Сабақтың тақырыбы: Ұяшықтардағы мәліметтерді түзету
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ұяшықтарға енгізілетін мәлімет түрлерімен және оларды енгізу жолдарын үйрету. Олармен жұмыс жасауды, жұмыс жасау кезінде кеткен қателіктерді түзету жолдарымен таныстыру.
Тәрбиелік: Жауапкершілікке, ұқыптылыққа, сауаттылыққа, өз беттерінше жұмыс жасауға тәрбиелеу. Пәнге деген қызығушылығын бағыт - бағдар бере отырып арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, ойлау зеректігін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, нұсқау беру, ой шақыру, шеберлік пен дағдыны қалыптастыру
Көрнекі құралдары: Компьютер, компьютерлік шаблондар арқылы тапсырмалар, үлестірмелі кеспе қағаздары, бағалау түрлі - түсті қағаздары, оқулық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;
2. Құрал - жабдықтарын тексеру;
3. Зейіндерін, назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үй жұмысы «Жалғасын тап» әдіс - тәсілі арқылы сұралады.
Тәртібі: Тақтаға шыққан оқушы сабақ айтады. Соңынан тақтадағы жазылған бір сөзді алып, сол сөздің қандай қызмет атқаратынына жауап береді.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
«Бағыңды сынап көр» ойыны.
Бұл ойында тапсырмалар бойынша компьютерде орындайды.
ІҮ. Жаңа сабақ
Жоспары:
1. Мәлімет түрлері
2. Ұяшықтардағы мәліметтерді түзету жолдары
Excel - де кестенің кез - келген ұяшықтарын мәліметтердің үш типін енгізуге болады: мәтін, сан және формула. Мәліметтерді ұяшыққа енгізу үшін теңбілторды сол ұяшыққа алып барып, керекті мәліметтерді пернетақтадан теріп, соңынан Entеr пернесін басу немесе бағыттауыш тілсызық пернелерінің бірін бассақ жеткілікті.
Excel енгізілген мәліметтердің формула, сан немесе мәтін екенін оның бірінші таңбасына қарап анықтайды.
Егер бірінші символ - әріп немесе бос орын болса, онда ұяшыққа мәтін енгізіледі деп есептеледі. Егерде бірінші символ цифр немесе «=» болса, онда ол ұяшыққа формула немесе сан енгізілетінін білдіреді.
Осындай мәліметтерді ұяшыққа енгізу кезінде қате кетіп қалуы мүмкін. Ондай жағдайда, оларды түзетуді екі жолмен жүргізуге болады.
1. Ұяшыққа енгізіп жатқанда;
2. Ұяшыққа енгізіп болғаннан соң.
Бірінші әдіс бойынша енгізіп жатқанда, қате жазылған символ бір ғана әріп немесе сан болса, BackSpace пернесінің көмегімен өшіріп, керекті мәліметті қайта теріп, жұмысты жалғастыра береміз. Ал, егер енгізген мәтініміз толығымен қате болатын болса, Esc пернесін басып, ұяшықтағы сөзді толығымен өшіреміз.
Екінші әдіс бойынша ұяшыққа мәліметтерді енгізіп алып, сосын ғана түзететін болсақ, онда қате кеткен ұяшыққа тышқан меңзерін апарып, Ғ2 функционал пернесін шертеміз. Тышқан меңзері сөздің соңына орналасқан кезде, түзету енгіземіз. Немесе формула жолындағы мәліметтер арасына алып барып, оны шерту арқылы да өзгеріс енгізуге болады.
Одан кейін мәліметтерге түзетулер енгізіп, соңынан Entеr пернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернесін басу да жеткілікті.
Ү. Жаңа сабақ бекіту
1. Үлестірмелі кеспе қағаздары арқылы
2. Компьютерлік тапсырмалар арқылы
3. «ББҮ» әдісі арқылы
Білемін Білгім келеді Үйрендім
ҮІ. Қорытындылау
1. Оқушылар сұрақтарына жауап беру
2. Біліміне сай бағалау
3. Үйге тапсырма беру
Толық нұсқасын жүктеу
Ұяшықтағы мәліметтерді түзету
- Salta
- 9 қаңтар 2016
- 2528
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ұяшықтағы мәліметтерді түзету, информатика колледж
Ұқсас жаңалықтар:
Диаграммаларды құру
Оқушылардың MS ЕХСЕL де диаграммаларды құруды және мүмкіндіктерін пайдалануды үйрету. Компьютермен ұқыпты жұмыс жасауға, жан — жақты болуға, өз...Диаграмма мөлшерін, типін өзгерту
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға теориялық білім нәтижелерін тәжірибемен ұштастыру. Диаграммамен жұмыс жасай білуге, оны кез - келген уақытта...MS Word. Қайталау
Сарқан гуманитарлық колледжі Информатика пәнінің оқытушысы Дүкейхан Нұрболат...Формуланы енгізу және көшіру
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылы Т. Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Мыңжасарова Светлана...MS Excel-мен танысу
Астана қаласы, №63 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Байсынова Динара Муратовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.