ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН
жалпы орта білім беретін мектептің 1 - 4 сыныптарына арналған
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
«Информатика» пәнінен оқу бағдарламасы
ТҮСІНІК ХАТ
«Математика және информатика» білім беру саласына кіретін оқу пәнінің нысаны - информатика. Заман талаптарына сай информатиканы бастауыш мектептен бастап алғашқы дайындық курсы ретінде ендірудің қажеттілігі бүгінгі күнгі педагогика саласындағы іргелі мәселелердің бірі болып отыр. Бастауыш мектеп оқушыларына информатиканың алғашқы түсініктерімен ұғымдарын беру, сонымен қатар басқа пәндерді оқып үйренуге пәнаралық байланыста жүзеге асыру арқылы қажет болатын біліммен, іскерлікпен, дағдымен қаруландыру және жастарды ақпараттық қоғамда қызмет етуге дайындауға осы кезеңнен бастау қажеттілігі басты назарда болып отыр. Тәуелсіз еліміздің болашағы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне ғылымымызбен біліміміздің өркендеуіне тікелей байланысты. Жаңа информациялық технологияны жылдан жылға кең құлаш жайып дамуы адам қызметінің барлық салаларына енгізілуіне орай, жас ұрпақты компьютерлік технологияны пайдалану үшін даярлауда, олардың компьютерге деген көзқарасын қалыптастырумен қатар, оқушылардың сыныптағы және сыныптан тыс оқу қызметін компьютер арқылы ұйымдастыру.
Оқушылардың бастауыш мектеп кезеңіне тән физиологиялық психологиялық ерекшеліктерін пайдалану арқылы жүзеге асырады. Қазіргі кездегі орта білім беру жүйесіндегі информатиканың рөлінің артуы еліміздің информатика мұғалімдеріне үлкен міндет қойып отыр. Бұл пән арқылы оқушылар ақпараттық мәдениеттің негізі болып саналатын коммуникация мен түсініктердің, ойлаудың математикалық негіздерін меңгереді. Пәннің мазмұны тек жалпы дамушылық міндеттерді ғана қанағаттандырып қана қоймай, сонымен бірге ақпарат туралы ұғымдарды қамтиды.
Бастауыш сыныптарда информатика пәнін оқытудың мақсаты:
Білім беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында оқушылардың ақпараттық әлемдік бейнесін қалыптастыру және жеке тұлғаның өзіне қоғамға қажет қабілеттерін қалыптастырып дамыту. Өз бетімен білім алу өзін - өзі дамытуға жағдай жасау.
Оқушыларға ақпаратты өңдеу, жеткізу және оны пайдалану туралы білімдерді меңгерте отырып, ақпараттық технологияны оқу үрдісінде өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде саналы да тиімді түрде қолдану дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Міндеттері:
- Оқыту тәрбиелеу үрдісіндегі информациялық алмасу сипатын айқындау;
- Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашу;
- Білім алушыларға ақпараттың негізгі қасиеттерімен таныстыру, оларды ақпаратты ұйымдастыру жолдары мен алдыға қойылған мақсатты шешуде оқу іс - әрекетін жоспарлай білуге үйрету; - Қоршаған ортаны жаңа ақпараттық тұрғыдан зерттеу көзқарасын қалыптастыратын ақпараттық үрдістерді табиғат, қоғам, техника аймақтарында қарастыру; - Дайын программаларды қолдана білу шеберлігін арттыру;
- Оқушылардың теориялық шығармашылық қабілеттерін арттыру;
- Тиімді шешімдер таңдай білуге бағытталған оперативті ойлау деп аталатын жаңаша ойлай білуді қалыптастыру;
- Ақпараттық құралдарды ақпараттық технологиялар саласында білім, білік және дағдыларды қалыптастыру, дамыту; - Бастауыш мектептің басқа пәндерін оқытуда қолданатын білім алушыларға компьютерді қолданудың алғашқы білігін қалыптастыру.
