Сабақтың тақырыбы: Turbo Pascal программалау тілі әлемі.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың шығармашылығын, ойлау қабілетін дамыту, информатика пәнінен деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, компьютерлік іскерлігін дамыту.
Сабақ түрі: Жарыс сабақ.
Бағдарламалық - дидактикалық қамтылуы: Есептеуіш техника кешені, интерактивтік тақта, Turbo Pascal бағдарламалау тілі, оқулық, жұмыс дәптері, плакаттар.
Сабақ уақыты: 45 мин.
Сабақ жүрісі: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІV. Бекіту.
V. Үй тапсырмасын беру.
VІ. Қорытындылау.
І. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа қатысын тексеріп, құрал - жабдықтарын түгендеу.
1 - жүргізуші: Ойын – толқын – айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
2 - жүргізуші: Ойын – толқын – жатқандай асып - тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып,
– демекші, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Алдыңғы өтілген сабақтар бойынша сұрақтар қою.
2 - жүргізуші: «Батылдық балалық шақта шыңдалады» десек, баланы бала ететін тәрбие құралының бірі – ойын екендігі белгілі. Алдымен ойынға қатысатын топтармен таныс болайық.
1 - жүргізуші: Бақпен сыналар бұл жарысқа қатысып отырған топтарға сәт сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпіз.
1 - жүргізуші: 1 - кезең «Аламан» деп деп аталады.
Қарап тұрмай аламанға еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Аламанды, аламанды көріңіз,
– демекші, әр топқа 10 сұрақтан беріледі. Дұрыс жауапқа 1 ұпай есептеледі.
І топқа:
1. Turbo Pascal программасы қай ғалымның құрметіне берілген?
(Француз математигі Блез Паскаль);
2. Turbo Pascal программасын іске қосу.
(C:\TP7\BIN\turbo. exe);
3. Қызыл түстің Pascal - да бейнеленуі.
(4);
4. Меншіктеу командасы қалай белгіленеді?
(«:=»);
5. Нақты типті айнымалыны қалай белгілейміз?
(Real);
6. And логикалық амалының Pascal тілінде өрнектелуі.
(Және);
7. Алгоритмнің арнайы бекітілген геометриялық фигуралар арқылы графиктік түрде жазылуы.
(Блок - схема);
8. Программа қандай қызметші сөзден басталады?
(Program);
9. Pascal программасындағы Edit менюі қандай қызмет атқарады?
(Редакторлау);
10. Жиым дегеніміз не?
(Ортақ атпен және типпен біріктірілген, нөмірлері бойынша реттелген
мәндердің жиыны).
2 - жүргізуші: ІІ топқа:
1. Turbo Pascal программалау тілі қай жылы пайда болды?
(1975 жылы);
2. Айнымалыларды сипаттау бөлімі қалай аталады?
(Var);
3. Жасыл түстің Pascal - да бейнеленуі.
(2);
4. Бүтін типті айнымалыны қалай белгілейміз?
(Integer);
5. Алгоритм сөзі қай ғасырда пайда болған?
(IX ғасыр);
6. Әріп ретінде қай алфавиттің бас және кіші әріптері қолданылады?
(Латын);
7. Программа қандай қызметші сөзден аяқталады?
(End);
8. Pascal программасындағы Run менюі қандай қызмет атқарады?
(Программаны орындау);
9. Pascal - дағы көмекші программаларды атаңыз.
(Процедуралар мен функциялар);
10. Квадрат матрица дегеніміз не?
(Жолдарының саны мен бағандарының саны тең екі өлшемді жиым).
2 - жүргізуші: Мәңгі биқи есте қалар,
Ғажайып бір сабақ болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ сұрақ болсын.
1 - жүргізуші: 2 - кезең «Ғажайып ондық» деп аталады. Алдарыңыздағы интерактивті тақтада көріп отырған кез келген тіктөртбұрышты әр топ кезекпе - кезек таңдап, сұраққа жауап берулері тиіс. Топтың жауабы болмаса, қарсылас топ жауап беру мүмкіндігіне ие болады. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан.
1. Turbo Pascal программалау тілінің алғашқы нұсқасын кім жасады?
(Никлаус Вирт);
2. Герон формуласын Turbo Pascal тілінде өрнектеңіз:
(S=(Sqrt(p*(p - a)*(p - b)*(p - c)));
3. Санның квадратының, модулінің, синусының Turbo Pascal тілінде кескінделуі.
(Sqr, Abs, Sin);
4. Var бөлімінде нелер сипатталады?
(Айнымалылар);
5. Нәтижелер шығару терезесін кескіндеу үшін қандай пернелер комбинациясын басамыз?
(Alt+F5);
6. Пифагор формуласын Pascal тілінде өрнектеңіз: c2=a2+b2;
Sqr(c):=Sqr(a)+Sqr(b);
7. Circle, Arc, Line процедуралары мен функциялары қандай қызмет атқарады?
(Шеңбер, доға, сызық сызу);
8. Turbo Pascal тілінің шамаларының типтерін атаңыз.
9. Санның квадратын анықтайтын есеп берілген. Қатесін табыңыз:
Program Esep;
Var x, y: integer
Begin
Readln (x)
Writeln (‘x - ті енгіз’);
y=Sqrt(x);
Writeln (‘x=‘, x);
End.
