Сайтқа кіру Тіркелу

Macromedia Flash бағдарламасында анимация құру

Кіріспе
КҒА жұмысының тақырыбы:
«Macromedia Flash редакторында анимация құру».
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Қазіргі заман талабына сай, Macromedia Flash редакторында анимация құрудың тиімді жақтарын ұсына отырып, тиімділігін көрсету. Сонымен қатар бұл программа бойынша ең маңызды, қызықты және түсінікті нәтижелерін жинақтап, оқушылар мен мұғалімдерге білім беруде пайдалануға ұсыну.

Зерттеу жұмысының міндеттері:
– Macromedia Flash программасымен танысу;
– Ақпараттық құралдардың адамдардың өмірде алатын орнын түсіндіру.
– Программалық жабдықтаманың қатарында Macromedia Flash программасының орнын көрсету.

Мәселе: Білім беруде және тәрбие саласында ақпараттық құралдардың және Macromedia Flash бағдарламасының алатын орнын зерттеу.
Зерттелетін зат: Қазіргі заман талабына сай, ақпараттық қоғамда бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуде Macromedia Flash редакторының пайдасы бар екенін зерттеу.

Жұмыстың тақырыбы «Macromedia Flash редакторында анимация құру» болғандықтан, бұл тақырып негізінде мен Flash редакторында анимациялық интербелсенді батырмалар жасадым. Анимацияланған батырма, қолданушының іс - әрекетіне байланысты жұмыс атқарады. Оған гиперсілтеме жасап қоюға, немесе басқан уақытта белгілі бір іс - әрекетке бастама болатындай етуге болады. Және тек ғана бос батырмаларды жасап қоймай, білім беруде, сабақ барысында пайдалануға болатындай SWF қосымшасын жасадым. Әр интербелсенді батырмаларға бастауыш сынып оқушыларына арналған қызықты логикалық есептер енгізіп, SWF форматында сақтадым. Әрине бұл жұмыс іске аспас еді, егер маған Flash редакторы көмектеспесе. Кадрлық анимацияны құру өте көп еңбекті қажет етеді. Онда объектілер өзара әрекеттесетін басқа қиын бейнелердің бір - бірімен байланысы. Сонымен қатар кадрлық анимацияны Flash – та фильмнің интерактивті элементінде қолданылады. Мысалы, батырмалар. Әрбір батырма күйінің анықталған кілттік кадры уақытша диаграммаға сәйкес келеді. Менің ғылыми жұмысымның негізгі бөлімінің бірінші бөлімінде Flash редакторында жұмыс жасау мүмкіндіктері туралы әңгімелеп шықтым. Екінші бөлімінде тәжірибелік кезеңге, өзімнің жасаған анимацияма тоқталып өттім.

Flash технологиясының негізгі векторлық графикалық форматынан Shockwave Flash (SWF) құрылды. Бірақ бұл ең алғаш векторлық формат емес, SWF құрушылары ойдағыдай тапқан графиканың бейнелеу мүмкіндігі арасындағы үйлесімді, онымен жұмыс жасайтын инструментальді құралдар және қорытындысында Web – парақтарының қосылуының механизмі. SWF қосымшасының артықшылығы оның жеңіл тасымалдауында, яғни бұл формат әртүрлі аппараттық – программалық платформада қолданылады (сонымен қатар, ОЖ – сі Mac OS Macintosh компьютерлер және Windows ОЖ – мен жабдықталған IBM компьютерлері). Тағы бір SWF – тың ерекшелігі: құрылған негізгі бейнелер тек анимацияланып ғана қоймай, сонымен қатар олар қосымша интербелсенді элементтер мен аудио құрылғылардың болуына мүмкіндік туғызады. Интербелсенді мультимедиялық қосымшалардың тасымалдауы мен құру мүмкіндігінің күрт өсуі танымал SWF форматының Web – дизайнерлердің ортасында орындалады. Сондықтан бұл форматтың пайда болуы Macromedia фирмасында Plug_In компонентінің қоса салынған 2 негізгі желі браузері үшін құрылған: Internet Explorer және Nestcape Communicator. SWF форматының тарауына Бүкіләлемдік компьютерлік желі көп әсерін тигізді.

SWF форматының танымал болуының тағы бір себебі, Macromedia фирмасы бұл форматтың жеңіл және оңай құрал – саймандармен қолданылуы.
Мультимедиялық презентациялар құру үшін - Macromedia Director Shockwave Studio, ал графикалық бейнелерді салу үшін - Macromedia Freehand, Macromedia Fireworks, интербелсенді оқытушы курстарын құру үшін – Macromedia Authorwave, Macromedia Course Builder. Сондықтан да Web - публикациясының ішінде ең танымал, әрі жеңіл қолдануына ыңғайлы болып келетін - Macromedia Flash болып табылады. Macromedia Flash Web – парақтарын толық құруға және әрбір сайттың анимациясымен безендірілуіне мүмкіндік береді. SWF форматының көмегімен, оны әдетте Flash деп атап кетті.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×