Сайтқа кіру Тіркелу

Информатика алғырлары

Сыныптан тыс жұмыс
Сыныбы: 5 - 10
Кештің тақырыбы Информатика алғырлары
Сілтеме жоспар
Жалпы мақсаты Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары мен ынтасын арттыру, теориялық, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымдық жұмыс жасауын және өз ойын еркін жеткізе білу, өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру. Шыдамдылыққа, әділдікке, намысқойлылыққа жетелеу.
Күтілетін нәтиже Қарсыласын бағалай білетін болады, информатика пәніне қызығушылығы, ынтасы артады
Негізгі идеялар Интернет – ағылшынның Inter - халықаралық, net - желі деген сөздерінен шыққан. Интернет қызметіне интернет пошта, телеконференциялар, WWW қызметі, гипермәтіндік сілтемелер, Web - парақтардың адрестері, Web - дегі ақпараттарды оқу.
Тапсырмалар
Топтық жұмыс (Дишифратор)
Топтық жұмыс (Ақпараттар ағыны)
Жұптық жұмыс (Байқағышыңызды байқат)
Ұжымдық жұмыс (Полиглот)
Топтық жұмыс (Сөздік домино)
Көрермендермен жұмыс (Жанкүйерлерге сұрақ)
І. Ұйымдастыру (1 минут)
1. Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «Информатика алғырлары» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Алдымен ойынға қатысушы талантты да дарынды оқушыларымызға қошемет көрсетіп, таныстырып өтейін. Әр сыныптан бір оқушыдан қатысады.
2. Топқа бөлу, топ көшбасшысын сайлау («А» және «Б» кластары 2 топ болып топтасады / топ көшбасшысы сурет таңдау арқылы топ атын табады, І топ – Интернет тобы, ІІ топ – Компьютер тобы, 2 минут)
Жарайсыздар, рахмет! Бәріміздің тобымыз үшін жанымыз бір болсын! Ендеше сайысымызды бастайық!
ІІ. Топтық жұмыс «Дешифратор» (3 минут)
Шарты: Әр топтың алдына сұрақтар жазылған парақ таратылады, жауабын 1 минутта жазып, көшбасшысы тақтадағы слайд арқылы сұрақтарды оқығанда, тобы “иә” не “жоқ” деп жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай. Әр топтың көшбасшысы өз бағалау парағына екі топтың да ұпайларын жазып отырады.
Бағалау парағы
Тапсырмалар атауы І топ ІІ топ
Дишифратор
Байқағышыңызды байқат
Полиглот
Сөздік домино
Жанкүйерлер жауабы
1 топ.
1. «Ақпарат» сөзі латын тілінен аударғанда түсіндіру, баяндау, мәлімет дегенді білдіреді. (ия)
2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)
3. Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ)
4. Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ - та пайда болды.(ия)
5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)
6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.(ия)
7. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)
8. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
9. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 80 перне болады. (жоқ)
10. Delete алдыңғы символды өшіру пернесі (жоқ)
2 топ.
1. «Информатика» пәні ЭЕМ - нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. (ия)
2. 1 Килобайт 1000 байтқа тең. (жоқ)
3. Дисплей компьютер экранына ақпаратты шығарушы құрылғы (ия)
4. Сканер ақпаратты шығару құрылғысы. (жоқ)
5. Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. (ия)
6. ЭЕМ - нің дамуының ІІІ буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (жоқ)
7. Бит, байт ақпараттың өлшем бірліктері. (ия)
8. Пернетақта ДК - дің сыртқы құрылғыларына жатады. (жоқ)
9. Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия)
10. 1846 жылы Бэббидж машинасына программа жазған Ада Лавлейс. (ия)
ІІІ. Топтық жұмыс «Ақпараттар ағыны» (17 минут)
І топ – Интернет туралы, ІІ топ – Компьютер туралы компьютерге слайд жасап, оның пайдасы мен зияны туралы да жазып, қорғау.
Тақырыпты топта талқылап, компьютерге түсіру. (10 минут)
Слайд қорғалады. Әр топқа 2 минуттан (4 минут)
Қарама - қарсы топтар бір - бірін «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы формативті бағалайды. (3 минут)
2 топ жұмыс жасап жатқанда, апталық барысындағы үздік жұмыстар көрсетіледі.
7 а сынып оқушысы – Шымбергенова Аяжан «Біздің сынып» шығармасы
8 а сынып оқушысы – Дөңесова Арайлым «Ұстаз – киелі ұғым» шығармасы
9 б сынып оқушысы – Еркінов Нүркен «Сүйкімді күшік» жарнамасы
7 а сынып оқушысы – Шымбергенова Аяжан «Компьютер» көрнекілігі
8 б сынып оқушысы – Кеңесұлы Әли «Компьютер» макеті
5 б сынып оқушысы – Жұмабайқызы Ақжан «Бастау» көрнекілігі
ІV. Жұптық жұмыс «Байқағышыңызды байқат» (5 минут)
Бұл кезеңде берілген суреттен 10 айырмашылықты 3 минут ішінде табу қажет. Әр жұп айырмашылықтарды тауып, критерий арқылы балын есептесе, әр топ өз тобындағы жұптардың балын қосып топтың ортақ балын шығарады, бағалау парағына түсіреді.