Информатика пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;
2 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;
3 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;
4 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат.
Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі информатика пәні бойынша білім алушылардың қызығушылығы мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға, оқу - компьютерлік біліктерінің негізін қалыптастыруға бағытталған оқыту және ойын оқу бағдарламалары.
Пәнаралық байланыс:
- математика
- тарих
- сурет
- сызу
- технология
Күтілетін нәтиже:
- коммуникативті және интеллектуалды біліктілігінің дамуы;
- оқушының информатикалық терминдерді білуі, ойлау қабілетінің дамуы;
- шығармашылық жұмысқа қабілетті, өзіндік ой - өрісі дамыған, ізденімпаз, терең білімді тұлға болуы;
- оқушылардың ойлау қабілетін компьютерлік дамытушы ойындар арқылы дамуы;
- өзіндік танымдық іс - әрекеттерін ақпараттық ортада қалыптастыру;
- оқушыларды ақпараттық қоғамның негізгі талаптарын қанағаттандыратындай деңгейге жеткізу.
- жеке мәтіндер, суреттер, аудио -, видеожазбаларды сақтауға және құруға арналған Microsoft WordPad, Microsoft Paint, Windows Media диск ойнағышын қолдана алады;
- интернеттің қарапайым негіздері туралы: электрондық почта, алгоритмдер және программалар туралы түсінікке ие болады;
- жеке компьютерді және құрылғыларды таңдауды негіздейді;
- ақпарат көздері: кітаптар, журналдар, газеттер, теледидар, Интернетті қолдана отырып, қысқа хабарламалар дайындайды;
- жеке коммуникацияның қазіргі заманғы құралдарын пайдаланады;
- ақпараттық мәліметтердің ұқсастығын тауып, оларды ажырата алады және ақпараттардың есепті шешу үшін жеткіліктілігін анықтайды;
- вирустардың кіру мүмкіндігінен ақпаратты қорғау ережелерін қолданады.
Информатиканы оқыту барысында төмендегідей мазмұндық желілер қарастырылады:
1 - сыныпта - ақпарат нысан және олардың қасиеттері;
- компьютермен танысу;
- жаттығу түрлері;
- пернетақтамен танысу;
- қарапайым жаттығулар;
- ұқсас және әртүрлі нысандар;
- нысандардың әрекеті оларды құрастыру;
- тізбектер және тізбектегі әрекеттер реттілігі;
- жиын және оларды салыстыру;
- жиын және оларды топтау;
- сурет құрау.
2 - сыныпта
- ақпарат және оның түрлері;
- компьютер және оның құрылымы;
- графиктік ақпараттарды өңдеу;
- мәтіндік ақпараттарды өңдеу;
- дыбыстық ақпараттарды өңдеу;
- нысан және оның қасиеттері;
- жиын және олармен жұмыс жасау әрекеттері;
- логикалық тұжырымның мәні.
3 - сыныпта - жиындар; - компьютер және оның құрылымы;
- ақпараттық модельдер;
- әрекеттер және кері әрекеттер;
- тізбектер; - графиктік ақпараттарды өңдеу;
- мәтіндік ақпараттарды өңдеу;
- стандартты бағдарлама.
4 - сыныпта
- алгоритм және оның қасиеттерін;
- алгоритм және оның түрлерін;
- компьютер және оның құрылымы;
- алгоритмді графиктік түрде бейнелеуді;
- сызықтық алгоритмнің мәні мен мағынасын;
- тармақталу алгоритмнің мәні мен мағынасын;
- алгоритм түрлерінің графиктік түрде бейнеленуі;
- графиктік ақпараттардың мүмкіндіктерін қолдану;
- мәтіндік ақпараттардың мүмкіндіктерін қолдану;
- интернет желісін қолдану; - презентация ұғымымен танысу.
ОҚУ ПӘНІНІҢ БАҒДАРЛАМА МАЗМҰНЫ
1 - СЫНЫП (34 сағат)
Кіріспе – 2 сағат.
