Информатика пәнін оқыту технологиясының мазмұнын жаңарту жағдайындағы педагогикалық ұстанымым.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірбие жетістіктері негізінде, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, олардың біліктілігін арттару»
Еліміздің білім беру саласындағы бетбұрыстары педагогиканың халықтық негіздерін білім кеңістігіне кіріктіруге, жаңа ұлттық сипатты мектеп қалыптастыруға, оқыту үрдісінің сапалығын арттыруға, жастарды кәсіби еңбекке даярлауға бағытталған. Өйткені егеменді елдің ертеңі оқу - біліммен, мәденеиет, өркениетімен бағаланады.
Елімізде оқытудың мазмұны мен әдістерін жетілдіру – жалпы білім беретін орта дәрежелі оқу жүйесімен тығыз байланысты алға қойып отырған зор міндеттердің бірі. Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050; Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арналған жолдауында әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуға бағытталған басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін
«... оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» деп атап көрсеткен. Соған орай, қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, білім берудің мазмұны жақсарып, жаңаша көзқарас пайда болуда.
Әрбір мұғалімнің мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, оқушылардың пәнге қызығуын арттыру, ізденуін, таным деңгейін көтеру. Осыған орай мектеп өміріндегі өзекті мәселелердің бірі – сабақтың жаңаша түрлерін дамыту. Педагогикалық ғылым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған әдіс – тәсілдерінің бәрін еркін игеріп, әрбір нақтылы жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап алып, олардың жиынтығын түрлендіре отырып, тиімді пайдалану әрі шығармашылықпен қолдану мұғалімнің негізгі міндеті болуға тиіс деп есептеймін. Оқушыға белгілі бір дәрежеде білім берумен қатар оқуға, үйренуге деген ықыласын мен қызығушылығын арттыруға көңіл бөлемін. Сабақ барысында оқушының білімге құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, өз бетінше еңбек етуге баулу, жалпы оқушы бойына жауапкершілік сезімін қалыптастыру - негізгі ұстанымым.
Сондықтан, қазіргі оқытудың заманауи жаңаша әдіс - тәсілдері игеріп, сабақ барысында жиі қолдануға тырысамын Ондағы мақсат – оқушының өзінше ойлау қабілетін арттыру және қазіргі заманғы компьютерлік құралдармен жұмыс істеуге үйрету.
Сабақ – оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің негізгі формасы. Сабақты мынадай талаптарды басшылыққа ала отырып жоспарлаймын:
Теориялық білімнің жоғары дәрежеде болуы;
Сабаққа мақсатты айқын қою;
Оқытудың таңдаған әдісін жетік білу;
Жаңа білімнің өткенмен байланысы;
Оқушының жас ерекшелігі мен қабілетін ескеру;
Сабақтың тәрбиелік мақсатына үнемі көңіл бөлу;
Кейбір сабақтарда оқыту әдісінің индуктивтік әдісін қолданамын.
Индуктивтік әдіс – жекеден жалпыға көшу. Яғни, мұғалім алдымен тәжірибе немесе проблемалық сұрақтар туындайтындай бағдарлама немесе формула көрсетеді. Оқушылар бақылай отырып, талқылайды. Сөйтіп, бірте – бірте оқушыларды қорытынды жасай алатындай дәрежеге жеткізеді. Сабақтың бұл бөлімін проблемалық ізденіс әдісіне жатқызуға болады. Бұдан кейін барлық жинақталған ойлардан, дәлелдемелерден, мысалдардан бір қорытынды жасалады. Сабақ ең соңғы түйінді жеріне жетеді. Бұл – индуктивтік әдіс.
