Сайтқа кіру Тіркелу

Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс - тәсілдері

Рудный қаласы,
№19 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі
Боранбайқызы Диана

Информатика 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс - тәсілдері».
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың мәтінді теру, редакциялау және пішімдеу туралы білімдерін қайталау, жалпылау, бекіту. Мәтінге символдарды қоюдың, мәтінді рәсімдеудің жаңа мүмкіндіктерімен таныстыру.
Оқушылар білуі тиіс: пернетақтада жоқ символдарды мәтінге қоюдың тәсілдерін, регистрды өзгерту мүмкіндігін пайдаланып, мәтінді қаріппен рәсімдеуді.
Оқушылар үйренуі тиіс: пернетақтада жоқ символдарды пайдаланып, мәтін теруді, процессордың барлық мүмкіндіктерін қолданып мәтінді рәсімдеуді.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, оқулық, жұмыс дәптерлері, компьютер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі (оқушылармен амандасу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару, психологиялық жағдай жасау, Қауіпсіздік ережесін еске түсіру)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (Ғажайып қоржын оқушылар қоржындағы сұрақтарға жауап береді)
ІІІ. Білімді өзектендіру (бұл жерде оқушылар пернетақта батырмасының қызметін көрсетеді, яғни бір оқушы батырманы атайды, ал екінші оқушы оның қызметін түсіндіреді жалпы 5 батырма көрсетіледі). Осыдан кейін мұғалім оқушылардың батырмаларды, жалпы мәтіндік процессорды жақсы игергендігі туралы айтып, жаңа сабақтың тақырыбын жариялайды.
ІV. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою (оқушылар өздері сабаққа мақсат қояды)
V. Жаңа сабақты оқып үйрену (мұғалім жаңа сабақты түсіндіріп, кітаппен жұмыс жасатады 37 - 38)
VI. Компьютерде тәжірибелік жұмыс (оқушылар компьютерге отырып орындарында 3 тапсырма орындайды. Оқушылар бір - бірімен орындарын ауыстырып жасалған жұмыстарын тексереді де, бағалау парағына бағаларын қойып кетеді).
1 тапсырмадан кейін Физминутка жасаймыз.
VII. Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары және сабақты қорытындылау (оқушыларға жаңа сабақ бойынша 4 сұрақтан тұратын тест тапсырмалары және интерактивті тақтадан орындайтын 6 тапсырма беріледі, бүгінгі сабаққа байланысты 6 қазақша сөздерді оқушылар орыс және ағылшын тілдеріне аударып жазады). Балалар, бүгін сендермен бірге өткен тақырыптарды - мәтінді сауатты теруді, оны пішімдеу мен редакторлауды қайталадық. Мәтіндік процессорда жұмыс істеудің жаңа тәсілдерімен таныстық. (оқушыларға жаңадан алған түсініктерін қайталап айтып беру ұсынылады).
VIII Үй тапсырмасы
§17 оқу, бақылау сұрақтарына жауап беру.

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Үлкенге де «сіз»,
Кішіге де «сіз»,
Барша адамды құрметтеп
Сәлеметсіз бе дейміз біз.
Оқушылар көңіл күйлеріңіз қалай? бүгінгі ашық сабаққа дайынбыз ба? Егер сіздерде барлығы жақсы болса онда сіздердің психологиялық дайындықтарыңызды бақылап көрейік.
Психологиялық дайындық
Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру және сабаққа жұмылдыру мақсатында психологиялық дайындық өткізу
Балалар сіздердің алдарыңызда гүл сабағы Бұл гүл сіздерге жетістік, жақсы көңіл – күй сыйласын, сондықтан осы гүл сабағын әдемі гүлдермен жандандырайық. Сәттілік тілеймін!
Бұл түстердің мағынасын ашып берейін, осы түстерге қарап сіздер бүгінгі сабаққа қалай қатысасыздар соны байқайық. 1 мин
Жасыл түс - бүгінгі сабақта жақсы жетістікке жетеді
Қызыл түс – көпшілік ортасында жүргенді ұнатады
Сары түс белсенділік танытады.
Сабағымыз басталмас бұрын қауіпсіздік ережесін есімізге түсірейік.