«Информатика» пәнімен танысу. Техника қауіпсіздігі және компьютерлік сыныпта тәртіпті сақтау ережелері.
Ақпарат – 7 сағат.
Біздің өміріміздегі ақпарат. Қоршаған әлемдегі және табиғаттағы ақпарат. Ақпарат түрлерінің көпбейнелілігі (суреттер, мәтіндер, дыбыстар) және оларды өңдеу тәсілдері. Ақпарат көздері. Дыбыстық және көру ақпарат түрлері. Дәмдік, иіс сезу және сипап сезу ақпарат түрлері. Ақпарат және оның қасиеттері: мағынасы, суреттеу, бағалау.
Модельдеу – 3 сағат.
Нысан моделі туралы түсінік. Нысан және оның қасиеттері (көлемі, пішіні). Нысан және оның қасиеттері (құрамы).
Компьютер құрылысы – 10 сағат.
Компьютермен танысу. Компьютермен жұмыс істеуде қауіпсіздік техникасының ережесі. Жүйелі қорап ұғымы, оның қызметі. Компьютердің қосымша компоненттері және олардың қызметтері (монитор, пернетақта, тышқан). Енгізу құрылғысы. Сақтау құрылғысы. Шығару құрылғысы. Компьютердің жұмыс істеу қағидасы. Компьютерді қосу. Компьютерде жұмысты аяқтау.
Логика элементтері – 5 сағат.
Заттың қасиеті. Маңызды және маңызды емес қасиеттер. Жиын. Жиындарды салыстыру. Жиын және оларды топтау. Ішкі жиындар.
Графикалық редактормен танысу – 7 сағат.
Paint - графикалық редакторымен танысу. Суретті құру. Оны ашу және сақтау. Саймандар панелі. Қалам мен қылқаламмен жұмыс. Суретті өңдеу. Түспен және бейнемен жұмыс.
2 - СЫНЫП (34 сағат)
Кіріспе – 2 сағат.
Техника қауіпсіздігі және компьютерлік сыныпта тәртіпті сақтау ережелері. Өткен сыныптағы материалдарды қайталау.
Логика элементтері – 5 сағат.
Ұғымдардың маңызы. Ұғымдардың өзара қатынасы. «Терістеу» ұғымы. Логикалық қатар. Логикалық пікірлер мен қорытындылар шығару, «ақиқат», «жалған» сөздерімен пікірлер құру. Тұжырымдар.
Ақпарат – 7 сағат.
Ақпарат. Ақпаратты кодтау. Ақпарат алмасу. Ақпараттарды алу арналары. Ақпарат көзі мен оны қабылдаушы. Ақпараттың адам өміріндегі ролі. Ақпаратты тану, сақтау, жеткізу, өңдеу және іздеу.
Компьютер құрылысы – 10 сағат.
Қауіпсіздік техникасы және жұмыс орнын ұйымдастыру. Компьютер – әмбебап есептеуіш машина. Компьютердің негізгі құрылғыларының қызметі мен мүмкіндіктері. Ақпараттық тасымалдауыштар. Компьютердің жұмыс істеу қағидасы. Пернетақта және тышқан. Алфавиттік пернелер. Цифрлық пернелер. Функциональді және басқарушы пернелер. Тышқан.
Графикалық редактор – 10 сағат.
Paint бағдарламасы - графикалық редактор. Графикалық редакторлар, түрлері және олардың негізгі мүмкіндіктері. «Бүріккіш» құралы. «Қарындаш», «Өшіргіш» құралдары. «Сызық», «Доға» құралдары. «Эллипс» және «Тіктөртбұрыш» құралдары. «Шашыратқыш» құралы. Берілген бейнені өңдеу. Графикалық нысандармен жұмыс. Түстер палитрасы.
3 - СЫНЫП (34 сағат)
Кіріспе – 2 сағат.
Техника қауіпсіздігі және компьютерлік сыныпта тәртіпті сақтау ережелері. Өткен сыныптағы материалдарды қайталау.
