Сайтқа кіру Тіркелу

Көмірсулар. Моно және дисахаридтердің химиялық қасиеттері

Тақырыбы:«Көмірсулар. Моно және дисахаридтердің химиялық қасиеттері»
Сабақтың түрі: Біріктірілген сабақ
Қолданылған технологиялар: интерактивті тақта, Power Point бағдарламасы, бейнебаяндар, презентациялар
Қолданылған әдіс - тәсілдер: фронтальді сұрау, тақырыптық ойындар, тарихи жұмбақтар шешу, тестілеу, карточкамен жұмыс
Білімділік мақсаты: Көмірсулардың құрамы, құрылысы және қасиеттерімен танысу.
Тәрбиелік мақсаты: - әділдікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Дамытушылық мақсаты: - жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал ету, оқушылардың химия ғылымына қызығушылығын дамыту, логикалық ойлану қабілеттерін ояту

Сабақтың әдістемелік мақсаты:
- білім алуда белгілі бір мақсатқа дәстүрлі емес әдістер арқылы жету
- бірі - бірінің білімін бағалай білу
- өзгенің білімін, еңбегін бағалау арқылы өз білім деңгейін салыстыра алуына мүмкіндік туғызу;
Студент білуі керек:
- көмірсуларды химиялық, биологиялық жолмен синтездеу
- көмірсулардың құрамы, құрылысы және функциялары

Пәнаралық байланыс:
медициналық биология, биохимия, жалпыгигиена

Сабақ өткізетін орны: Мультимедия кабинеті
Сабақтың құрылымдық – логикалық схемасы
Сабақты ұйымдастыру – 2 мин
Оқу қызметін негіздеу – 3 мин;(сабақтың жоспарымен таныстыру)
Тірек білімін өзектендіру – 20 мин;( есеп, ой қозғау, суретті жұмбақтар)
Жаңа тақырыпты түсіндіру – 40 мин; (презентация, тәжірибе, бейне фильм)
Жаңа тақырыпты бекіту – 20мин;(рефлексия, тарихи жұмбақ, мини футбол ойыны)
Үйге тапсырма беру – 5 мин.(есептер, жобалар т. б)
Сабақтың ұзақтылығы - 90 мин

Сабақтың жоспары:
1. Сабақты ұйымдастыру - 2мин:
Оқытушы оқушылармен амандасып, оқушыларды тізім бойынша тексереді, сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілейді. Сонымен қатар оқушылардың сабаққа қатысулары үшін сыртқы формаларына – таза, үтіктелген ақ халат, екінші аяқ киім, медициналық бас киім, болуын тексереді

2. Оқу қызметін негіздеу - 3мин:
Оқытушы сабақтың өту барысын және мақсатың хабарлайды.
Көмірсулар табиғатта ең маңызды және кең тараған органикалық заттардың бірі. Көмірсулар да ақуыздар сияқты жасушаның құрамында болып, тірі ұлпаның, мүшенің одан әрі бүкіл ағзаның тіршілігі үшін қажет заттар.
Сондықтан көмірсулардың құрылысы мен құрамын және қызметін жан - жақты білу қажет. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты көмірсулардың құрамы, құрылысы және қасиеттерімен танысу.

3. Тірек білімін өзектендіру - 20мин; Ой қозғау. Затты ата
Ақуыздар дегеніміз не?
Аминоқышқылдардың қасиеттері қандай?
Аминоқышқылдардың ерітінділері неге бейтарап болады?
Аминоқышқылдардың құрамында қандай функционалдық топтар болады?
Карбоксил тобы қандай органикалық қосылыста болады.
Аминоқышқылдар арасында қандай байланыс түзіледі?
Ақуыздардың біріншілік, екіншілік, үшіншілік құрылымы қандай?
Денатурация дегеніміз не?
Келесі пептидтердің формуласын жаз: а) глицин – аланин б) валил – аланил – глицин
Ксантопротеин реакциясы дегеніміз не?
Биурет реакциясы дегеніміз не?
Миллон реакциясы дегеніміз не?
Нингидрин рекациясы дегеніміз не?
Гемоглобин ағзада қандай қызмет атқарады, оның құрылысын сипатта
Ақуыздардың ағзадағы рөлі қандай?

