Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Ақпаратты электронды кестелерде өңдеу.
Сынып: 8 сынып Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы: Статистикалық мәліметтер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
8. 2. 2. 2 абсолютті және салыстырмалы сілтемелерді қолдану.
Сабақтың мақсаты: 1. Статистикалық мәліметтер туралы білу. 2. Салыстырмалы және абсолюттік сілтемелерді түсіну.
3. Абсолютті және салыстырмалы сілтемелерді практикада қолдана алу.
Бағалау критерийі: 1. Статистикалық мәліметтер туралы біледі.
2. Салыстырмалы және абсолюттік сілтемелерді түсіндіреді.
3. Абсолютті және салыстырмалы сілтемелерді практикада қолданады.
Тілдік мақсаттар:
Академиялық тілді оқытуға және пәнге қатысты сөздік қоры мол терминдер: Excel программасы, ұяшық, сілтеме, баған, ұяшық диапазоны, жол, формула, абсолюттік, салыстырмалы.
Диалогтар мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:
1............. бұл формуланы жазу барысында қолданылатын нысан адресі.
2. Белгілі бір ұяшықтың берілген ұяшыққа салыстырмалы түрдегі адресін............... көрсетеді.
3............. бағаны абсолютті, ал жолы салыстырмалы немесе керісінше болатын адрестеу түрі.
Құндылықтарға баулу:
Өзгеледің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау, шығармашылық пен сын тұрғысынан ойлау
Пәнаралық байланыс: Математика, ағылшын
Алдыңғы білім:
Сілтемелер және гиперсілтемелер. http://schools. norfolkgov. uk/ index. cfm? s=1&m=1146&p= 412, page&id=263
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі.
Көңіл - күй фишкасы.
Көңіл - күйлеріңіз қалай? Олай болса, алдарыңыздағы көңіл күй фишкаларын қолдарыңызға алып, өз көңіл - күйлеріңізді білдірулеріңізді сұраймын.
Топқа бөлу: «Жемістер», яғни «алма», «банан», «апельсин» арқылы 3 топқа бөлінеді.
Алдыңғы оқу.
«Ашық микрофон» әдісі арқылы оқушыларға сұрақ қоямын, сол сұраққа жауап береді, ол оқушы келесі оқушыға сұрақ қояды және жауап алады да, ары қарай жалғастырады.
Дескриптор:
- Ашық сұрақ қояды
- Сұрақтарға дұрыс және нақты жауап береді.
Жемістер
Сабақтың ортасы
«Өкіл» әдісі. (топтық жұмыс)
Үш топқа үш түрлі, абсолюттік, салыстырмалы және аралас сілтемелерге ресурстар беріледі. Үш топ өз ресурстарын оқып, 1 топ 2 - ге, 2 топ 3 - ге, 3 топ 1 - ге өз ресурстары бойынша топқа түсіндіреді. Сол түсінген мағлұматтары бойынша саралап өз ойларын постерге түсіреді.
Дескриптор:
- Ресурсты түсініп оқиды.
- Басқа топтарға түсіндіреді.
Өзара бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек»
Екі жұлдызын және бір ұсынысын білдіреді. Осылайша бір бірін өзара бағалайды.
«Сиқырлы сандық» әдісі. Жеке жұмыс.
Әр оқушы тапсырманы жеке компьютерде орындайды.
Тапсырма:
Абсолюттік, салыстырмалы және аралас сілтемелердің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын компьютерден практика жүзінде көрсету.
Дескриптор:
- Абсолюттік, салыстырмалы және аралас сілтемелерді біледі.
- Абсолюттік, салыстырмалы және аралас сілтемелердің белгіленулерін бір бірінен ажырата алады.
- Абсолюттік, салыстырмалы және аралас сілтемелерді есеп шығару барысында қолдана алады.
ҚБ «Бағдаршам» әдісі.
флипчарттар, маркерлер
Компьютермен жұмыс
Сабақтың соңы
«Сен маған, мен саған» әдісі.
Мұғалім топтарға сұрақ қояды, оқушылар осы сұраққа жауапты нақты дәлелдермен беру керек.
- Абсолюттік сілтеме қалай жүзеге асырылады?
- Салыстырмалы сілтеме ше?
- Аралас сілтемені қалай түсінесіз?
- Қандай ұғым туындады деп ойлайсыз?
Дескриптор:
- Әр топ сұраққа жауап береді.
Кері байланыс: «Кері байланыс бутерброды».
Тақтаға бутербродтың суреті ілінеді. Мадақ, сын, мадақ айту арқылы оқушылар өз пікірлерін стикерге жазып, керібайланыс бутербродына жабыстыру арқылы білдіреді. Стикерге жазылған пікірлерге мұғалім оқушыларға ауызша кері байланыс береді.
