Құрметті ұстаздар, оқушылар! Мектебімізде өтіп жатқан информатика пәнінің апталығына қош келдіңіздер! Міне, бүгін сіздердің алдарыңызда 8 - 11 сынып оқушылары арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты сайыста білімдерін сынамақ. Әр сыныптан 4 оқушыдан қатысады. Бұл сайыс жеті кезеңнен тұрады.
Мақсаты: алған білімдерін пысықтау, қорытындылау. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, сұрақтарға тез жауап беруін қалыптастыру.
Кезеңдері:
І. «Таныстыру»
ІІ. «Бәйге»
ІІІ. «Үй тапсырмасы»
ІҮ. «Полиглот»
Ү. «Ғажайып жетілік»
ҮІ. «Көкпар»
ҮІІ. «Жорға»
І кезең. «Таныстыру». Шарты: әр топ капитаны өз эмблемаларын қорғайды, ұрандарын айтады.
Мынау ұшқыр заманда
Жаңалық енді ғаламға.
Компьютер тілін меңгеру
Қажеті туда адамға.
ІІ кезең. «Бәйге»
Шарты: 1. Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ мектеп бағдарламасынан 15 сұрақ беріледі.
2. 5 секунд ішінде қойылған сұрақтың жауабын бұрын қол көтерген оқушы айтады.
3.”Бәйгенің” сұрақтары оқылып болғаннан кейін сайыскерлердің ұпайлары есептелінеді.
1. Жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ
2. Адам мен компьютер арасындағы байланыс
3. Caps Lock пернесінің қызметі?
4. 1 М байтта қанша Кбайт бар?
5. Ақпаратты сақтау, жеткізу, өңдеуді не деп атайды?
6. Қағаздағы кескінді экранға шығаратын құрылғы?
7. Ең ұзын хорда? (диаметр)
8. Көбейтінді қай уақытта нөлге тең болады? (0)
9. Іле Алатауының етегінде орналасқан қала? (Алматы)
10. «Қар ханымы» авторы кім? (Андерсон)
11. Хамелеон мекендейтін жалғыз арал? (Мадагаскар)
12. Қазақтар қандай дала өсімдігінің иісін отанымыздың символы санаған? (жусан)
13. Сақтарды «Азиялық скиф»деп атаған кімдер? (гректер)
14. Қан тоқтататын элемент? (йод)
15. Қазақтың тұңғыш профессоры? (С. Асфендияров)
ІІІ кезең. «Үй тапсырмасы».
Шарты: «ХХІ ғасыр – техника ғасыры» тақырыбында слайд дайындау.
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді жас талантқа.
ІҮ кезең. «Полиглот»
Шарты: Мұнда сөздер берілген орыс тілінде және пернелер комбинациясымен айту. Толық айтылса, 20 ұпайдан есептелінеді.
1. Терезені жабу (файл - шығу, файл - выход, Alt+f4)
2. Көшіру командасы (Түзету - көшіру, правка - копировать, Ctrl+C)
3. Қиып алу (Түзету - қиып алу, правка - вырезать, Ctrl+x)
4. Сақтау (Файл - сақтау, файл - сохранить, Shift+F12)
5. Болдырмау командасы (Түзету - болдырмау, правка - отменить, Alt+Backspace)
6. Құжатты ашу (Файл - ашу, файл - открыть, Ctrl+O)
Мәңгі бақи есте қалар
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын.
Ү кезең. «Ғажайып жетілік».
Шарты: Әр пәннен сұрақтар берілген. Ұяшықты таңдау арқылы сұрақ тыңдалады, жауап берілмесе, сол ұпай саны азайтылады.
Информатика процессор
1. Алгоритм деген не? (берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру.)
2. Никлаус Вирттің еңбегі туралы мәлімет бер.(1968 - 1971 жылдары швейцариялық ғалым Паскаль тілін оқып - үйренуге қолайлы тіл деп ұсынған)
3. Программа деген не? (программа деп белгілі бір нәтиже алу үшін түсінікті операциялар тізбегін айтамыз)
4. Алгоритмді ұсынудың түрлерін ата. (табиғи тілде, алгоритмдік тілде, графикалық жолмен, программалау тілінде)
5. Оператор деген не? Оператордың түрлерін ата. (Оператор дегеніміз – алгоритмді жүзеге асыру барысында орындалатын іс - әрекеттерді анықтайтын тілдің қарапайым сөйлемі). Меншіктеу, енгізу - шығару, басқару, функция мен процедураларды анықтау, графикалық операторлар.
