Сайтқа кіру Тіркелу

Графикалық әдістер мен процедуралар

Жамбыл ауданы, Тараз, қаласы,
«Бірлесу - Еңбек» орта мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі
Крикбаева Ильмира Рапилбековна

ГРАФИКАЛЫҚ ӘДІСТЕР МЕН ПРОЦЕДУРАЛАР

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: VisualBasic тілі графикалық қолданудың үш тәсілін түсіндіру, сурет салу әдістері мен түс функцияларын түсіндіру.
Дамытушылығы: оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру
Тәрбиелігі: оқушыларды уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: презентация, тест сұрақтары т. б.
Оқыту әдістері: практикалық
Оқыту формалары: топпен
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Информатика негіздері журналы №5, 2008ж;
2. Visual Basic ортасында программалау Ж. Динисламов, Қызылорда - 2002;
3. Информатика оқулығы, 10 класс жаратылыстану – математика бағыты, Н. Т. Ермеков, В. А. Криворучко, С. Ж. Ноғайбаланова, «Жазушы» баспасы, 2006
Сабақтың барысы:
ұйымдастыру
үй тапсырмасы
жаңа сабақ
жаңа сабақты бекіту
қорытынды
оқушыларды бағалау
үйге тапсырма
І Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасып, сабаққа дайындықтарын тексеру
ІІ Үй тапсырмасы:
1. Файл дегеніміз не?
2. Файлдар қандай топқа бөлінеді?
3. Тізбектей қатынайтын файлдар дегеніміз қандай файлдар?
4. Файлды ашу, жазу, жабу бұйрықтары қалай жүзеге асырылады?
5. Файлдың түрлерін атаңдар?
6. Мәліметтер қоры дегенді қалай түсінесіңдер?

Жаңа сабақ
VisualBasic тілі графикалық файлдарды қолданудың 3 тәсілін ұсынады:
1. Кез келген графикалық редакторда салынған суреттерді және компьютердің жадында сақталған графикалық файлдарды көшіріп немесе адресі бойынша сілтеме жасау арқылы пішінге немесе PictureBox графикалық терезесіне файлдарды кірістіруімізге болады.
2. ToolBox құрал – саймандар тақтасынан Line және Shape басқару элементтерін кірістіру арқылы.
3. Пішін мен PictureBox нысандарына графикалық әдістер арқылы нүкте, сызық, төртбұрыш, шеңбер, эллипс, бұрыш, доғалар салуға болады. Графикалық пішіндерді салу үшін графикалық әдістерді қолданып процедура жазамыз.

Scale әдісі – жаңа координаталарды ұсынады. Scale әдісін қолданғанда PictureBox пен Пішін абсолютті кординатаға ие болады, олардың өлшемі (ені мен биіктігі) арнайы твип өлшем бірлігімен өлшенеді. Ал Scale әдісі жаңа координаталар жүйесінде салынады.

Scale әдісінің жазылуы:

Pset әдісі – нысанға нүкте салуға мүмкіндік береді.
Pset әдісінің жазылуы:
Line әдісі – нысанға түзу сызықтар және іші боялған немесе боялмаған төртбұрыштар салады.
Line әдісінің жазылуы:
Circle әдісі – нысанға шеңбер, доға, эллипс, сектор салу үшін пайдаланамыз.

Түс беру
VisualBasic программасында 8 тұрақты сандар арқылы түс беруге болады. Түстің тұрақты сандар кестесі төмендегідей:
Түсі Тұрақтылар Сандық мәні
Қара vbBlack 0
Қызыл vbRed 255
Жасыл vbGreen 65280
Сары vbYellow 65535
Көк vbBlue 16611680
Көкшіл күлгін vbMagneta 16611935
Ашық көк vbCyan 16666960
Ақ vbwhite 16666215

Мысалы:
Picture1. BackColor=vbWhite немесе Picture1. BackColor=16666215

RGB функциясы арқылы түс беру.
Бұл графикалық әдіс арқылы әртүрлі көптеген түстер жиынтығын ұсынады. RGB функциясы (Red) қызыл, (Green) жасыл, (Blue) көк, түстерін бірдей пропорциялық түрде араластырады. Бұл фукция үшін бүтін сандарды аргументтер бойынша түстер кодына айналдырады.