(Program Esep;
Var x, y: integer;
Begin
Readln (x);
Writeln (‘x - ті енгіз’);
y:=Sqr(x);
Writeln (‘x=‘, x);
End.);
10. Жиымдар қандай қызметші сөзі арқылы сипатталады?
(Array).
1 - жүргізуші: Білімнің ұшқырлығын танытып сен,
Асып - тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.
2 - жүргізуші: 3 - кезеңіміз «Литерлік шамалар» деп аталады. Әр топтан 1 оқушы шығып, үстелдің үстіндегі карточкалардың бірін таңдап, берілген сөзден литерлік шамаларға қолданылатын операциялардың көмегімен бірнеше сөз құрауы қажет. 1 сөз – 1 ұпай.
2 - жүргізуші: Келесі кезең – «Шынығу сұрақтары».
1 - жүргізуші: Әр топ өздері дайындап келген сұрақтарын қарсыластарына қояды.
1 - жүргізуші: Айналайын, алға ұмтылған дарындар,
Айналайын, жеңіс құшқан қырандар.
Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,
Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.
2 - жүргізуші: 5 - кезең. Әр топтан бір оқушы шығып, интерактивті тақтадағы тапсырманы орындауы тиіс.
Алгоритмді блок - схема түрінде кескіндеу
Блоктардың кескіні Блоктардың арналуы
алгоритмнің басы,
алгоритмнің соңы
есептеуіш әрекет
деректерді енгізу,
деректерді шығару
шартты тексеру
циклдің басы
көмекші алгоритмді шақыру
файлды дискіге жазу
2 - жүргізуші: Жорға, жорға, жорғала,
Шапшаңдыққа таң қалма.
Ойын деген арпалыс,
Жеңілем деп ойлама.
1 - жүргізуші: 6 - кезеңімізде оқушылар берілген жиым элементтерінің позициясын анықтаулары тиіс.
ІV. Бекіту.
1 - жүргізуші: Соңғы кезең «Блок - схемалар» деп аталады.
2 - жүргізуші: Оқушылар тақтадағы блок - схемаларды кезекпен таңдап, артындағы сұрақтарына жауап берулері тиіс.
1. Алгоритм дегеніміз не? Қай ғалымның атынан шыққан?
2. Шама нешеге бөлінеді? Анықтамасын айтыңыз.
3. Литерлік шамалар дегеніміз не?
4. Циклдық алгоритм дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
5. Turbo Pascal тілінің қосымша процедураларын және олардың қызметтерін атаңыз.
6. Тармақталған алгоритм дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
7. Алгоритмнің неше түрі бар? Оларды атаңыз.
8. Turbo Pascal тілінің қосымша функцияларын және олардың қызметтерін атаңыз.
9. Сызықтық алгоритм дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
10. Литерлік шамаларға қолданылатын операциялар.
V. Үй тапсырмасын беру. Қайталау.
VІ. Қорытындылау. Оқушылардың сабаққа қатысып, берілген жауаптарына, орындаған тапсырмаларына қарай бағалау.
2 - жүргізуші: Осымен, сайысымыздың шешуші сәті де келіп жетті.
1 - жүргізуші: Құрметті әділ қазылар алқасы! Жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сіздерге сөз кезегі беріледі.
1 - жүргізуші: Осымен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағыда үйренеміз аман болсақ!
2 - жүргізуші: Бүгінгі «Turbo Pascal программалау тілі әлемі» атты жарыс сабағымыз өз мәресіне жетті. Уақыт бөліп келгендеріңізге мың да бір алғыс.
Turbo Pascal программалау тілі әлемі
- Аселжан
- 27 қаңтар 2014
- 7919
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Turbo Pascal программалау тілі әлемі
Ұқсас жаңалықтар:
Pascal программалау тілі
Паскаль тілін 1968 - 1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Бұл тілдің стандарты кейінірек...Алгоритмді жазу тәсілі
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алгоритм ұғымымен таныстыруды жалғастыру, оның жазу пішімдері мен блок - схема құруды үйрету, алгоритм типтерімен...Литерлік шаманың мәнін ішінара өзгерту командасы
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының №14 орта мектебі информатика пәні мұғалімі: Райымберді Әселжан Райымбердіқызы...Меншіктеу операторы. Сандық функциялар
Паскаль тілінің меншіктеу операторы және сандық функцияларымен таныстыру, меншіктеу операторы мен сандық функцияларды есептер шығаруда қолдана білуге...Программа құрылымы. Шамаларды сипаттау бөлімі
Пән аты: Информатика Сабақтың тақырыбы: Программа құрылымы. Шамаларды сипаттау бөлімі. Паскаль тілінің қарапайым операторлары. Сабақтың мақсаты:...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.