Қазақ тілі сканер
1. - Үстеудің неше түрі бар? (7)
2. - Табыс септігіндегі толықтауыш қандай толықтауыш болып табылады? (тура толықтауыш)
3. - Орфография қай елдің сөзі? (грек)
4. Атқаратын қызметі мен сұрақтары бірдей мүшелер? (бірыңғай мүшелер)
5. Белгілі бір аймақта қолданылатын сөз? (диалект)
Қазақ әдебиеті принтер
1. Шөжеде қандай мін болды? (соқыр, бір атасы қырғыз)
2. Алпамыс батыр жырындағы Гүлбаршынды зорлықпен алмақ болған батыр? (Қараман)
3. Қазақ әдебиетіндегі алғашқы роман? (М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамал»)
4. Жәңгір ханның немересі, әдебиет өкілі (Ш. Бөкеев)
5. "Сыр сандық" өлеңінің авторы. (С. Сейфуллин)
Математика пернетақта
1. 30 градусқа қарсы жатқан катет неге тең? (гипотенузаның жартысына тең)
2. Дискриминанттың формуласы қандай? (D=b2 - 4ac )
3. У=Х2функциясының графигі қалай аталады? (парабола)
4. Сағаттың 60/1 бөлігі? (минут)
5. 2 қатынастың теңдігі (пропорция)
Орыс тілі колонка
1. Сколько в русском языке падежей (6)
2. Как называется слово или сочетание слов, называющее лицо, к которому обращена речь? (Обращение)
3. И шоколадка и планета (Марс)
4. Что находится между небом и землей? (союз и)
5. Какие слова употребляются в речи для выражения различных чувств: восторга, удивления, страха (междометие)
Шет тілі тышқан
1. What is the capital of USA? (Washibgton)
АҚШ - тың астанасы? (Вашингтон)
2. What color іs the flag of KZ (blue)
Қазақстанның туының түсі? (көк)
3. How many states of USA? (50)
АҚШ - та неше штат бар? 50
4. What is the English for «Тәуелсіз» (independence)
Тәуелсіз сөзінің ағылшынша аудармасы қалай?
5. What is the Kazakh for «school»? (мектеп)
«school» сөзінің қазақша аудармасы?
Тарих монитор
1. 1822 жылы қабылданған Сібір қазақтарының жарғысының авторы (Сперанский)
2. Қожа Ахмет Иассауи кесенесіндегі тай қазан қай қалада соғылған? (Қарнақ)
3. Жеті жарғы заңы бойынша хандық кеңеске кімдер жіберілмеді? (қарусыз келген адам)
4. 14 ғасырда мұсылман дініне кіріп, басына шалма тақпағандарға қатаң жаза қолданған хан? (Тоғылық - Темір)
5. Шыңғыс ханның үлкен ұлына соғылған кесене атауы (Жошы хан)
ҮІ кезең. «Көкпар»
«Компьютердің пайдасы мен зияны» туралы өз ойларын ортаға салу.
Көрермендерге арналған сұрақтар:
1. Қағаз бетінен алады,
Бірден компьютерге салады? (сканер)
2. компьютермен енеді.
Қағазға басып береді? (принтер)
3. төрт бұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек. (монитор)
4. бес атаның балалары
Қыдырмашы біреуі.
Бір күн бар да, бір күн жоқ
Соны есепке алсақ,
Ұзын саны жүз екі (пернетақта)
5. Мәліметті сұраған
Экранға шығарған (монитор)
6. Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың? (тышқан)
7. Тетігін бассаң алаңсыз
Жазады қалам қағазсыз. (компьютер)
8. Биологияда бұл паразит
Көзге зорға көрінер
Информатикада өлшем бірлік
Ақпараттарды өлшер (бит)
9. Олар компьютердің қосымша бөліктері. Олар ағалы - інілі. Олар сыбырлап та, айқайлап та сөйлейді (колонкалар)
10. Экранның бетінде оның тұрағы
Қашан болсын жыпылықтап тұрады (курсор)
11. Бұтақ орнында мың бір инесі
Компьютер жаны мекені (кактус)
12. Басы С - дан басталады
Ішінде бәрі сақталады (себет)
ҮІІ кезең. «Жорға»
Әр топ басшыларына сұрақтар қойылады.