Ақпарат – 7 сағат.
Ақпарат, оның түрлері мен қасиеттері. Ақпаратты өңдеу тәсілдері. Ақпараттың көлемі. Өлшем бірліктері. Ақпаратты түрлендіру. Ақпаратты кодтау. Ақпарат көздері. Әр түрлі табиғат жүйесіндегі ақпараттық процестер. Ақпаратты түрлендіруде және жаңа ақпаратты алудағы адамның ролі.
Модельдеу – 3 сағат.
Нысан ұғымын қайталау. Нысандар жиыны. Өмірдегі модельдер. Модельдер классификациясының негізгі түрлерімен танысу. Модельдерге мысалдар.
Компьютер құрылысы – 6 сағат.
Қауіпсіздік техникасы және жұмыс орнын ұйымдастыру. Программалық жабдықтамалар. Есептеуіш техникасының даму тарихы. Компьютер жадысының түрлері. Ақпараттарды компьютерде сақтау. Дербес компьютердің құрылысы. Компьютердің қосымша құрылғылары. Компьютерді қосу және компьютерде жұмысты аяқтауды қайталау.
Стандартты бағдарламалар – 8 сағат.
Стандартты бағдарламамен танысу. WORDPAD мәтіндік редакторы. Оны іске қосу. Блокнот бағдарламасы. Блокнот бағдарламасын іске қосу. Калькулятор бағдарламасы. Калькуляторды іске қосу. Калькулятормен жұмыс жасау.
Графикалық ақпаратты өңдеу – 8 сағат.
Microsoft Paint бағдарламасы - графикалық редакторын еске түсіру. Саймандар панелі. Суретті өңдеу. Суретті қарап шығу режимі. Мәтіні бар суреттер салу. Мәтін теру. Құттықтау қағазын құрастыру. Суретті қағазға басып шығару.
4 - СЫНЫП (34 сағат)
Кіріспе – 2 сағат.
Техника қауіпсіздігі және компьютерлік сыныпта тәртіпті сақтау ережелері. Өткен сыныптағы материалдарды қайталау.
Мәтіндік ақпаратты өңдеу – 6 сағат.
Microsoft WordPad мәтіндік редактор. Құжатты құру және қарапайым өңдеу. Мәтін фрагментімен жұмыс, қою, жою және символдарды ауыстыру. Бет өлшемі, сызықтың (поля) шамасы. Беттің бағыты және нөмерлеу. Дұрыс жазу ережесін тексеру. Қаріп пішімін өзгерту, абзац пішімі, отступ (бос жер). Мәтіндік құжатқа тізім, кесте және графикалық нысанды қою. Алдын - ала көру. Құжатты басып шығару.
Алгоритм – 10 сағат.
Алгоритм туралы түсінік. Алгоритмнің қасиеттері. Қарапайым логикалық есептерді шешу. Алгоритмді жазу түрлері: блок - схемалар. Сызықтық алгоритмі. Тармақталу алгоритмі. Циклдік алгоритмі. Алгоритм атқарушы – «Қара жәшік». Алгоритм атқарушы – «Шегіртке». Есептер шығару кезеңдері.
Графикалық ақпаратты өңдеу – 6 сағат.
Мәтіндік редактор. Мәтіндік ақпараттарды өңдеу. Графикалық редактор. Компьютерде графикалық ақпаратты өңдеу. Сандық ақпараттарды өңдеу. Калькулятор. Дыбыстық ақпараттарды өңдеу. Фонограф бағдарламасы.
Телекоммуникация – 4 сағат.
Интернет туралы түсінік. Ақпаратты белгілі адреспен іздеу технологиясы.
Электронды пошта туралы түсінік және адресті толтыру ережесі. Электронды поштамен жұмыс. Бүкіләлемдік торда саяхат.
Программалық жабдық негізі – 6 сағат.
Microsoft Power Point бағдарламасы. Power Point құжатын ашу. Оны құру, және сақтау. Қарапайым презентация құру. Windows Media диск ойнағышымен танысу. Компьютерді вирустан қорғау: қауіпсіздік негіздері.