Әрбір ғылым танымдық білім нәтижесін өзіне түсінікті тіл арқылы түсіндіреді, Информатика ғылымының өзіндік ерекше тілі бар. Олар терминдер, номенклатуралар және белгілер немесе кодтау, санау жүйесі, стандартты функциялар, алгоритм, блок схемалар, паскаль тілі, Visual Bassik, Microsoft office т. с. с. Белгілердің арқасында информатика тілі белгілі бір нәтижелерге ие болады: қысқа, біртекті, дәл тапқырлыққа мүмкіндік алады, жинақы, үнемі және білімнің нәтижесін жүйелі айтуға төселеді, информатикаға тән таным
ерекшеліктерін таниды. Сондықтан информатика тілін жақсы меңгерген оқушы келешекте осы салаларда маман – қызметкер болып шығуына мүмкіндік мол.
Информатикалық білім не үшін керек? Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми - техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық - коммуникативтік технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі ақпараттық - коммуникативтік технологиялар» ұғымы «оқытудың жаңа инновациялық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т. б., тіркестермен тығыз байланысты. Оқыту үрдiсiнде мұғалiм – оқушы - компьютер - оқулық жүйесі пайда болды. Мұндай жүйеде бiлiм беру оқыту процесінде компьютерді қолдану бiлiм мен бiлiктiлiкке қоятын талаптарды қайта қарап, жетiлдiрiп, жүйелеудi талап етедi.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегенiмiз – бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесі. Бұл процесті icкe асырудың негiзгi құрал компьютер болып табылады. Компьютер - бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретін зор құрал.
Әрбір ұстаз өз оқу үрдісінде сабақтың мақсаты мен мазмұнына сай өз қалауы бойынша инновациялық технологияларды қолданатыны түсінікті. Оқу үрдісін мұқият құра білген жағдайда білімгерлердің білім сапасын едәуір арттыруға және білім стандарты бекіткен оқу материалын барлық оқушылардың меңгеруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Біріншіден, дәстүрлі емес сабақтарды өту арқылы оқушылардың ой толғауын, білімін, қабілетін кеңейтуге болады. Білімді даяр күйінде бермей, оқушылардың алдына белгілі бір мәселені міндет етіп қойып, оны олар инновация технологияны пайдалана отырып ізденіп шешуі тиіс. Бұл арқылы олар проблемалық жағдай туған кезде оны дұрыс шеше білу тәсілдерін үйренеді. Мұның нәтижесінде өз бетінше өмір сүре алатын шығармашыл азаматтар тәрбиелейміз.
Екіншіден, оқушыларға қазіргі заман талабына сай жоғары дәрежеде сапалы білім мен тәрбие беруде компьютерлік технологияны пайдаланып оқыту – бүгінгі күн талабы. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейін білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға жетуі керек. Содан кейін барып оның білім алуға деген ынта - ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді.
Үшіншіден, қазіргі таңдағы талаптарға сай білімді, әсіресе білгенін өмірде пайдалана білетін жастарды тәрбиелеу мақсатында оқытудың жаңа әдістерінің ішіндегі ең маңыздысының бірі – желілік ресурстарды пайдалану технологиясын енгізу.
Педагогика ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың «деңгейлік оқыту» жүйесіне, «сын тұрғысынан ойлау» стратегиясына, Шаталовтың «тірек сигналдары арқылы оқыту» жүйесіне және қосымша электронды оқулықтарға сүйеніп сабақ жүргізу өте тиімді. Деңгейлік оқыту жүйесіне сүйеніп, информатика сабақтарында деңгейлік тапсырмалар орындатуға болады. Жаңаша әдіс - тәсілдер арқылы да оқушының нені білетінін, нені меңгергенін, нені ұға алмағанын білуге болады. Жаңа әрі пайдалы ізденістердің бірі әлемнің 18 елінде сынақтан өткен «оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының стратегияларын сабақта қолдану барысында көрсеткен нәтиже: оқушының оқуға қызығушылығы артады, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі қалыптасады, пікір таластыра білуді, ойын жүйелі түрде жеткізуді, қолданбалы программаларды пайдаланып немесе алгоритмдер құру арқылы программа құрастыруды, үйренеді.
Баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы тәрбиелей отырып, танымдық күшін қалыптастыру және оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда ойын түрлері, топтастыру, сәйкестендіру, толықтыру стратегиялары, онлайн басқатырғыш, сергіту жаттығулары, электронды оқулықтарды кеңінен қолдануға болады. Оқу - тәрбие үрдісінде телекоммуникациялық технологияларды қолданудың 2 жолы бар: оқушыларды желімен (сеть) жұмыс жасауға үйрету, дайын телекоммуникациялық жобалармен жұмыс жасауды ұйымдастыру, пәндік - әдістемелік Web – сайттар, Web – бетін құру. Ал жекелеп (даралап) оқыту – бұл қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашуға, дамытуға жағдай туғызу, белсенді оқыту – танымдық белсенділігін, шығармашылығын ұйымдастыру болып табылады.
Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адам¬ның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі болуы керек.
Ол үз¬дік¬сіз ізденісте болып, қоғам сұ¬ра¬нысына сай білімді, шығарма¬шыл, өзін - өзі дамытып, жетілдіре алатын болуы қажет деп ой¬лай¬мын. Мен ұстаздықтың ауыр жү¬гін арқалауды өз жүрегімнің қа¬лауымен таңдадым. Жас маман ұс¬таз ретіндегі негізгі ұстанымым:
- пән бойынша үздіксіз ізеніп оқытудың жаңа технологиясын ендіріп отыру (модульді, деңгейлеп оқыту, топтап - қарқынды оқыту, т. б.)
- сабақты компьютерлеу және ақпараттандыру;
- сабақтың эксперименттік бөлігін көбейту;
- оқушыға сене білу және сыйлау,
- оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.
- қиын сәттерде кінәліні табуға ұмтылмай, кемшіліктер мен ау¬ытқушылықтың қай тұстан кеткенін іздеу,
- бұйрық беріп, талап етудің, бақылаудың орнына сендіру және сенім білдіру
- үнемі жа¬ғымды өзгерістер жасауға ұмты¬лу, жаңа идеяларға ашықтық, ұжым мүшелерінің жаңа идеялар ұсынуын дағдыға айналдыру.
- дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру;
- өз білімімді көтеру.
Қорыта айтқанда, бүгінгі заман та¬лବбына сай жаңа педагогикалық технологияларды игергенде, ба¬ланы тұлға деп танып, оның пікірімен санасу, оқушының кішкентай қуанышын, табысын ба¬ғалай білгенде ғана табысқа жетуге болады деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Бөрібаев Б, Балапанов Е. Жаңа ақпараттық технологиялар. Алматы, 2001.
2. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии: Учеб. М.: 1997.
3. Ә. Беркутов. Компьютер – оқу жүйесінде. Шымкент, 1996.
4. Роберт И. В. Современные информационные технологии в образовании: дидактические проблемы, перспективы использования. – М.: Школа - Пресс, 1994.
5. Ш. Х. Құрманалина, Б. Ж. Мұқанова, Ә. У. Ғалымова, Р. К. Ильясова. Педагогика. Астана 2007.
6. Абыканова Б. Т. Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың дидактикалық шарттары. Алматы, 2005.
Информатика пәнін оқыту технологиясының мазмұнын жаңарту жағдайындағы педагогикалық ұстанымым.
- Мустапвеа Айгул Жолбарысқызы
- 25 наурыз 2014
- 9325
- 0
- 100
Ілмек сөздер: информатика сабағы, оқыту технологиялары
Ұқсас жаңалықтар:
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны дамыту - білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер,...Жаңа технологиялар бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіру
ШҚО, Семей қаласы, «№3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені» КММ Батырханова Гульнар Абугалиевна...Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану
Ақсу қаласының №4 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М. Қ. Теміржанова...Қашықтан оқыту
Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге,...«Ақпараттық технологиялар және білім сапасы»
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, информатика пәнімұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.