ІІ. Үй тапсырмасы
«Ғажайып қоржын» ойыны. 5 мин
Қоржын ішінде өтілген тақырыптар жазылған сұрақ жасырылады. Оқушылар әр бір сұраққа жауап беріп ұпайларын алып отырады.
1. Мәтіндік процессор дегеніміз не?
2. Місrosoft Word программасын іске қалай қосамыз?
3. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі?
4. Мәтіндік процессордың терезелерін атаңыз?
5. Жаңа құжатты құру үшін...?
6. Құжатты қалай сақтаймыз?
Өте жақсы!! Өткен сабақтарды естен шығармапсыздар жарайсыздар!!!

ІІІ. Білімді өзектендіру (бұл жерде оқушылар пернетақта батырмасының қызметін көрсетеді, яғни бір оқушы батырманы атайды, ал екінші оқушы оның қызметін түсіндіреді жалпы 5 батырма көрсетіледі). Осыдан кейін мұғалім оқушылардың батырмаларды, жалпы мәтіндік процессорды жақсы игергендігі туралы айтып, жаңа сабақтың тақырыбын жариялайды.

ІV. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою (оқушылар өздері сабаққа мақсат қояды) Содан кейін оқушылардың ойын толықтырып өтемін!!!!
V. Жаңа сабақ (презентациямен көрсетіледі)
Мұғалім сөзі: Сендер бұған дейін мәтіндермен жұмыс істедіңдер және мәтінді қалай теруді, оның қателерін қалай түзетуді, қаріптерді (шрифт) қалай баптауды және т. б. білесіңдер. Бұл сабақта біз MS Word - тың тұтынушыға беретін қосымша мүмкіндіктерін қарастырамыз.
1 Слайд. 37 сурет. Символды кірістіру ол үшін Вставка --- символдарды ашамыз!!!
Құжатқа пернетақтада жоқ түрлі символдарды мысалы, математикалық √, ≤, α, ± немесе ақша таңбаларын: $, €, £ және тағы басқа көптеген символдарды кірістіруге болады. Ол әдеттегі мәтіндерді сирек кездесетін, бірақ арнайы мазмұнды құжаттармен жұмыс істегенде қолданылатын пайдалы, ерекше таңбалар. Символдық әріптің құрамына әріптер мен сандардың орнына, әдеттегі қаріптердегідей арнайы символдардың бейнелері кіреді.
Мысалы, Symbol қарпінің құрамына математикалық символдар, сілтемелер, грек әліпбиінің әріптері кіреді.
Webdings қаріптерінде телефондардың, машиналардың кескіндері бейнеленген кішкентай картинкалар бар. Символды таңдағаннан кейін вставка (кірістіру) батырмасын басамыз.
2 Слайд. 38 сурет Қаріпті өзгерту
Қаріпті (шрифт) өзгерту үшін жолақтың Басты (Главная)— Қаріп (Шрифт) бұйрықтарын пайдаланамыз.
3 Слайд 11 бұйрықпен таныстырып өтемін.
4 Слайд Қаріп тіркеме парағы. Сұхбаттық терезені шақыру бұйрығы сонымен қатар жанама мәзірде де орналасқан. Бұл тіркеме парақта мына бұйрықтарды орындауға болады: қаріптің гарнитурасын, мөлшерін, сырт пішімін, қаріптің түсін, мәтінді сызып тастау.
5 Слайд 40 сурет Интервал тіркеме парағы
Қаріптер арасындағы интервалды ұлғайтуға немесе кішірейтуге мүмкіндік береді. Қаріптер арасындағы арақашықтықты үлкейту үшін сиректетілген интервалды қолданады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар

Қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар

Пішімдеу сызғышын экраннан алып тастауға және қайта қоюға болады. Пішімдеу сызғышын экранда көрсетуге Түр => Көрсету немесе => жасыру => Сызғыш...
Мәтінді пішімдеу

Мәтінді пішімдеу

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға құжаттың құрылымы, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжатты құруға, дұрыс сақтауға үйрету; Тәрбиелік:...
MS Word. Қайталау

MS Word. Қайталау

Сарқан гуманитарлық колледжі Информатика пәнінің оқытушысы Дүкейхан Нұрболат...
Мәтіндік құжатты пішімдеу. Мәтін абзацын пішімдеу

Мәтіндік құжатты пішімдеу. Мәтін абзацын пішімдеу

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылы Т. Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Мыңжасарова Светлана...
WordPad мәтіндік редакторына кіріспе

WordPad мәтіндік редакторына кіріспе

Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторына кіріспе Сабақтың мақсаты:  Білімділік: Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.WordPad...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×