Оқушылардың білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар
1 - сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:
- компьютер сыныбында тәртіп сақтау ережелері мен техника қауіпсіздігін;
- көздің шаршағандағы қалпына келтіретін негізгі жаттығуларды;
- компьютердің негізгі құрылғыларының қызметін;
- пернетақта қызметін;
- нысан ұғымының мағынасын және оның қасиеттерін;
- ақпарат және оның түрлері туралы түсініктерді;
- ақпарат қасиеттерін;
- «жиындар» ұғымын;
- графикалық редактордың мүмкіндіктерін.
1 - сыныптың соңында оқушылар меңгеруі тиіс:
- компьютер сыныбында тәртіп сақтау ережелері мен техника қауіпсіздігін сақтай білуді;
- көздің шаршағандағы қалпына келтіретін негізгі жаттығуларды орындай білуді;
- компьютердің негізгі құрылғыларының қызметін орында пайдалана білуді;
- қарапайым мәтіндерді теруде пернетақтаны пайдалана білуді;
- нысандарға мысалдар келтіре білуді және олардың қасиеттерін (түсін, пішінін, құрамын, ұқсас және қарама - қарсы белгілерін) анықтай білуді;
- ақпарат түрлерін ажырата білуді;
- ақпарат көзі мен қабылдаушысын ажыратып, мысал келтіруді;
- графикалық редактор құралдарын орында пайдалана білуді.
2 - сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:
- компьютер сыныбында тәртіп сақтау ережелері мен техника қауіпсіздігін;
- көздің шаршағандағы қалпына келтіретін негізгі жаттығуларды;
- логика алгебрасының кейбір түсініктерін - тұжырым (айтылым), ақтқат, жалған және терістеу ұғымдарын;
- ақпарат қасиеттерін;
- ақпарат көзі мен оны қабылдаушы туралы мағлұматтарды;
- ақпаратты кодтау туралы мағлұматты;
- пернетақта мен «тышқан» қолтетігінің атқаратын қызметін;
- компьютердің негізгі құрылғыларының қызметін;
- графикалық редактордың құрал саймандарының мүмкіндіктерін.
2 - сыныптың соңында оқушылар меңгеруі тиіс:
- компьютер сыныбында тәртіп сақтау ережелері мен техника қауіпсіздігін сақтай білуді;
- көздің шаршағандағы қалпына келтіретін негізгі жаттығуларды орындай білуді;
- логика түсініктерін ажырата білуді;
- ақпарат көзі мен қабылдаушысын ажыратып, мысал келтіруді;
- кодтар кестесі көмегімен ақпараттарды кодтай білуді;
- «тышқан» қолтетігін пайдалана білуді;
- компьютердің негізгі құрылғыларының қызметін орында пайдалана білуді;
- графикалық редактордың құрал саймандарының ажыратып пайдалана білуді.
3 - сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:
- компьютер сыныбында тәртіп сақтау ережелері мен техника қауіпсіздігін;
- ақпарат түрлерін;
- ақпараттың өлшеу бірліктерін;
- «модельдер» ұғымын;
- графикалық және ақпараттық модельдер түсінігін;
- компьютердің қосымша бөліктерін, құрылғысын және оның қызметін;
- компьютердің стандартты бағдарламаның бөлімдерін тануды;
- калькуляторда жұмыс істеу тәсілдерін;
- графикалық редакторда жұмыс істеу тәсілдерін;
- мәтіндік редакторда жұмыс істеу тәсілдерін;
- мәтін теру ережесін.
