Сайтқа кіру Тіркелу

Кестелермен жұмыс

Кестелермен жұмыс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға, біріктіруге және бөліктерге бөлуге үйрету.
Тәрбиелілік: Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа,
компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге
деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: өзін – өзі басқару
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: ДК, Microsoft Office Word 2007 бағдарламасы, интерактивті тақтада дайындалған слайдтар, деңгейлік тапсырмалар, оқулық, жұмыс дәптері, оқушылардың бағалау парағы.

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (тест)
ІІІ. Жаңа тақырып
ІV. Сабақты бекіту
V. Қорытындылау
VІ. Үйге тапсырма
VІІ. Бағалау

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
ә) оқушылардың назарларын сабаққа аудару.
б) бағалау парақшасымен таныстыру
ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау.

Тест сұрақтары
1. Microsoft Office Word мәтіндік процессорды қалай іске қосуға болады?
А) Жіберу - Бағдарламалар - Microsoft Office - Word командаларын орындау арқылы*
В) Файл – Ашу
С) Файл – Құру
2. MS Word стандарт тақтасының орналасуы:
А) аспаптар панелінде*
В) тақырып жолында
С) есептер тақтасында
3. Мәтінді туралаудың түрлері:
А) жоларалық интервал түрлерімен
В) шегініс және аралық
С) сол жақ, орта, оң жақ, ені бойынша туралау*
4. Жоларалық интервалдың қызметі:
А) белгіленген бөліктен анимация типтерінің тізімін таңдауға мүмкіндік береді
В) арақашықтықты пунктпен көрсетуге мүмкіндік береді*
С) мәтін жоғарылап, символ өлшемі кішірейеді
5. MS Word программасында беттің параметрін қалай орнатамыз?

А) Беттің бөлігінің көлемі – Ориентация (бөлік) – кітаптық, альбомдық.*
В) Қою – Бөлу – Жаңа бетке
С) Қою – Беттің нөмірлері
6. Алмасу буфері дегеніміз не?
А) қатқыл дискідегі файл
В) қатқыл дискінің резервті аумағы*
С) файлдар мен бумаларды тұрақты сақтауға арналған сыйымдылық
7. MS Word программасында беттің нөмерленуін қалай қоямыз?
А) Кірістіру – Беттің нөмірлері – Орналасу – ОК*
В) Кірістіру – Бөлу – Жаңа бетке - ОК
С) Файл – Беттің параметрлері
8. Мәтіндік редакторларда бір сөз екінші сөзден қалай ажыратылады?
А) қос нүктемен
В) бос орынмен*
С) үтірмен

9. Мәтінді редакциялау дегеніміз не?
А) мәтіндік ақпаратты компьютерлік желі арқылы жіберу
В) мәтінді дискіге мәтіндік файл ретінде сақтау процесі
С) берілген мәтінге өзгерістер енгізу процесі*
10. Мәтіндік редактордағы мәтін бөліктерін көшіру үшін алдымен не істеу керек?
А) алдыңғы мәтінді дискіге жазу
В) жаңа мәтіндік терезе ашу
С) көшірілетін бөлікті ерекшелеу *
ІV. Жаңа сабақ

Біздің өмірімізде мәтінді безендіру немесе құжатты кесте түрінде даярлау жиі кездеседі. Оларға: мектеп журналдары, үлгерім табелі және сіздердің күнделік парақтарың т. б. MS Word мәтіндік процессоры кесте құруды жеңілдетеді, ол өзіне бағандардың енін есептеу мәселелерін жүктейді.

Сонымен, Кесте – бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды.

Кесте құрудың екі әдісі бар:
1 Вставка - Таблица - Вставить таблицу командаларын орындау арқылы.
2 Меню жолынан «Таблица» командаларын пайдалану.
Осы екі әдістің айырмашылығы мынада: 1 әдіс бойынша компьютер 10 бағаннан артық емес кесте құрады. Егер үлкен санды бағандар кестесін құру керек болса, онда екінші әдісті қолданамыз. Біз көбінесе екінші әдісті қолданамыз.

Сонымен, «Меню жолы» арқылы кесте құру, безендіру және жиектеу алгоритмдерін қарастырайық.

Кесте құрудың алгоритмі
1 Меню жолынан «Таблица» командасын таңдау.
2 «Добавить таблицу» батырмасын шерту.
3 «Вставка таблицы» диалогтық терезесінде бағанның және жолдың тиісті сандарын енгізу керек.
4 «ОК» батырмасын шерту.
Кесте безендіру алгоритмі
1 Кестені бөліп алу.
2 Конструктор > Стили таблиц командаларын орындау.
3 Заливка арқылы кесте фонын таңдау.
Кесте жиектеу алгоритмі

1 Кесте торын алып тастағыларың келетін ұяшықты немесе ұяшықты толық белгілеу.
2 Разметка страницы > Границы и заливка
3 Границы и заливка диалогтық терезеде Граница қосымшасы қосылады
4 Жақтаудың Нет типін таңдаңдар да, ОК шерту.

Кесте құруда тышқанның немесе абзацтық шегіністер көмегімен бағанның ені мен жолдың биіктігін өзгертуге болады. Tab пернесімен кестеге жаңа жол қосуға болады, ал алдыңғы ұяшыққа қайтып келу үшін Shift+Tab пернесін басса жеткілікті.

Кестеге Добавить столбцы, Добавить строки, Добавить ячейки, Разбить ячейки, Разбить таблицу, Объединить ячейки, Удалить ячейки, Удалить столбцы, Удалить строки (бағандар мен жолдар қосуға, ұяшықтарды бөлу, біріктіру, жою) командаларын орындай отырып, кестені құруға және жоюға болады.

Әрқайсыңның партаңда деңгейлік тапсырмалардың жоспары жатыр. Жоспар бойынша MS Word мәтіндік процессорында деңгейлік тапсырмаларды орындаңыздар.

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,
Сағыз селосы, № 9 орта мектебінің
ІІ санатты информатика пәні мұғалімі
Сұлтанова Раушан Кәдірбекқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×