Сабақтың тақырыбы: "Microsoft Word. Қайталау"
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білім - білік дағдыларын жүйелеу, бекіту.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракция - сын дамыту, қызығушылығын арттыру, теориялық білімді практикамен ұштастыра отырып, оқушы білімдерін толықтыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың ақпараттық және компьютерлік сауаттылықтарын арттыру, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа баулу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы.
Сабақтың типі: практикум элементтері бар түсіндірмелі - көрнекілікті.
Көрнекіліктері: оқулық, жұмыс дәптері, тест парақтары, үлестірмелі тапсырмалар, флипчарттар.
Сабақта қолданылатын бағдарламалар: Microsoft Word мәтіндік процессоры, Paint, Power Point, Aktivstudio.
Жоспар:
• Оқушыларды сабаққа ынталандыру, ұйымдастыру.
• Өткен тақырыптарды қайталау сұрақтары.
• Microsoft Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс.
• Сабақты бекіту.
• Оқушыларды бағалау.
• Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
Бүгінгі сабағымыз Microsoft Word мәтін - дік процессоры мектебінде өтеді, ол 7 бөлім - нен тұрады. Сабақта жақсы баға алу үшін оқушылар Қайталау, Сәйкестендір, Кім тапқыр, Ойланып көр, Тест, Практикалық жұмыс бөлімдеріндегі тапсырмаларды орындап, соңғы Бағалау бөліміне жетулері қажет. Әр бөлімге тоқталу уақытымыз:
Қайталау – 10 минут
Сәйкестендір – 5 минут
Кім тапқыр – 10 минут
Ойланып көр – 10 минут
Тест – 5 минут
Практикалық жұмыс (1 - топ интерактивті тақтадаға тапсырмаларды орындау барысында 2 - топ компьютерде практикалық тапсырмаларды орындайды.)
Бағалау – 5 минут
І. Қайталау бөлімі (үй тапсырмасы не - месе өткен тақырыптарға шолу)
Мұнда оқушылар жасырылған тоғыз сұраққа кезекпен таңдау арқылы жауап береді.
Қойылатын сұрақтар:
1. MS Word мәтіндік процессоры қалай іске қосылады?
2. Жаңа Word құжаты қалай құрылады және құжатты қалай сақтауға болады?
3. Редакциялау дегеніміз не?
4. Орын ауыстыру мен көшіру амалдарын салыстырыңыз?
5. Мәтінді форматтау дегеніміз не?
6. Абзацаралық, жоларалық интервалдар қалай қойылады?
7. Колонтитулдар дегеніміз не?
8. “MS Word - та кесте құру әдістерін айтып беріңіз?
9. Құжатқа сурет қалай қойылады?
ІІ. Сәйкестендір
Бұл бөлімде оқушылар:
І - топ: Microsoft Word терезе элементтерін атап тиісті кестеге орналастырулары керек.
ІІ - топ: Пернелер комбинацияларының қызметін сәйкестендіруді орындайды.
ІІІ. Кім тапқыр
Бұл бөлімде оқушылар Microsoft Word мәтіндік процессорында алған білім дәрежелерін анықтау мақсатында сөзжұмбақтар шешеді.
Аспаптар панелі батырмаларының қызметін жаз.
IV. Ойланып көр
Мұнда оқушылардың есте сақтау, шапшаң ойлау қабілеттерін арттыру, жетілдіру мақсатында келесі тапсырмаларды ұсынамын.
Кестені толтыр!
І - топ: «Мәтіндік құжат».
ІІ - топ «Мәтіндік ақпаратты өңдеу технологиясы».
V. Сабақты бекіту.
Бұл бөлімде оқушылардың алған білім - білік дағдыларын жүйелеу, бекіту.
Тест сұрақтары
І - топ:
1. Word процессорында мәтінді енгізу былайша іске асырылады?
а) жұмыс үстелінде ә) құжат терезесінде* б) мәтінде
2. Файлды басқа атпен сақтау үшін не істеу керек.
а) сақтау ә) F2 б)... деп сақтау*
3. Фрагментті қалай ерекшелеп, белгілейміз?
а) тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, қозғалту арқылы*
ә) тышқанның батырмасын екі рет шерту арқылы б) Ctrl E.
4. Құжатты құруда қаріптің қандай өлшемі қолданылады?
а) 14 ә) 18 б) маңызды емес*
5. Қай перне бір абзацтың соңын өтуді көрсетеді?
а) Enter* ә) Caps Lock б) Shift
6. MS Word - та кестемен жұмыс істегенде оң жақтағы шеткі ұяшыққа өту үшін... басу керек.
а) Shift + Tab ә) Tab* б) Backspace
7. Орфографиялық тексеру үшін қай команданы орындау керек.
а) Сервис – Орфография* ә) Формат – Орфография
б) Қою - Орфоргафия
ІІ - топ:
1. Сол жақтан бір символды өшіру үшін қандай пернені пайдаланамыз?
а) Enter ә) Caps Lock* б) Backspace
2. Берілген фрагментті өшіру үшін қайсы пернені пайдаланамыз.
а) Enter ә) Backspace б) Delete*
3. MS Word - та кестемен жұмыс істегенде келесі ұяшыққа өту үшін... қолданылады.
а) курсорды басқару пернелері*
ә) Caps Lock б) Shift + Tab
4. Қаріптің өлшемін таңдау үшін мынадай командаларды орындау керек.
а) Сервис – Қаріп – Өлшемі ә) Түр – Қаріп – Өлшемі
б) Формат – Қаріп – Өлшемі*
5. Ms Windows ортасында жұмыс істегенде ҚОЮ командасы
а) Түзету – Қою* ә) Іздеу – Қою б) Құжаттар – Қою
6. Құжатты ашу... Көмегімен жүзеге асады
а) іске қосу батырмасы ә) тышқан пернесін екі рет шерту арқылы*
б) тышқан пернесін бір рет басу арқылы
7. Оң жақтағы бір символды өшіру үшін қай пернені пайдаланамыз.
а) Delete* ә) Shift б) Caps Lock
VI. Сабақты бағалау: Сабақтың басынан бір оқушы, мұғалімге көмекші ретінде, әр оқушының сабақ бөлімдерінде көрсеткен білімдерін «бағалау» парағына енгізіп отырады. Әр оқушының жалпы ұпай бағасын шығарып тақтаға жазамын.
VII. Үй тапсырмасы: Microsoft Word мәтіндік процессорында өткен білімдерін қайталау.
MS Word. Қайталау
- Нурболат Дукейхан
- 12 маусым 2014
- 11735
- 0
- 0
Ілмек сөздер: MS Word, информатикадан қайталау жаттығулары
Ұқсас жаңалықтар:
Microsoft Office Word редакторында кестемен жұмыс
Сабақтың мақсаты: Ms Word редакторында кесте құру әдістерін түсіндіру, оқушыларды өз бетінше кесте құруға үйрету....MS Word мәтіндік редакторы
Атырау қаласы Еркінқала орта мектебінің информатика мұғалімі: Суюншалиева Шынар Марсқызы...Кестелермен жұмыс
Кесте – бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды....Word Pad мәтіндік редакторда құжат құру
Балманова Гүлназ Советқызы Физика пәні мұғалімі, №182 мектеп, Басықара ауылы, Қазалы ауданы, Қызылорда облысы...Word - тың графикалық мүмкіндіктері
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, №1 Г.Орджоникидзе атындағы мектеп - гимназияның информатика пәні мұғалімі Андабекова Құралай...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.