8 - сынып капитаны:
1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)
2. Өшірілген файл қай папкада сақталады? (корзина, себет)
3. Сандық және мәтіндік ақпараттарды немесе түрлі командаларды енгізуге болатын құрылғы? (пернетақта, клавиатура)
4. Кестені қалай құрамыз? (Вставка - таблица)
5. Енгізу құрылғысы (пернетақта, клавиатура)
6. Ең ерте заманғы есептеу құрылғысы (есепшот)
7. Графиктік редактор бұл -(пайнт)
8. Бас әріптерді теру пернесі CapsLock
9.«Информация» сөзінің мағынасын түсіндір. (латын тілінен аударғанда, баяндау, мәлімет дегенді білдіреді)
10. Процессор дегеніміз не?(компьютердің миы)
9 - сынып капитаны:
1. Сегіз биттен тұратын өлшем бірлік (байт)
2. Компьютердің негізгі бөліктері (жүйелік блок, пернетақта, монитор)
3. Word - қа суретті қалай кірістіреміз (вставка - рисунок)
4. Баспаға шығару құрылғысы (принтер)
5. ЭЕМ - нің даму буыны нешеу? (4)
6. Ұзын перне (пробел)
7. Мәтіндік редактор бұл - (WordPad)
8. Дискжетек қай құрылғыда орналасқан? (жүйелік қорапта)
9. Функционалдық пернелер (F1 - F12)
10. Компьютердің қосымша құрылғыларын ата. (принтер, сканер, колонка, микрофон, камера)
10 - сынып капитаны:
1. Интернет туралы не білесің? (дүниежүзілік желі)
2. Суретті жылжытқанда соңында із қалдыратын перне? (пробел)
3. Адам мен компьютер арасындағы қарым - қатынас? (интерфейс)
4. Интернетке қосылу құрылғысы? (модем)
5. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (сканер)
6. Жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ? (терезе)
7. Компьютерге мәтін енгізу құрылғысы? (пернетақта)
8. Ақпаратты ұзақ сақтауға арналған жад? (ішкі жад)
9. 1 МБайтта неше Кбайт бар? (1024)
10. Процессордың өте жылдам істейтін шағын көлемді жады қалай аталады? (кэш - жады)
11 - сынып капитаны:
1. Монитор қандай құрылғы? (бейнені экранға шығаратын құрылғы)
2. ІР қандай хаттама? (мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген шағын тақырыптары бар бірнеше бөліктерге немесе дестелерге бөлетін желі аралық хаттама)
3. Ақпараттық сервер деген не? (қалың көпшілікке арналған, әрбір тұтынушы пайдалана алатын көптеген ақпараттар түрлері жинақталған арнаулы компьютер)
4. Ақпаратты сақтау деген не? (желіге қосылған тұтынушыларға қызмет етуге арналған сервердің ішкі функциясы.)
5. Электрондық поштаны қолдану кезінде одан зиян шегуге бола ма? (Иә болады. Соңыңызға түскендей, тәсілмен мәлімет ұсынудан, мағынасыз үстіне - үсті қайталанып келе беретін хабарламалардан, нақты адрестерден деп келген өтірік мәліметтерден қашық болған дұрыс, желі арқылы осындай жайсыз мәліметтермен вирустар ілесіп келуі мүмкін)
6. URL ұғымы нені білдіреді? (Uniform Resource Locator деген сөзден шыққан, яғни «ресурстардың әмбебап атауы» деген ұғымды білдіреді.)
7. E - mail - электрондық поштасы қандай қызмет атқарады?(Желі тұтынушылары арасында мәлімет алмасу ісін жүзеге асыратын қызмет жүйесі)
8. Желі торабы деген не? (бірдей хаттамаларды пайдаланатын желілерді байланыстыратын компьютер)
9. Браузер деген не? (гипермәтінді көру программасы)
10. Интернетте қызмет көрсету провайдерінің қызметі? (интернетте қарапайым тұтынушылардың тікелей қатынас құруын жүзеге асыратын заңды тұлға)
Айналайын алға ұмтылған дарындар!
Айналайын жеңіс құшқан қырандар,
Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,
Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.
Бүгінгі көріп тамашалаған «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты ойын өз мәресіне жетті. Зейін қойып, тыңдағандарыңызға рахмет! Келесі кездескенше сау болыңыздар!
ХХІ ғасыр көшбасшысы информатика апталығында
- Rimma_M
- 20 қаңтар 2016
- 6529
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ХХІ ғасыр көшбасшысы информатика апталығында
Ұқсас жаңалықтар:
Ең үздік информатик
Бұл сайыстың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін нығайту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, топпен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру. Ойын...Информатика алғырлары
Жалпы мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары мен ынтасын арттыру, теориялық, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымдық жұмыс жасауын...Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері. Сабақтың мақсаты: Білімділік: компьютердің құрамына кіретін...Алғыр достар
Тақырыбы: «Алғыр достар» сайысы..."Ақылдылар мен алғырлар" сайыс
ШҚО, Аягөз ауданы "Горный ЖББОМ" КММ математика - информатика пәні мұғалімі Жагипарова Арай Бакытовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.