құдыққа көз жетпейді, Құр қалмас сол құдықтың дәмін татқан. (Оқу, білім)...Химиялық элменттер туралы мақал - мәтелдер жинағы
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қарасу ауылы, Қарасу орта жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Ерсайынова Аруна Бейбітқызы...Ересектер тобында өтілген дауыссыз « К » дыбысы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №89 Шамшырақ бөбекжай-балабақшасы Бибосынова Айнұр Базарбаевна...Баланың тілін дамытуда ойынның атқаратын маңызы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №89 Шамшырақ бөбекжай - балабақшасы Бибосынова Айнұр Базарбаевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.