QBCOLOR функциясы арқылы түс беру.
Бұл функция 0 – ден 15 – ке дейінгі диапазонды қамтитын бүтін сандар С аргументінен тұрады. Берілген сандық мәнді түстер қодына қайтарады. Кестесі төмендегідей:

Түсі Аргументі С
Қара (vbBlack) 0
Қою көк 1
Қою жасыл 2
Қою көкшіл 3
Қою қызыл 4
Қою күлгін 5
Қоңыр 6
Ақшыл сұр 7
Қою сұр 8
Көк (vbBlue) 9
Жасыл (vbGreen) 10
Көкшіл (VbCyan) 11
Қызыл (vbRed) 12
Күлгін (vbMagneta) 13
Сары (vbYellow) 14
Ақ (vbWhite) 15

ІҮ Жаңа білімді бекіту
Тәжірибелік тапсырма – 1
Кездейсоқ шамаларды сурет салуда қолдану
Әртүрлі шуағын шашқан жұлдызды бейнелеу (бір нүктеден әртүрлі сызықтар салу арқылы) программасы төмендегідей:

Private Sub Command_Click()
Cls
drawWhite=2
Scale (0, 10) – (15, 0)
Randomize Timer
For i=1 To 500
x=Rnd ()*15
y=Rnd ()*10
Line (2, 5) – (x, y), QBColor (Int(Rnd()*13))
For j=1 To 10000: Next j
Next i
End Sub

Нәтижесі:
Тапсырма – 2
Пішінге Command Button батырмасы мен PictureBox батырмасын кірістіріңдер, төмендегі процедураны теріңдер:

Private Sub Command_Click ()
Private1. Scale (- 15, 15) – (15, - 15)
Private1. DrawWhitedth=15
Private1. Pset (0, 0), vbRed
Private1. Pset (- 8, 8)
Private1. Pset (8, - 8)
End Sub

Нәтижесінде іші боялған үш домалақ фигураны көреміз.
Ү Қорытынды кезең: Бүгінгі сабақта білгеніміз Графикалық әдістер мен процедуралар. Енді сабақты қайталау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:
1. VisualBasic тілі графикалық файлдарды қолданудың қанша тәсілін ұсынады?
2. Графикалық әдістің графикалық файлдардан қандай айырмашылығы бар?
3. PictureBox және Image элементтерінің айырмашылығы неде?
4. Қандай графикалық әдістерді білесіңдер?
5. Графиканың процедурасын жазғанда қандай функциялар қолданылады?

ҮІ Оқушыларды орындаған тапсырмаларына қарап бағалау.
ҮІІ Үйге тапсырма: Графикалық әдістер мен процедуралар. Оқулықта берілген тест
тапсырмалары
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Paint (бояу) графикалық редакторы. Графикалық редактордың сурет салу құралд ...

Paint (бояу) графикалық редакторы. Графикалық редактордың сурет салу құралд ...

- Paint графикалық редакторын ашуды, сурет салу және оны сақтауды білу; - Редактордың сурет салу құралдарының қызметімен, мүмкіндіктерімен танысу...
Paint графикалық редакторы. Практикалық жұмыс

Paint графикалық редакторы. Практикалық жұмыс

С.Датов атындағы № 26 орта мектетің Информатика пәні мұғалімі: Биханова Ж.С....
Paint графикалық редакторының құралдары

Paint графикалық редакторының құралдары

Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Қазан орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Мадиева Назира Кайдарқызы...
PAINT графикалық редакторының құралдары

PAINT графикалық редакторының құралдары

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы Ганюшкин мектеп-интернаты Баева Гүлнұр Бекболатқызы...
Paint графикалық редакторының құралдары

Paint графикалық редакторының құралдары

Жамбыл обл. Жуалы ауданы. Б. Момышұлы ауылы №1 Г. Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназияның информатика пәні мұғалімі Андабекова Құралай Елепбайқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×