БҚО облысы, Орал қаласы
№1 Жалпы орта білім беретін мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі
Давлеткалиева Актоты Канаткалиевна
Сабақтың тақырыбы: Раіnt графикалық редакторы. Негізгі түсініктер. Іске қосу.
Қүрал-саймандар тақтасы. Палитра. Сурет салу кезеңдері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды графикалық редакторда жұмыс істеуге үйрету. Графикалық ақпаратты жасау туралы түсінік беру;
Дамытушылық: Оқушыларға жаңа тақырып бойынша практикалық жұмыстар жасату арқылы білімдерін, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Практикум элементтері бар, көрсете – түсіндіру сабақ
Сабақтың әдісі: Практикалық іс — әрекеттерді ұйымдастыру әдісі
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, плакат, асtivote,кубик.
Сабақтың өту барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
- Балалар, информатика ғылымы нені зерттейтін ғылым?
- Ақпаратты беру, өндеу, жинау әдістері мен түрлендіру тәсілдерін зерттейтін ғылым.
«Ақпарат» сөз жұмбақ шешу
1.Аты бар бірқатар байттар тізбегі.
2.Объектілер қоймасы
3.Басты меню
4.Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қағаз-қаламсыз
5.Экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ
6.Батырмасын басасың,
Қажетті файлды ашасың
7.Жойылған объектілерді сақтайтын орын.
“Раіnt” ребусының шешуін табу.
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы «Раіnt графикалық редакторы». Сабағымызда графикалық редактор жөнінде түсінік аламыз және іске қосу, құрал-саймандармен, түс таңдау, сурет салу кезеңдерімен танысамыз.
Компьютер график құруда және графикалық кескіндерді өңдеуде ең қолайлы және қуатты құрал болып табылады. Ең қарапайым графикалық редакторлар сурет салуға, түрлі қылқаламды пайдаланып, суреттерді әр түрлі түске бояуға, суретке мәтін енгізуге мүмкіндік береді. Стандартты кескіндердің, суреттердің және дайын кескіндердің өте үлкен кітапханалары бар, оларды пайдаланып, тіпті сурет салудан хабары жоқ адам да қажетті суретті жылдам салып шығады.
Раіnt сурет салу программасы әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, оны өндеуге мүмкіндік береді. Бұл программаның көмегімен қарапайым суреттен бастап, күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады.
Раіnt графикалық редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.
1. Пуск батырмасын шертіңдер
2. Бас менюден Программы командасын таңдаңдар
3. Ашылған бағыныңқы менюден Стандартные командасын таңдаңдар
4. Келесі бағыныңқы менюден Графический редактор Раіnt -ты таңдаңдар
(оқушылар дәптермен жұмыстанады)
Раіnt графиктік редакорында 16 құрал пайдаланылады. Олардың міндеттерін білу үшін маус нұсқағышын құралдың үстіне орналастыру керек. Сонда ішіне олардың міндеттері көрсетіледі.
Сурет салу процесі мынадай негізгі кезеңдерден тұрады:
1. Құрал таңдап алу керек
2. Сызықтың қалыңдығын, кистъ түрін немесе төртбұрыштың типін тағайындау
3. Кескіннің түсін таңдау
4. Фонның түсін таңдау
5. Сурет салуды бастаймыз
Команданы орындатпау
Егер бір жұмыстарын ойдағыдай болмаса, абыржымаңдар. Соңғы үш әрекетті әрқашан орындамауларына болады, ол үшін Орындатпау (Отменить) командасын пайдалану керек. Правка - Отменить командасын орындау арқылы соңғы үш әрекетті болдырмауға болады.
Команданы қайталау
Егер сендер бір әрекетті қателесіп алып тастасаңдар немесе алдыңғы әрекетті қайталау қажет болса, онда оны Правка - Повторить командасын орындап, алып тастаған әрекеттерді қайталауға болады. Осы әрекетті үш рет қатар жасауға болады.
Суреттерді қалай сақтайды
Paint программасының құжатын бірінші рет сақтап қою үшін Файл — Сохранить как... командасын орындаңдар. Сонда экранда Сохранить как... диалогтың терезесі пайда болады. Имя файла өрісінде файлға ат беріп, Сохранить батырмасын шертіңдер.
Қайта сақтағанда Файл - Сохранить командасын орындаңдар. Сурет алғашқы атымен сол файлда сақталады.
Суретті қалай ашады
Сақталған суретті ашу үшін Файл — Открыть командасын орындау. Экранда диалогтың терезесі ашылады, онда меңзерді қажетті файлдың атына орналастырып, екі рет шертіп ашуға болады.
ІУ.Практикалық кезеңі
1.Графикалық диктант
2.Өзіндік жұмыс (топшамамен жұмыс)
V.Сергіту сәті
1.Ойлан,тап!
2.Мысықтың сұрағы.
VI.Жаңа сабақты бекіту
Тест жұмысы (асtivote -пен жұмыс)
VII.Қорытынды (СТО технологиясының "Кубизм" стратегиясын пайдалану)
1.Үйге тапсырма
2.Оқушыларды бағалау.
Раіnt графикалық редакторы
- Тоты
- 10 сәуір 2012
- 5322
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Раіnt, графикалық, жұмыс, командасын, информатика
Ұқсас жаңалықтар:
Қарапайым графикалық редакторы. Графикалық редактордың сурет салу кезеңдері ...
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға графикалық ақпаратты жасау туралы түсінік беру, графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету; 2. Оқушылардың пәнге...«PAINT графикалық редакторы» 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: «PAINT графикалық редакторы» Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды графикалық редактор командаларымен, құралдарымен,...Paint графикалық редакторының құралдары
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Қазан орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Мадиева Назира Кайдарқызы...Paint графикалық редакторы
№2 мектеп - гимназия Кулмурзина Замзагул Жораевна Сабақтың тақырыбы: «PAINT графикалық редакторы» Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды...Paint графикалық редакторының құралдары
Жамбыл обл. Жуалы ауданы. Б. Момышұлы ауылы №1 Г. Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназияның информатика пәні мұғалімі Андабекова Құралай Елепбайқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.