Сайтқа кіру Тіркелу

Paskal тілі

Тақырыбы: Паскаль – программалау тілі.
Мақсаты:
Паскаль программалау тілінің алфавитімен таныстыру және алгоритмді программалау тілінде жазу ережелерін түсіндіру.
Жасанды тілдің қалай құрылатынын сезіну.
Тәртіптілік пен жинақылық дағдыларының қалыптасуына әсер ету.
Көрнекілігі: Сабақ жоспарын экранда проекциялау, мульт. мед. жабдықтар, компьютер, Паскаль - программа.
Өтілу әдісі: Мультитехникамен жабдықталған дәстүрлі сабақ.
І. Сабақтың барысы: Жаңа сабақ
1. Паскаль тілі
ПС. Алгоритмнің бәрі формулалармен ғана емес сөздермен де жазылады. Ол сөздерді компьютер қалай түсінеді? Компьютер деген машина болса, ол командаларды қалай орындайды?
Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны машинаға түсінікті тілде жазамыз. Ондай тілдер өте көп. Солардың кең тараған бір түрі Паскаль. Одан басқа АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК, ДЕЛФИ... т. с. с болып кете береді. Паскаль тілін 1968 - 1970 жылдары швейцариялық ғалым Никалус Врит оқып - үйренуге қолайлы тіл ретінде ұсынған.
Паскаль тілінде программа үш бөліктен тұрады:
1. тақырып
2. сипаттау бөлімі
3. операторлар бөлімі
Түйінді сөз – мағынасы алдын ала анықталған, Паскаль тілінің құрамына кіретін ағылшын сөзі. (Оқулықтың 39 бетіндегі 2. 2 кестені қара)
Мыс: program, var, begin, while…
Идентификатор – айнымалыларды белгілеу үшін және программалау үрдісінде қолданылатын арнайы таңбалар мен белгілер көбінесе латын әріптері және цифрлар).
Мыс:
x=9, y01:=0. 1, y02:=0. 5, mektep:=’Уалиханов’
мұндағы: x, y01, y02, mektep шамалары идентификатор болып табылады.
2. Тілдің алфавиті.
Паскаль – тіл деп аталған соң оның кәдімгі тілдегідей өз алфавиті бар.
Барлық латын әріптері – A … z;
Сандар: 0... 9, 2 - лік, 16 - лық; (16 - лық санды шатастырмау үшін оның идентификаторына $ белгісі тіркеліп жазылады, $1F);
Арифметикалық амалдар: +, -, *, /
Бұларды біз математикадан білеміз. Паскалда бұлардан басқа мынадай да амалдар қолданылады:
div — бүтін бөлу (бүтін санды бүтін санға бөлгендегі бөлiндінің бүтін бөлігін табу), мысалы, 10 div 3 = 3.
10 div 3 = 3
mod — қалдықты табу (бүтін сандарды бөлген кездегі бүтін қалдықты табу), мысалы, 10 mod 3 — нәтижесі 1.
Логикалық амал белгілері:
0 x y 5 2 true 1 - 3 - 100 false 0 50 0 false 0 x or y > 0 5 2 true 1 - 3 - 100 false 0 50 - 5 true 1 " v: shapes="_x0000_s1026">and — және (логикалық көбейту) операциясы;
or — немесе (логикалык косу) операциясы;
xandy> 0
not — емес (терістеу немесе жоққа шығару) операциясы;
true – ақиқат
false - жалған
div – бүтін бөлу. Мыс: 10 div 3 =3 қалдығы еленбейді.
mod – қалдықты табу. Мыс: 10 mod 3 =1 бүтін бөлігі еленбейді.
And – және (логикалық көбейту);
or - немесе (логикалық қосу);
not – емес (терістеу).
‘ (апостроп) – символдық немесе жолдық шамаларды қоршау (тырнақшаға алу) белгісі
:= - меншіктеу белгісі
; - операторлар арасын бөлектеу үшін қолданылады.
Бұдан басқа да көптеген таңбалар бар. Оларды болашақ сабақтарымызда қажеттігіне қарай біртіндеп анықтап отырамыз.
Қатыс таңбалары: >, =, <=
3. Сабақты бекіту
Суреттегі жақтағы есептерді талдау, осыған ұқсас ауызша есептер шығару.
4. Үйге тапсырма:
§2. 1, §2. 2 оқу
1. №7. Паскаль программасының құрылымы.
Мақсаты: оқушыларды Паскаль тілінің құрылымымен және оның орындалу ретімен таныстыру, программа бөліктерінде міндетті түрде қолданылатын түйінді сөздердің дұрыс жазылуын, орналасу ретін қатаң сақтауды үйрету.
Жауапкершілікті сезіну.
І. Сабақтың барысы: Жаңа сабақ
Программалау тілінде мына ұғымдар жиі қолданылады:
Өрнек
Арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалылар, атаулар, функциялар, жиымдар т. б мағынасы бар сөздер тізбегі өрнек деп аталады.
Өрнек жазуда кеткен қателікті компьютер анықтай алмауы мүмкін.
Оператор
Программалау тілінің белгілі бір іс - әрекетті орындай алатын тұрақты мағынасы бар сөйлемін оператор дейді.
Операторды жазғанда қате кетсе компьютер бірден анықтайды.
Тіл синтаксисі
Программа жазу барысында сақталуға тиісті тілдің ережелерін программалау тілінің синтаксисі дейді.
Синтаксистік қатені де компьютер бірден анықтайды.
Тілдің семантикасы
