Сайтқа кіру Тіркелу

Дарабоз информатикадан спорттық интелектуалдық сайыс

Сайыстың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу арқылы бекіту.
Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділіктерін дамыту, топпен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Сайыста жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа баулу, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.
Орындалатын ойындар мен тапсырмалар:
1. «Таныстыру» әр топ өздерінің топтарына ат қойып, оны қорғап, қарсыластарына сәттілік тілеу.
2. «Құрастыру» (әр топқа информатикаға байланысты сөздер беріледі, одан сөздер құрастыру)
3. «Өрмекші» (сұрақтарға жауап беру)
4. «Полиглот» (жұмабақтарды шешу)
5. «Кім жүйрік» ережелер беріледі, арасында қалып қойған сөздерді толықтыру.
6. «Қылқалам сыры» (болашақтағы компьютердің суретін салу)
7. «Информатиканың құрылғыларын пайдаланып өлең шығарамыз»
І кезең. «Таныстыру»
Әр топ өз тобына ат қойып, қорғау, қарсылас топ мүшелеріне сәттілік тілеу. 5 минут.
ІІ кезең. «Құрастыру» деп аталады. Оның шарты: мына кедергілерді құлатпай жүгіріп барып, бір немесе бірнеше сөз жазу. Бір сөз екі рет қайталануға болмайды.
1 топ: ақпараттандыру
2 топ: информатика
ІІІ кезең. «Өрмекші» деп аталады. Оның шарты: мына менің қолымдағы допты дөңгелетіп жүгеріп барып сұрақтартың жауап беріп, допты қолға ұстап жүгіру.
1. Мәліметтердің бейнесін шығаруға арналған құрылғы? (монитор).
2. Дербес компьютерді басқаратын пернелік құрылғы? (пернетақта).
3. Мәліметтерді сақтаудың бірлігі ретінде қандай объект қабылданған? (Файл).
4. Бұл термин латынның түсіндірілу, баяндау, білу деген ұғымынан туындаған ағылшынның information сөзінен шыққан. (информация).
5. Соңғы кезге дейін ең кең таралған, арзан, әрі пайдалануға қолайлы принтер (матрицалық).
6. Ақпараттың құрамдас бөлігі – (мәлімет).
7. Тышқаның ағылшынша аталуы – (маус).
8. Текстің қазақша аталуы – (мәтін).
9. Мәліметті басып шығару құрылғысы – (принтер).
10. Мәліметтерді тасымалдау құралдарының бірі – (диск).
11. Жадтың көлемі немен өлшенеді – (байт).
12. Мәтін жазуға арналған қарапайым программа – (Wordpad)
13. Бос орын қалдыру пернесі. (Пробел)
14. Cурет салуға арналған редактор. (Paint)
15. Жыпылықтап тұратын тік сызықша. (Меңзер немесе курсор)
16. Бас әріптер режимін іске қосу пернесі.(Caps Lock)
17. Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы. (CD – ROM)
18. Принтердің түрлері. (Лазерлік, матрицалық, сия бүріккіш)
19. Информацияның өлшем бірлігі. (Бит, байт)
20. Меңзерді (курсорды) келесі жолға түсіру пернесі. (Enter)
21. Дыбыс шығаратын құрылғы. (Колонка)
22. Компьютер іске қосылғаннан кейін әр түрлі объектілер орналасқан экранды не деп атайды? (Жұмыс столы)
23. Компьютер жанына қойылатын өсімдік. (Кактус)
24. Интернетке қосылу үшін қажетті құрылғы. (Модем)
25. Компьютердің “миы” процессор
26. Файлдар сақталады: (Папка)
IV. «Полиглот» деп аталады. Оның шарты: Допты жерге ұрғылап барып қоржыннан жасырылған жұмбақтарды шешіп, оларды ағылшын, орыс тілдеріне аударып жазу.
1. Сырты жасыл қатты,
Іші қызыл тәтті. (қарбыз)
2. Ағайынды бәрі:
Шықса - көк,
Түссе - сары. (жапырақ)
3. Шәкіртке жаншыр,
Мейірман кім, жаны асыл (ұстаз)
4. Қабат - қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (кітап)
5. Жазу жаза жалықпаған,
Жаза - жаза арықтаған. (Бор)
6. Білімнен мол сый - асы,
Балғындардың ұясы. (мектеп)
7. Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды. (ағаш)
8. Үш тілі бар,
Тықылдаған үні бар. (сағат)
9. Аспанда алып доп,
Жарқырайды жарық боп. (күн)
10. Әдемі түнде,
Мен жүрсем, жүреді бірге. (Ай)
11. Дәмін татсаң – тәтті – ақ,
Түсін көрсең – аппақ.
12. Мұрты бар, сақалы жоқ,
Тоны бар, шапаны жоқ. (мысық)
13. Көреді бәрін өзгенің,
Көрмейді бірақ өздерін. (Көз)
14. Керек санды тересің,
Елге сәлем бересің. (телефон)
15. Айбат шеккен алыстан,
Аң патшасы... (арыстан)
16. Өзінше ноян,
Қорқақ кім? (қоян)
17. Аспанда жүзеді,
Қанатын қақпайды,
Жерде де жүреді,
Бауырлап жатпайды. (Ұшақ)
18. Шіркіннің өзіне обал – ақ,
Жүреді аяқта домалап. (Доп)
19. Аяғы жоқ жүреді,
Сырқ – сылқ күледі. (Бұлақ)
20. Жасыл ала дөңгелек,
Бақшада жатыр дөңгелеп. (Қарбыз)
21. Қарап тұрсаң өзіңе,
Сурет түсер көзіңе,
Ол суретін ұқсайды,
Тура сенің өзіңе. (Айна)
22. Үш көзді батыр,
Жолды аңдып жатыр. (Бағдаршам)
23. Гүл ұшып гүлге қонады
Гүлбақшам гүлге толады. (Көбелек)
24. Көзге іліебейді,
Жұтсаң білінбейді. (Ауа)
25. Ақ көбелек қонды,
Құстар енді тонды. (Қар)
26. Аяқсыз жетіп алады,
Қолсыз есік қағады. (жел)
V. «Кім жүйрік» секіріп барып, берілген мәтіндегі қалып қойған сөздерді толтырып жазу.
VI. «Қылқалам сыры» әр топқа плакаттар беріледі, болашақтағы компьютердің суретін салып, бір оқушы шығып қорғау.
VII. «Информатиканың құрылғыларын пайдаланып өлең шығарамыз»
Қорытындылау.
Бүгінгі «Дарабоз» сайысын қорытындылау.
Әділ – қазы алқаларынан сөз беріп, жеңімпазды анықтау.
Марапаттау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×