Сабақтың тақырыбы: Visual Basic - те бағдарамалау негіздері
Сабақтың мақсаты: Visual Basic бағдарламасында шығармашылықпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Объектілі бағдарланған программалау бойынша алған білімдерін саралау.
Дамытушылық: Әр оқушының сабаққа деген ынта мен қабілетін біріктіріп, қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілік: Туған жерге, елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін ояту
Сабақтың көрнекілігі: флипчарт, тест, практикалық тапсырма, сәйкестендіру кестесі
Сабақтың құрал - жабдықтары:
интерактивті тақта, активоте, Visual Basic 6. 0, компьютер, локалді желі
Сабақтың түрі: практикалық - ізденіс сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, тест алу, практикалық тапсырманы орындау, СКТ, сәйкестендіру кестесін толтыру.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1 - тапсырма Тест алу
2 - тапсырма Кесте толтыру
ІІІ. Практикалық жұмыстарды орындау
ІV. Бекіту.
1. СКТ технологиясы
2. Сәйкестендіру кестесі
V. Үйге тапсырма.
VI. Бағалау.
VІІ. Қорытынды.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеп, олардың назарын сабаққа бұру.
Оқушылар, Тәуелсіз ел болу дегеніміз - кеудеңді кере дем алып, еңсеңді көтере ұрпақтан - ұрпаққа мұра болып келе жатқан салт - дәстүріңді, әдет-ғұрпыңды айқындап көрсететін, өзіңнің өзгелермен тең екендігін сезіну және ана тіліңде емін - еркін сөйлеуің деп білемін.
Тәуелсіздіктің мағынасы зор, тамыры терең ұғым. Оған миллиондаған адамдарды құрбандыққа шала отырып, қол жеткіздік. Бодандықтың бұғауын бұзған егемендік сағаты сыртылдай соғып, Тәуелсіздіктің нұрлы таңы келіп жетті.
Тәуелсіздік біздің алдымыздағы жарқын болашаққа жол ашып берді. Біз сол жолмен алға баса береміз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. ТЕСТ алу. Активотемен тест алу.
1. Қандай мәзір арқылы қосымша жасауда қолданылатын файлдармен жұмыс жасауға болады?
А) edit Б) file В) view
2. Проектілермен жұмыс істеуде қолданылатын мәзір
А) edit Б) format В) project
3. Қосымшаларды іске қосу үшін қолданылатын мәзір
А) run Б) file В) tools
4. Мәтіндік, сандық шамаларды шығару үшін қолданылатын компонент
А) pointer Б) frame В) label
5. Формаға жанында жалаушасы бар жазу шығаратын компонент
А) pointer Б) check box В) combo box
6. Формаға түрлі типті бейнелік файлдардан суреттер шығаратын компонент
А) picture box Б) shape В) image
7. Формаға графиктік өріс шығаратын компонент
А) picture box Б) shape В) image
8. Формаға түрлі геометриялық фигураларды шығаратын компонент
А) timer Б) OLE В) shape
9. Формаға сызық салу үшін қолданылатын компонент
А) line Б) data В) shape
10. Формаға уақыт өлшеуіш шығаратын компонент
А) data Б) timer В) OLE
Бүгін, міне, Тәуелсіздік ағайын,
Әр Қазақтың жүрегі боп соғып тұр!..
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
2. Кесте толтыру
Дұрыс жауабын тышқанмен шерте отырып, көрсетіңіз. Қасиеттер терезесінен оның көмегі арқылы орнатуға болатын қатарды көрсетіңіз
Басқару компонентінің жазбасы
Объектінің биіктігін
Объектінің енін
Көрсетілген мәтін сипаттамаларын
Форманы жасыру немесе көрінетін ету
Height, Width, Caption, Visible, Font
ІІІ. Практикалық жұмыстар
Оқушылар компьютерлерінде орнатылған VB – те тәуелсіздікке байланысты практикалық жұмыстарды жасайды.
Практикалық жұмыс 1 деңгей
Тақырыбы: Check басқару элементімен жұмыс жасау.
«Ұлттық рәміз туралы» программасын құру
Жұмыстың мақсаты: Visual Basiс ортасында мәтінмен жұмыс істеп үйрену.
Практикалық жұмыс 2 - деңгей
Тақырыбы: ListBox басқару элементімен жұмыс істеу.
«Тәуелсіз жылдар тізімі» қосымшасын құру
Жұмыстың мақсаты: Visual Basiс ортасында ListBox компонентін қолдануды үйрену.
Практикалық жұмыс 3 деңгей
Тақырыбы: Графикалық объект құру
Жұмыстың мақсаты: Visual Basiс ортасында қарапайым графикалық объектілерді құруды үйрету.
Орыс, қазақ, неміс, татар - бар ұлтым,
Кең аймақты, қазыналы туған жер.
Ақ көңілді ашық жарқын ел жұртым,
Құшағыңа қиыншылық алған жер.
Қаймықпаған қиындықтың жүгінен,
Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен.
Бүгінгі ұрпақ - бақытты ұрпақ атынан,
Құттықтаймыз! Тәуелсіздік күнімен.
IV. Бекіту.
1. Оқушылар практикалық тапсырмаларындағы басқару компоненттерін Сатылай кешенді талдау технологиясы бойынша талдап береді.
СКТ
1. Анықтама.
2. Тану.
2. 1. Жазылуы
2. 2. Оқылуы
2. 3. Мағынасы
3. Қасиеттер.
а)
б)
2. Келесі тапсырма Сәйкестендіру кестесі деп аталады, яғни оқушылар басқару компоненттерінің аттарын өзіне сәйкес орнына қояды.
Сәйкестендіру кестесі
VI. Үйге тапсырма. ЭКСПО - 2017 «Болашақ энергиясы» тақырыбына байланысты VB - те жел қондырғысы жобасының программасын құрып келу.
VII. Оқушыларды бағалау.
Оқушыларды бағалау тапсырмаларды орындау дәрежесіне сәйкес бағаланады.
V. Қорытынды.
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы,
Ю.А.Гагарин атындағы орта мектептің информатика пәні
мұғалімі Тайкенов Дархан Есенбайұлы
Visual Basic-те бағдарамалау негіздері
- erasik
- 18 желтоқсан 2013
- 12402
- 0
- 100
Ілмек сөздер: информатика 10 сынып, Visual Basic-те бағдарамалау негіздері
Ұқсас жаңалықтар:
Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген ортасы. Тезере
Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген ортасымен танысады; Тақырып бойынша алған теориялық білімдерін практикалық тапсырма орындауда тиімді...Пішін және басқару элементтері
Мақсаты: Білімділік: Оқушылар пішін, батырма, енгізу өрісі, жазу, т. б. іспетті барлық визуальды объектілерді объект атауға болады. VISUAL BASIC – те...Timer элементімен жұмыс
Қостанай облысы, Қостанай қаласының «№10 орта мектебі» информатика пәні мұғалімі Утина Альмара Қажиханқызы...Visual Basic программалау тілі бойынша тексеру жұмысы
Visual Basic программалау тілі бойынша алған білімдерін тексеру. Оқушылардың дүниетанымын дамыту, Visual Basic программалау ортасында жұмыс жасау...«Paint» графикалық редакторында практикалық жұмыс
№35 мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Баймурзина Майдагүл Сағынғалиқызы Сабақтың тақырыбы: «Paint» графикалық редакторында...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.