Карточкалар
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
Мен сабақта оқушыларға әдіс - тәсілдердің көмегімен тапсырмаларды орындатуға тырыстым. Тапсырмаларды қолдану барысында оқушыларға тиімді оқытуды ұсындым. «Ашық микрофон» әдісі оқушылардың белсенді оқуын қалыптастырады. Ал «Өкіл» әдісі арқылы оқушылар топтар арасында бірлескен оқу ортасын қалыптастырады және диалогқа түсу арқылы саралау тәсілін пайдаланады. Диалогқа түсу арқылы ойларын саралап, тиімді шешім қабылдайды. «Сиқырлы сандық» әдісі арқылы оқушылар жеке жұмыс жасайды, берілген тапсырма барысында деңгейлеріне қарай сараланған тапсырмалар берілген. А деңгейлі оқушы абсолюттік, салыстырмалы және аралас сілтемелерге анықтама беруі мүмкін, ал В деңгейлі оқушы абсолюттік, салыстырмалы және аралас сілтемелерді бір бірінен белгіленулері арқылы ажыратып, ұқсастықтарын сипаттай алады, ал С деңгейлі оқушы осылардың барлығын практикада қолдана алады.
“Сиқырлы сандық” әдісі арқылы берілген тапсырмаларды орындау барысында барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болуы мүмкін. Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істеуі мүмкін және тапсырманы орындау барысында нақты көмекті қажет етуі мүмкін. Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады. Әртүрлі деңгейдегі оқушыларды топтастыру жоғарғы қабілетті балалар сыныптастарына қолдау көрсетеді. Қабілетіне қарай ауызша кері байланыс беру арқылы балаларға сыныптастары тарапынан не болмаса мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі. Шығармашылық тапсырма арқылы дарынды балалар үлгерімі төмен оқушыларға түсіндіреді.
Маған жоғарыда көрсетілген әдістер, яғни «Ашық микрофон», «Өкіл» әдісі, «Сиқырлы сандық», «Сен маған, мен саған» әдістерін қолданып, оқушыларға берілген оқу тапсырмаларым сабақтың мақсатына жетуіме көмектесті.
Бағалау критерийлерін толықтыру мақсатына сай: жеке, топтық жұмыстарда бағалау жүзеге асырылады. Әр тапсырма соңында жазбаша, ауызша түрде, оқушыларды ынталандыру үшін жүргізілді.
«Екі жұлдыз, бір тілек», «Бағдаршам» әдісі, «Кері байланыс бутерброды» әдістері арқылы қалыптастырушы бағалауды жүзеге асырдым. Қауіпсіздік техникасы ережелері сақталып, оқушы жас ерекшелігіне қарай жұмыс жасады.
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?
Сабақ мақсаттары SMART мақсатта жасалған. Оқушыларға әдіс тәсілдер тапсырманы терең меңгертуге және оқу мақсатына жетуіне көмектесті. Жағдаяттан шығу жолдары да қарастырылған.
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді. Оқу мақсатына жетуге бағытталған тапсырмалар «Өкіл» әдісі мен «Сиқырлы сандық» белсенді әдістері арқылы беріліп, «Сен маған, мен саған» әдісі арқылы сұрақтарға жауап берді және қорытындылады.
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді. Практикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың білімдері анықталып, саралау тапсырмалары жүргізілді.
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландым. Уақыт өз шеңберінде орын алды.
Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ, Жоспар бойынша жүргізіліп отырды.
Жалпы бағалау
Оқушыларды қалыптастырушы бағалау арқылы әр әдіс - тәсілдерде берілген тапсырмалардың орындалуына қарай өзара бағалау жүргізіліп жатты.
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1: Практикалық жұмысты орындау барысында оқушылардың қызығушылықтарының артуы.
2: Жемістер арқылы топқа бөлу кезінде
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1: Оқушылардың сабаққа бұдан да белсене қатысулары мен қызығушылықтарының артуы ықпал етер еді.
2: Тапсырмалардың қызықты және практикада қолданылатын түрлері, логикалық тапсырмалар мен жабық сұрақтарды пайдалану оң ықпал етер еді.
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері, қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы жетістіктерін айтар болсам, барлығы бірлесе отырып, компьютердегі орындалған жекелей практикалық жұмыстарды жақсы орындады. Орындау барысында ешқандай қиыншылықтар туындамады.
Мектеп: Б. Кейкиев атындағы орта мектебі
Күні: Мұғалімнің аты - жөні: Алимбекова М
Статистикалық мәліметтер
- monika
- 20 ақпан 2019
- 4688
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Статистикалық мәліметтер, Салыстырмалы және абсолюттік сілтемелерді түсіну
Ұқсас жаңалықтар:
«Алып Ер Тоңға» жыры
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 6 Б/С1 Шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және...Металдар және бейметалдар
Химиялық элементтердің периодтық кестеде орналасуына сай қасиеттерін болжау....Ақпаратты шифрлеу
Сабақтың мақсаты - Мәтіндік ақпараттың кодтау және декодтаудың жолдарын түсіну және қолдану. - мәтіндік ақпаратты кодтау және декодтау әдістерін...5 саны мен цифры
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 1. 1. 1. 2 **бір таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру 1. 1. 1. 3 **бір таңбалы сандардың құрамын...Ауаның қасиеттері
М. Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп – интернатының география пәні мұғалімі Нурбаева Мирамгуль...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.