3 - сыныптың соңында оқушылар меңгеруі тиіс:
- компьютер сыныбында тәртіп сақтау ережелері мен техника қауіпсіздігін сақтай білуді;
- ақпарат түрлерін ажырата білуді;
- ақпарат өлшем бірліктерін ажыратуды;
- компьютердің стандартты графиктік интерфейсін қолдануды;
- қарапайым графиктік редактор құралдарымен графиктік объектілерді салуды;
- мәтіндік редактор құралдарымен мәтінді теруді;
4 - сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:
- компьютер сыныбында тәртіп сақтау ережелері мен техника қауіпсіздігін;
- мәтіндік редакторда жұмыс істеу тәсілдерін;
- мәтін теру ережесін;
- мәтінді редакциялау және пішімдеу тәсілдерін;
- мәтінді баспаға шығару жолын;
- алгоритм және атқарушы ұғымын;
- алгоритмді блок - схема арқылы жазуын;
- сандық, дыбыстық ақпараттарды өңдеу бойынша бағдарламаларда жұиыс істеу тәсілдерін;
- интернетте ақпаратты іздеу әдістерін;
- электронды поштаны пайдалану жолын;
- презентация ұғымын;
- қарапайым презентация құру тәсілдерін;
- вирус ұғымын.
4 - сыныптың соңында оқушылар меңгеруі тиіс:
- компьютер сыныбында тәртіп сақтау ережелері мен техника қауіпсіздігін сақтай білуді;
- мәтіндік редактор құралдарымен мәтінді теруді;
- мәтінді баспаға шығаруды;
- алгоритм құра білуді;
- сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдерді орындай білуді;
- мәтінді теруді және пішімдеуді;
- интернет желісінде ақпаратты іздеуді іске асыруды;
- электронды поштаны пайдалануды;
- қарапайым презентациялар құруды.
ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Курстың теориялық бөлімі ақпараттық процестен ақпараттық технологияларға (ақпараттық процестердің орындалуын жүзеге асыратын алгоритмдерді құру, кез келген ақпаратты екілік кодтау түрінде көрсету мүмкіндіктері және т. б.) өту шартын ашуды негізге ала отырып құрылған.
Курстың практикалық бөлімі оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру ғана емес, басқа да оқу пәндерін меңгеру тиімділігін жоғарылату, сонымен қатар пәнаралық, жалпы оқу біліктіліктерін қалыптастыруға қажетті ақпараттық технология құралдарын пайдалану дағдыларын меңгеруіне бағытталады.
Бастауыш сыныптарда информатика пәнін оқытуға негіз болатын басты факторлар мыналар:
- бастауыш мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу;
- ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту;
- бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастыра отырып, әлемдік – ақпараттық білім кеңістігін даярлау.
Бастауыш сыныпта информатика пәнін оқытудың оқу бағдарламасы бастапқы түсініктер қарастырылады және машинамен қарым - қатынас жасау дағдысын үйренеді.
Ұсынылып отырған информатика пәнін оқытудың оқу бағдарламасы орта мектепте информатика курсын 1 - 4 сыныптарда ерте оқытуға арналған.
Информатикадан 1-4 сыныптарға арналған бағдарлама
- Инкара
- 19 қараша 2013
- 30800
- 0
- 0
Ілмек сөздер: бағдарлама, Информатикадан 1-4 сыныптарға арналған бағдарлама
Ұқсас жаңалықтар:
Ең үздік информатик
Бұл сайыстың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін нығайту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, топпен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру. Ойын...Тест 6 сынып (І- тоқсан бойынша)
1. Информатика – бұл … ғылым А) техникалық тасымалдаушыға ақпараттарды орналастыру туралы; Ә) мәліметтерді сақтау және берілгендерді сұрыптау туралы;...Мәтін теру технологиясы тақырыбындағы қолдаңбалы курс
Тараз қаласы, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, "Бірлесу - Еңбек" орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Қырықбаева Эльмира Рапильбековна...Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері. Сабақтың мақсаты: Білімділік: компьютердің құрамына кіретін...Тест тапсырмасы
Ақтөбе облысы Ойыл ауданы, Қараой мектеп-балабақшасы информатика пәні мұғалімі Құмарова Айнұр Сұлтанәліқызы 1. Қоршаған орта мен ондағы болып жатқан...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.