Сайтқа кіру Тіркелу

Тотығу - тотықсыздану реакциясы

Химия 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Тотығу – тотықсыздану реакциясы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға тотығу – тотықсыздану реакциясын электрон – баланс әдісімен теңестіру дағдысын қалыптастыру
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық қабілетін дамыту, есте сақтау, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, ұқыптылыққа, мақсатқа жете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді бекіту сабағы.
Сабақтың типі: СТО элементтері, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың әдісі: Практикалық жұмыс, сұрақ - жауап, топтық жұмыс.
Көрнекілігі: Кесте, топшамалар, үлестірмелі қағаз, формула
жазылған плакат.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
Ұйымдастыру бөлімі
1. Сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3. Сәттілік тілеу – психологиялық дайындық.
Сабақтың жоспары:
І кезең.
Қызығушылықты ояту
1. Танымдық сұрақтар беру
2. «Кім жүйрік»
ІІ кезең. «Бәрін білгім келеді» (жаңа ақпартпен танысу)
ІІІ кезең. Бекіту бөлімі. Жаңа білімді игеру деңгейін анықтау.
а) «Кім жылдам» ә) «Ойлан тап» в) «Миға шабуыл»
Қорытынды.
Үйге тапсырма.
Бағалау.
І. Қызығушылықты ояту. Танымдық сұрақтар беру
1. Тотығу дәрежесі дегеніміз не?
2. Жай заттардың тотығу дәрежесі нешеге тең?
3. Қосылыстарда материалдар қандай тотығу дәрежесін көрсетеді

ІІ кезең. «Бәрін білгім келеді»
Жаңа ақпаратпен таныстырылады. Оқушыларды шығармашылыққа баулу мақсатында тақырыпқа сәйкес қосымша ақпарат бере отырып, бүгінгі сабақтың өзектілігін ашуға тырыстым.

Тотығу – тотықсыздану реакциясы процесіне

Электорлиз
Жану
Коррозия

Фотосинтез
Бұған дейін біздер коррозия мен фотосинтез процесімен таныстық.
Коррозия металдардың ауада өздігінен тотығып бүлінуі, тат түзуі.
Фотосинтез процесінде өсімдіктер ауадан көмірқышқыл газын сіңіріп сумен әрекеттесіп, органикалық затпен оттегі бөліп шығарады. Ал адамдарда тыныс алу процесі кезінде фотосинтезге кері процес жүреді. Тотығу – тотықсыздану реакциясын анықтауда А. Л. Лавуазьенің еңбегі көп. 1920 - 1930 жылдар химияда электрондық түсініктің қалыптасуына байланысты оттек қатыспайтын реакциялардың да тотығу – тотықсыздану реакциялары көбінесе электрондық теңдеулермен өрнектеледі. Зарядтардың сақталу заңына қайшы келмес үшін тотығу – тотықсыздану реакциялар кезінде тотықтырғыштың қосып алған электрондар саны тотықсыздандырғыштың берген электрондар санына тең болуы керек деген жалпы ереже сақталады.
Сабақты бекіту мақсатында деңгейлік тапсырманы ойын элементтері түрінде бердім.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тотығу дәрежесі. Тотығу - тотықсыздану реакциялары

Тотығу дәрежесі. Тотығу - тотықсыздану реакциялары

«Тотығу дәрежесі» ұғымын бекіту, тотығу - тотықсыздану ұғымдарын түсіндіру, тотығу - тотықсыздану реакциясын электрон - баланс әдісімен теңестіру...
Судың құрамы. Қасиеттері және қолданылуы (зертханалық тәжірибе)

Судың құрамы. Қасиеттері және қолданылуы (зертханалық тәжірибе)

Химия пәні мұғалімі Анар Кадина...
Бейметалдардың жалпы сипаттамасы. ІV А топша элементтерінің  жалпы сипаттам ...

Бейметалдардың жалпы сипаттамасы. ІV А топша элементтерінің жалпы сипаттам ...

Сабақтың тақырыбы: §8. 3. Бейметалдардың жалпы сипаттамасы. §8. 4. ІV А топша элементтерінің жалпы сипаттамасы....
Оксидтердің аталуы

Оксидтердің аталуы

Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Аралбай ауылы химия пәнінің мұғалімі Естайлақ Ақгүл Сабақтың тақырыбы: «Тотығу. Оксидтер. Олардың аталулары» ...
Фосфор және оның қосылыстары

Фосфор және оның қосылыстары

Мақсаты: а) білімділік - фосфордың периодтың жүйедегі орнына байланысты оны Y топ элементі ретінде сипаттау, маңызды қасиеттерімен таныстыру. б)...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×