Сайтқа кіру Тіркелу

Мұрағатты әзірлеу

Пәні: Есептеу комплексінің операциялық жүйесі
Сабақтың тақырыбы: Мұрағатты әзірлеу

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды мұрағаттау жолдарымен таныстыру. Мұрағаттау бағдарламаларының атқаратын қызметін, пайдасы мен тиімділігін түсіндіру, ұғындыру.
Тәрбиелік: Жаңа технологияны күнделікті өмірде пайдалана білуге баулу. Оқушыларды сауаттылыққа, мақсаттылыққа, зеректікке, еңбекқорлыққа, тиянақтылыққа, өз беттерінше жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, танымдық қабілетін дамыту, білімге көзқарастарын қалыптастыру. Сана - сезімін дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, өзіндік жұмыс, топпен жұмыс, ой қозғау.
Көрнекі құралдар: Компьютер, компьютерлік шаблондар, тест тапсырмалары, оқулық, бүктеме, плакат.
Пәнаралық байланыс: Информатика, Қазақ тілі, Ағылшын тілі, Тарих.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа қатысуын, құрал - жабдықтарын тексеріп, зейіндерін, назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
«Үш деңгейлі үй тапсырмасы» әдісі бойынша:
1 - деңгей. Қажетті деңгей бойынша оқушылар ауызша сабақ айтады.
2 - деңгей. Шығармашылық тапсырма бойынша «Биіктету» әдісі
МҰРАҒАТ
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
3 - деңгей. Жаттығу деңгейі бойынша «Салыстыру» әдісі
ІҮ. Жаңа сабақ
Оқушылар мұны жақсы ұғайық,
Информатика құрметтеуге лайық - деп бүгінгі жаңа сабағымызды бастайық.
Жоспары:
а) Мұрағаттық файлдың типтері
ә) Мұрағатты әзірлеу
Кей кездері, тұрғылықты дискіде немесе ауыстырылатын тасымалдаушыда бос орын аз болғанда, немесе электронды поштамен жөнелту кезінде орынды үнемдеу қажеттілігі туындайды. Жадыны үнемдеу және қысылған мәліметтерді бір мұрағаттық файлда орналастыру мақсатымен мұрағаттау қолданылады.
Мұрағаттаудың қажеттілігі құнды ақпарат пен бағдарламалық жасақтаманы зақымданудан және кездейсоқ жойылып кетуден сақтап қалу мақсатымен ақпаратты дискілер мен дискеттерге сақтық көшірумен де байланысты.
Мұрағат – қысылған және бір файлда сақталған файлдар, қалталар және басқа да мәліметтер жиынтығы. Бір мұрағатта бірнеше файл немесе тіпті бірнеше қалта сақтала алады. Бұл дискіде көбірек ақпаратты орналастыруға мүмкіндік береді.
Мұрағаттық файлдар компьютердің файлдық жүйесінде қатаң берілген типке ие болады. Ең жиі кездесетін мұрағаттың типтері: WinRAR, WinZIP.
WinRAR - ең белгілі мұрағаттаушы. Бұл интернетте пайдаланылатын ең танымал мұрағаттаушы.
WinZIP - жақсы сипаттамаларға ие бола отырып, ол біртіндеп басқа мұрағаттық бағдарламаларды ығыстыра бастады.
Мұрағаттық файлды бірнеше тәсілмен жасауға болады. Оларға:
1. Жетектегішті ашып, мұрағатталуы тиіс файлды табамыз.
2. Оны тышқанның оң жақ батырмасымен шертіп, мәтін мәндік мәзірден мұрағатқа үстеу әмірін таңдаймыз.
3. Мұрағаттаушы бағдарламасының мұрағаттың аты және параметрлері деген сұхбат терезесі ашылады, онда жарайды батырмасын шертеміз.
4. Жасалған мұрағаттық файл файлдар тізімінің соңында көрініс табады.
Қажет болса, мұрағаттаушы бағдарлама терезесінде мұрағаттық файлдың қысу параметрлерін, атын және орналасатын жерін өзгертуге болады.
Мұрағаттау барысы мұрағат жасау терезесінде көрініп тұрады. Жоғарғы айғақтауыш жолағы кезекті файлды қысу процесін көрсетеді. Одан төменірек процесс басталғаннан бері өткен уақыт және мұрағатты түгел әзірлеуге жұмсалады деп мөлшерленген уақыт көрсетіледі. Төменгі айғақтауыш жолағы мұрағат жасалуы барысын түгел көрсетіп тұрады. Болдырмау батырмасының көмегімен мұрағат әзірлеу процесін кез - келген уақытта тоқтатуға болады. Әрине, бұндай жағдайда мұрағаттың жасалып қойған бөлігі қолдануға жарамай қалады да, оны жою керек болады.

Ү. Жаңа сабақты бекіту
«Ой қозғау» әдісі бойынша тест сұрақтары және электронды оқулық арқылы тапсырмаларға жауап берейік, осы арқылы бүгінгі сабағымызды қаншалықты меңгергенімізді байқаймыз.

ҮІ. Қорытындылау
1. Оқушылар сұрақтарына жауап беру.
2. Сабақта белсенділік танытқан оқушылар білімін бағалау.
3. Үйге тапсырма 4. 3 - тақырып. 43 бет

ҮІІ. Пайдаланылған әдебиеттер
1. Н. Т. Ермеков, Н. Ф. Стифутина «Информатика 8»
2. Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу - әдістемелік құралы.
3. Д. С. Рахманбердиева «Информатика және ақпараттық технология».
4. «Информатика» методическое руководство.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері. Интернетте ақпаратты іздеу. Элект ...

Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері. Интернетте ақпаратты іздеу. Элект ...

Интернет ұғымымен таныстыру. Интернет желісінде ақпарат іздеу әдістерін үйрету. Оқушылардың ғаламторда сауатты жұмыс істеу дағдысын дамыту....
Тест сұрақтары жауаптарымен информатика

Тест сұрақтары жауаптарымен информатика

1. Ақпарат термині латын тілінің «informatio» сөзінен аударылғанда қандай ұғымды білдіреді? A. баяндау, түсіндіру, мәлімет B. есептеу, мәлімдеу C....
Информатика пәні бойынша 6 - сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспары

Информатика пәні бойынша 6 - сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспары

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу гимназиясы" мемлекеттік мекемесі информатика пәні мұғалімі Улыкпанова Жаркин Есенгалиевна...
Power Point Жан бітірімді баптау

Power Point Жан бітірімді баптау

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы №1 Г. Орджоникидзе атындағы мектеп – гимназия Омарова Айдаргуль Кемелханқызы...
Компьютердің сыртқы жады

Компьютердің сыртқы жады

БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, информатика пәні мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×