Сайтқа кіру Тіркелу

Ең үздік информатик

Фурманов орта мектебі
Дайындаған: Естайлакова А. А.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар және оқушылар!
«Ең үздік информатик» интеллектуалды ойынымызға қош келдіңіздер!
Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілейік.
Бұл сайыстың мақсаты:
Оқушылардың алған білімдерін нығайту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, топпен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру.
Ойын шарты: «Ең үздік информатик» сайысына 12 оқушы қатысады және олар екі топқа бөлінеді, 8 сайыстан тұрады.
1 - сайыс. Таныстыру. Командалар өз атын, ұранын және 5 минут ішінде жасаған эмблемаларын таныстырады.
2 - сайыс. «Капитандар жарысы».
Капитандар мәтіннің шифрларын шешіп, кодтау тәсілін түсіндіру керек.
1. Пүкін мектепке партым.
2. Коляманлядаля
3. Акитамрофни.
Жауабы:
1. Бүгін мектепке бардым
2. Команда
3. Информатика.
3 - сайыс. «Кім жылдам?». Берілген торкөздердегі әріптерден көрсетілген сөзжұмбақта жасырылған сөздерді табар екен?

М Т П Л О Т Т Н О М
И Ы П Р Р Т Е И Д Е
К Ш Н И Е Е Р О М М
Р Қ А Н Т Р Н Н И Т
О Н Т С Ө З Е Т Р О
П А И Б А Й Т Т Е З
Р М В П И К М Е Р Е
О Ә И А Р С О Ұ А Ф
Ц Т Р И Х Е Д Я Й Л
Е І У В Ж Л И Я И Ц
С Н С Д А Ь Ф И К А
С О Р А Б О Н Е Н Т
Жауабы: Жасырылған сөздер: Микропроцессор, тышқан, мәтін, плоттер, принтер, сөз, байт, пиксель, архив, жад, абонент, модификация, ұя, файл, терезе, монитор, модем, интернет, байт, антивирус.
4 - сайыс. «Кім білімді?». Сұрақтарға жауап беру.
Сұрақтар Жауаптар
1. Ақпаратты ұзақ сақтауға арналған құрылғы.
2. Ақпарат енгізуге арналған негізгі құрылғы.
3. Бас әріппен жазу батырмасы.
4. Ақпараттық процесстерді жүзеге асыратын құрал.
5. ЭЕМ-нің ең аз конфигурациясы.
6. Ақпаратты қағазға шығаратын басты құрылғы.
7. Бүтін тип.
8. ДК қайта жүктеу пернелер комбинациясы.
9. Дискета қандай жадыға жатады?
10. Программаның негізгі бөлігі қалай? 1. Дискета
2. Пернетақта
3. Caps Lock
4. Компьютер
5. Жүйелік блок, пернетақта, монитор.
6. Принтер.
7. Integer
8. Ctrl+alt+del
9. Сыртқы жады
10. Операторлық бөлім.

5 - сайыс. «Орындайық». Суретті қолыңды алмай сал.
«Компьютер»тобына « Информатика» тобына

6 - сайыс. «Кім шапшаң».
«Компьютер» тобына. Егер үш тор көздегі суреттерді бір тор көзге қабаттастырып қойсақ неше тор көз бос қалады?

«Информатика» тобына. Егер жоғарыдағы үш тор көзді бір тор көзге қабаттастырып қойсақ төмендегі тор көздің қайсысы шығады?

7 - сайыс. «Кім көп біледі?». Сұрақтар:
1. Cups Lock пернесі қандай пернелер тобына жатады?
Жауабы: /Регистр ауыстыру пернесі/.
2. «Адам қайраткерлігінің бұл саласы компьютер көмегімен ақпаратты өңдеу үрдісімен байланысты» деген анықтама қандай ұғымға жатады?
Жауабы: /Информатика/
3. Көбейту кестесінде ақпарат қандай түрде берілген?
Жауабы: /Сандық/
4. Сіз кітап оқығанда қандай процесс жүреді?
Жауабы: /Беру/
5. Қандай құрылғы компьютердің миы деп аталады?
Жауабы: /Процессор/
6. Компьютердің қандай құрылғысы ақпарат сақтау үшін қолданылады?
Жауабы: /Жад/
7. Мәтіндік ақпаратты өңдеуге арналған бағдарлама мәтіндік......
Жауабы: /Редактор/
8. 1бит неше байт?
Жауабы: /1 бит=1/8 байт/
9. Микросхемаларды біріктіретін, металл өрімдері бар пластина қалай аталады?
Жауабы: /Тақша/
10. Сыртқы құрылғыларды басқаратын арнайы бағдарлама?
Жауабы: /Драйвер/
8 - сайыс. «Тест» тапсырмасы.
1. Компьютер – бұл...
а) сандық ақпаратты автоматтық өңдеуге арналған құрылғы;
б) ақпаратты сақтауға арналған құрылғы;
с) ақпаратты іздестіруге, жинауға, сақтауға, түрлендіруге және пайдалануға арналған құрылғы;*
2...... мультимедиялық компьютер деп аталады.
а) интернет желісінде жұмыс істеуге қабілетті;
б) мультфильмдерді көрсетуге қабілетті;
с) сандармен, мәтіндермен, графиктермен, дыбыс және бейнемен жұмыс істеуге қабілетті;*
3. Компьютердің жұмыс істеуі үшін, ең аз қажетті құрылғылар жинағына... жатады:
а) басып шығарғыш, жүйелік қорап, пернетақта;
б) жүйелік қорап, монитор, пернетақта;*
с) процессор, тінтуір, монитор;
4. Жүйелік қорап – бұл...
а) компьютердің негізгі қызметтік элементтері тұратын қорап;*
б) мәтіндік және сызбалық ақпаратты сақтауға арналған құрылғы;
с) аналық тақшасы мен дыбыстық, желілік карталары бар қорап;
5. Монитор (дисплей)... үшін арналған:
а) компьютерде жұмыс істеу кезінде жиі пайдаланылатын ақпаратты ұдайы сақтау;
б) шеткері құрылғыларды кең арнаға қосу;
с) мәтіндік және сызбалық ақпаратты бейнелеу;*
6. Сызбалық ақпаратты шығару құрылғыларына... жатады:
а) мәтіналғы; б) басып шығарғыш;* с) пернетақта;
7. Ақпаратты енгізу құрылғыларына... жатады:
а) дисплей, пернетақта, тышқан;
б) басып шығарғыш, дисплей, модем;
с) мәтіналғы, пернетақта, тышқан;*
8. Мәтіналғы – бұл...
а) қатты тасымалдаушыға, әдетте қағазға, басып шығару құрылғысы;
б) мәтіндік және сызбалық ақпаратты бейнелеуге арналған құрылғы;
с) мәтіндік және сызбалық ақпараттың сандық көшірмесін әзірлейтін құрылғы;*
9. Ақпаратты экранға шығаруға арналған құрылғы – бұл...
а) мәтіналғы; б) басып шығарғыш; с) монитор;*
10. Кернеудің бірден төмендеуі және электр қатының ажыратылуы... компьютерді қорғауды қамтамасыз етеді:
а) аналық тақша;
б) қоректену қорабы;
с) ұдайы қоректендіру көзі (UPS);*.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×