Программа жазудың мағыналық ережелерін тілдің семантикасы дейді.
Семантикалық қателерді компьютер анықтай алмауы мүмкін.
Паскаль тілінде программа жеке жолдардан тұрады. Жол бойында бірнеше оператор жазылса, олардың арасы «;» - мен ажыратылады. Бір жолдағы таңбалар саны пробелді қосқанда 256 - дан аспауы тиіс.
Паскаль программасының құрылымы.
1. тақырып program программа аты жазылады;
2. сипаттау бөлімі …
Var типтері көрсетілген айнымалылар;
begin
3. операторлар бөлімі Операторлар;
end.
var қызметші сөзі Паскалда жиі қолданылады, осы сөзден кейін программада қолданылатын барлық айнымалылар типтері көрсетіліп арасы үтірмен бөлініп, тізіліп жазылады. Бұл айнымалылар мәліметтер мен нәтижелерден және аралық шамалардан тұрады.
Мәліметтер – программа орындалуы үшін керекті айнымалылар.
Мәліметтер Паскаль тілінде READ операторының көмегімен компьютерге енгізіледі. Программа ішінен бұл операторды кездестіріп, компьютер, «?» белгісін экранға шығарып сан (мәлімет) енгізуді күтеді.
Былай жазылады: read(x, y, z); клавиатурадан арасы пробелмен бөлінген үш сан теріп клавишін басамыз.
Readln(x) - сұрақ белгісі жаңа жолға шығып тұрады.
Нәтижелер – программа орындалып болған соң мәні анықталатын айнымалылар. Нәтижені экранға шығару үшін Паскалда WRITE операторы қолданылады. Мыс: werite (‘natyje= ‘; x). ‘апостроф белгісінің арасындағылар экранға сол күйінде өзгеріссіз шығады да, х - тың орнына оны мәні шығады.
writeln(‘s= ‘, s) нәтиже жаңа жолға шығады.
Аралық шама – мәліметке де нәтижеге де жатпайтын, программа орындау барысында қажет болатын программалаушы енгізген айнымалылар.
Қосалқы программа – алдын ала ат қойылған программа. Ол негізгі программаның кез - келген бөлігінде атын көрсету арқылы шақырылып атқарыла береді.
ІІ. Сабақты бекіту:
Осы алған біліміміз негізінде шағын, сызықтық программа жаза аламыз.
ЕСЕП: Клавиатурадан екі бүтін сан сұрайтын және экранға олардың көбейтіндісін басып шығаратын программа жазыңыз.
Программаны есеп шығару кезеңдерін ескере отырып жазайық. Есептік математикалық моделін құрамыз:
Математикалық моделі Паскаль программа
1. Не белгілі? Екі бүтін сан, х, у – бүтін;
2. Не істеу керек?
Екі сан енгізу; олардың көбейтіндісін
z:=х*у; аралық шама z - ке меншіктеу.
Нәтижені экранға шығару;
Соңы program esep01;
var x, y, z: integer;
begin
z:=x*y;
write(‘көбейтінді = ‘, z);
end.
Дайын нұсқасын компьютерде орындап көрсетеміз.
ІІІ. Сынып жұмысы
Жоғарыдағы программаны ары қарай дамытайық:
тапсырма: №1 Енгізілген екі санның көбейтіндісімен қатар қосындысын да шығаратындай етіп,
№2 Енгізілген екі санның көбейтіндісімен қатар айырмасын да шығаратындай етіп,
№3 Енгізілген екі санның көбейтіндісімен қатар бөліндісін де шығаратындай етіп программаға өзгеріс енгізіңіз. Мүмкін болса компьютерде орындаңыз.
ІV. Үйге тапсырма. 1. §3. 1, §2. 2 оқу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Паскаль – программалау тілі. Паскаль тілінің негізгі элементтері. Тілдің ал ...

Паскаль – программалау тілі. Паскаль тілінің негізгі элементтері. Тілдің ал ...

Сабақтың мақсаттары: а) білімдік: студенттерді Паскаль – программалау тілімен, паскаль тілінің негізгі элементтері және тілдің алфавиті таныстыру. ә)...
Программалау тілінің қарапайым объектілері

Программалау тілінің қарапайым объектілері

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ю.А.Гагарин атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімі Тайкенов Дархан Есенбайұлы...
Стандартты функциялар. Стандартты типтердің сипатталуы

Стандартты функциялар. Стандартты типтердің сипатталуы

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ю.А.Гагарин атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімі Тайкенов Дархан Есенбайұлы...
Паскаль – программалау тілі. Формальды жазылу тәсілі

Паскаль – программалау тілі. Формальды жазылу тәсілі

ШҚО, Семей қаласы, №21 жалпы білім беретін мектеп Абылхасымова Ұ. Ж....
Стандартты функциялар

Стандартты функциялар

Пән аты: Информатика Сабақтың тақырыбы: Стандартты функциялар. Стандартты типтердің сипатталуы. Өрнектер және олардың жазылуы Сабақтың мақсаты:...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×