Критерийлер:
1 - 3 дұрыс – 1 ұпай, 4 - 7 дұрыс – 2 ұпай, 8 - 10 дұрыс – 3 ұпай.
V. Ұжымдық жұмыс «Полиглот» (8 минут)
Топтар берілген сұрақтарға жауап беріп, жауапты үш тілде айту керек, үш тілде жауап берсе 15 ұпай, екі тілде 10 ұпай, бір тілде 5 ұпай беріледі. Топ көшбасшылары екі топтың да ұпайларын есептеп отырады. Екі топқа сұрақ алма - кезек қойылады.
1. Белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобын не дейміз? (ақпарат, информация, information)
2. Ақпараттың қайнар көзі. (табиғат, природа, nature)
3. Өшіргенді жинаған, уақытша сақтаған (себет, корзина, basket)
4. Графиктік курсорды басқаруды жеңілдететін құрылғы. (тышқан, мышь, mouse)
5. Қажет емес символды алып тастау пернесі (өшіру, удалить, delete)
6. Сақталған құжатты ашу командасы? (Файл – ашу, файл - открыть, file - open)
7. Өнер алды қызыл... (тіл, язык, language)
8. Ас адамның арқауы, ал компьютердің асы... (тоқ, ток, current)
9. Бір байтта қанша бит бар? (сегіз, восемь, eight)
10. ЭЕМ - нің дамуы неше буыннан тұрады? (Бес, пять, five )
VІ. Топтық жұмыс «Сөздік домино» (3 минут)

Жауабы: І топ: курсив, ватсап, процессор, редактор, разряд, дюйм, модем, монитор, робот, телеграф, файл
ІІ топ: пернетақта, абак, кесте, Евклид, дискет, тышқан, ноутбук, код, диск, килобайт, терезе н/е пернетақта, абак, килобайт, терезе, Евклид, дискет, тышқан, ноутбук, код, диск, кесте
Критерийлер:
1 - 4 дұрыс – 3 ұпай, 5 - 8 дұрыс – 4 ұпай, 9 - 11 дұрыс – 5 ұпай.
VІІ. Жанкүйерлерге викториналық сұрақтар:
1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)
2. Ақпаратты шығару құрылғысы. (принтер)
3. Сурет салуға арналған программа (пайнт)
4. Вирусты тауып жоятын бағдарлама (антивирус)
5. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа (калькулятор)
6. Дауыс жазуға арналған құрылғы (микрофон)
7. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс (интернет)
8. Адам мен компьютердің қарам - қатынас тілі (интерфейс)
9. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрал (модем)
10. Ең алғашқы программаны жазған (Ада Лавлейс)
11. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама (WORD)
12. Адам денсаулығына зиян келтіретін құрылғы (монитор)
13. Дыбыс шығаратын құрылғы (колонка)
14. Электрондық кестенің ең кіші элементі (ұяшық)
15. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан (латын)
16. Графикалық ақпараттардың көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы (сканер)
17. Windows сөзінің аудармасы (терезе)
18. Бір килобайтта қанша байт бар (1024)
19. Мәліметтерді енгізу пернесі (Enter)
20. Компьютердің атасы (Чарльз Бэббидж)
VІІІ. Қорытынды (3 минут)
Жеңімпаз топ бағалау парағы арқылы анықталып, оқушылар марапатталады.
ІХ. Кері байланыс. Екі топтан бір оқушыдан бүгінгі күннен алған әсерлерін ауызша айтады. (3 минут)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×