Сайтқа кіру Тіркелу

Антивирустар

Сабақтың тақырыбы; Антивирустар
Сабақтың мақсаты;
 Білімділік: Оқушыларды “Антивирус” ұғымымен, негізгі қызметімен таныстырып, жұмыс істеу ережесін меңгерту.
 Дамытушылық: Компьютерлік вирустар туралы түсінік бере отырып, ой - өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
 Тәрбиелік: Оқушыларды жан - жақты болуға, компьютерлік сауаттылыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу.
Армысыздар оқушылар! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы “Антивирустар деп аталады. Өмірдегі сияқты “компьютер әлемінде” де көп кедергілер кездеседі. Сабақ барысында компьютерлік вирустар жайлы мәлімет аламыз. Ал антивирустар арқылы компьютер әлемін вирустардан қалай қорғайтындығы туралы өтеміз. Сіздерге сәттілік тілей отырып сабағымызды бастайық. Іске сәт!
Сабағымызды бастамас бұрын компьютерлік вирустардың анықтамасына тоқталайық.
Компьютерлік вирус – арнайы жазылған шағын көлемді программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды “бүлдіруге” кіріседі, сондай - ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа “зақымдалған” немесе “бүлінген” деп аталады.
Вирустардың пайда болу белгілері:
Программа дұрыс жұмыс істемейді немесе жұмысын тоқтатады.
Экранда бөгде символдар, хабарламалар шығады.
Компьютер баяу жұмыс істейді.
Кейбір файлдардың бұзылуы.
Компьютер жұмысындағы жиі тұрып қалулар және жаңылысулар.
Мекендеу ортасына қарай:
Жұмыс логикасы және мақсатына қарай:
Мақсатына қарай: Бейсауат, Шантаж жасаушы, Насихатшы, Мағынасыз
Осы вирустардан қорғауға арналған арнайы бағытты программаларға антивирустық программалар жатады.
Антивирустық программалар вирустарды табуға және жоюға арналған. Вирустарды байқайтын және жоятын программалар антивирустық программалар деп аталады.
Антивирус – бұл компьютерді емдейтін дәрігер.
Компьютерлік вирус - өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программалар, ол компьютер жадысында сақталатын программалар мен файлдарды құртуы, жоюы және компьютерді істен шығаруы мүмкін.

Вирустар қайдан пайда болды?
Оларды білікті қаскөй мамандар басқа бәсекелес фирмаларға зиян келтіру үшін қызғаныш, зиянкестік, мансапқұмарлық оймен немесе антивирустық программаларды сатудан ақша табу үшін жазады.
Детектор - Программалар - тек бұрыннан белгілі вирус түрлерінен ғана қорғай алады, жаңа вирусқа олар дәрменсіз болып келеді.
Доктор - Программалар - немесе “фагтар” вирус жұққан программалармен дискілерді “вирус” әсерін алып тастау, яғни “жұлып алу” арқылы емдеп – оларды бастапқы қалпына келтіреді.
Ревизор - Программалар - да алдымен программалар мен дискінің жүйелік аймағы туралы мәліметтерді есіне сақтап, содан соң оны кейінгісімен салыстыра отырып сәйкессіздікті анықтаса, оны дереу программа иесіне хабарлайды.
Сүзгі - Программалар - компьютердің оперативтік(жедел) жадында тұрақты (резиденттік) орналасады да, вирустардың зиянда әрекетіне әкелетін операцияны ұстап алып, бұл туралы жұмыс істеп отырған адамға дер кезінде хабарлап отырады. Одан әрі шешім қабылдау әркімнің өзіне байланысты болады.
Ревизорлар – Олардың міндеті программалардың. Каталогтардың компьютер вирус жұқтырмай тұрғандағы алғашқы күйін есте сақтау, содан кейін әлсін - әлсін оның ағымдағы күйін алғашқымен салыстырып отыру. Д. Мостов дайындаған прогамма - ревизор ADif жақсы танымал.
Полифагтар. Олардың қызметі - вирустарды табу ғана емес, оның кодын жұқпалы (ауру жұққан) программадан жою. Өте қуатты полиграф - сканер И. Данилов құрған Dr. Web (Doctor Web) болып табылады. Ол вирустарды жақса айырып таниды, бірақ оның базасында вирусқа қарсы күресетін құралдар басқа вирусқа қарсы программаларға қарағанда анағұрлым аз. Жалпыға әйгілі полифаг Е. Касперский зертханасы құрған Kaspersky Anti - Virus программасы вирусқа қарсы бірден - бір сенімді программа ретінде бүкіл әлемге әйгілі
Жаңа сабақты түсінгенін тексеру
1. Вирустардан қорғайтын программа.
2. Вирустарды тауып қана қоймай, оның кодын жұқпалы программадан жоятын программа?
3. Программаларды зақымдайтын шағын программа.
4. Программалық құралдар кешеніндегі қателіктерді пайдаланатын вирустар
5. Компьютердің жедел жадында орналасқан, вирусқа қарсы программа?
1 в
2 и
3 р
4 у
5 с
Сабақты бекіту; Тест тапсырмаларын шешу.
1. Өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программалар?
• Компьютерлік вирустар
• Компьютерлік бомбалар
• Программалық вирустар
2. Ішінде вирус табылған программа?
• Емделетін
• Көрінбейтін
• Бүлінген
3. Мекендеу ортасына қарай вирустарды нешеге бөлуге болады?
• 5. 3. 2
4. Операциялық жүйе жүктелгенде жұқпалы тасушыдан жұғатын вирус?
• Файлдық Жүктейтін Макровирустар
5. Макровирустар....
• Жұғу құжат файлын ашқанда орындалады
• Операциялық жүйені жүктегенде жұғады
• Вирустық кода программа жүктелгенде жіберіледі
6. Жұмыс логикасына және мақсатына қарай?
• Логикалық бомбалар, құрттар, троян аттары, ұстауыш вирустар
• Бейсауат, насихатшы, мағынасыз, шантаж жасаушы
• Жүктейтін, макровирустар
7. Қазіргі кезде шамамен неше вирус түрлері бар?
• 15 000 10 000 25 000
8. Мақсатына қарай вирустар:
• Логикалық бомбалар, құрттар, троян аттары, ұстауыш вирустар
• Бейсауат, насихатшы, мағынасыз, шантаж жасаушы
• Жүктейтін, макровирустар
9. Қарапайым қолданбалы программаларға еніп алып, соларға рұқсат етілмеген әрекеттерді орындайды.
• Троян аттары Құрттар Логикалық бомбалар
10. Программалық құралдар кешеніндегі қателіктер мен дәлсіздіктерді пайдаланатын вирустар?
• Троян аттары Ұстауыш - вирустар Логикалық бомбалар
Қорытынды.
Үйге тапсырма: Антивирустар
Осымен “Антивирустар” туралы сабағымыз аяқталды.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ақпаратты сығу. Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар

Ақпаратты сығу. Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар

Чарлз Бэббидж машинасында вирус болған жоқ. 1970 ж. алғаш Univax 1108, IBM – 36/370 компьютерлерінде “the rabbit” (кролик) вирусы құрылғыларға жұғып,...
Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар

Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар

Техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға, берілген тапсырманы уақытында орындауға, жылдамдыққа, шыдамдылыққа, әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу....
Вирусқа қарсы программалар. Ақпаратты қорғау 6 сынып

Вирусқа қарсы программалар. Ақпаратты қорғау 6 сынып

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың «компьютерлік вирус» түсінігі туралы, вирустың пайда болудың негізгі белгілері, вирусқа қарсы...
Компьютерлік вирустардан қорғау

Компьютерлік вирустардан қорғау

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Мақаншы ауылы, «Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақша» КММ. Жоғарғы санатты информатика пәні мұғалімі Бекишева...
Компьютерлік вирустар

Компьютерлік вирустар

БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ информатика пәні мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×