интерактивті тақтадан ұяшықтар көрсетіледі, ұяшықтарды сұрақтар берілген. 3 оқушы сұрақ таңдап жауап береді.
Үш оқушы орындарында отырып пептидті тізбектер жазуға жаттығулар орындайды.

4. Жаңа тақырыпты түсіндіру – 40 мин;
Дәріс жоспары
Көмірсулар туралы түсінік
Көмірсулардың жіктелуі
Моно және дисахаридтердің қасиеттері.
1. Көмірсулар табиғатта ең маңызды және кең тараған органикалық заттардың бірі. Көмірсулар да ақуыздар сияқты жасушаның құрамында болып, тірі ұлпаның, мүшенің одан әрі бүкіл ағзаның тіршілігі үшін қажет заттар.
Адам ағзасындағы көмірсулардың атқаратын қызметтері:
Энергетикалық қызмет - көбінесе қор түрінде болатын крахмал мен гликоген атқарады. Жасушадағы қор ретінде жиналған крахмал мен гликоген тез глюкозаға айналады. Тамақпен бірге түскен гликоген мен крахмал ас қорыту жолдарындағы ферменттердің қатысуымен глюкозаға айналады.
Тірек қызметі – өсімдіктерде целлюлоза, адам сүйегінде хондроитинсульфат тірек қызмет атқарады.
Қорғаныштық қызмет – қышқылдық гетерополисахаридтер: гиалурон қышқылы, кератансульфат (көздің мүйіздік қабатында) биологиялық майлағыш зат ретінде қолданылады. Қан тамырларында ас қорыту жлдарында, өңеште, қолқада, бауырда (синовиалды сұйықтық) қорғаныштық қызмет атқарады.
Гидроосмостық және ионды реттеушілік қызмет. Мысалы гиалурон қышқылы гидрофильді молекула, ол клеткааралық су молекулаларын және катиондарды байланыстырып, клеткааралық осмостық қысымды реттеп отырады.
Кофакторлық қызметі. Кейбір гетерополисахаридтер кофакторлық қызмет атқарады. Мысалы: гепарин ақуызбен байланысып белсенді полисахаридті - ақуызды комплекс түзіп қанды ұюдан сақтауға қатысады, қандағы майлардың ыдырауын күшейтіп, олардың қандағы мөлшерін азайтуға да ықпал тигізеді.

2. Көмірсулардың жіктелуі
Көмірсулардың гидролиздену қабілетіне қарай жай және күрделі қанттар болып бөлінеді.
Моносахаридтер және олардың туындылары: пентозалар (рибоза), гексозалар (глюкоза және фруктоза), гептозалар (седогептулоза), глюкурон қышқылы т. б. нуклеозидтер, глюкоза 6 фосфат, фруктоза 6 фосфат.
Олигосахаридтер – құрамында 2, 3, 4, 5,... 10 моносахаридтер болатын көмірсулар тобы.
Полисахаридтер - моносахаридтердің қалдығы 10 - нан жоғары болады. Полисахаридтердң екі тобыбелгілі: а) гомополисахаридтер: крахмал, гликоген. Б) гетерополисахаридтер: гетерогликандар, гиалурон қышқылы, хондроитинсульфат, дерматансульфат, кератансульфаттар.
Моносахаридтер суда жақсы, спиртте нашар, ал эфирде мүлде ерімейтін қатты заттар. Моносахаридтер гетерофункционалды қосылыстар – полидрокисиальдегидтер немесе полигидроксикетондар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Органикалық заттардың тотығуы есебінен жасушаның энергиясымен қамтамасыз ет ...

Органикалық заттардың тотығуы есебінен жасушаның энергиясымен қамтамасыз ет ...

Пластикалық алмасудың маңызды формаларының бірі — нәруыз биосинтезін қарастырамыз. Жасушада нәруыздар бүкіл тіршілігінде синтезделеді. Нәруыз...
Органикалық заттар: көмірсулар, нәруыздар, нуклеин қышқылдары, АТФ, липидте ...

Органикалық заттар: көмірсулар, нәруыздар, нуклеин қышқылдары, АТФ, липидте ...

Органикалық заттар көп болғанымен, бір ерекшелігі – құрамына санаулы ғана элементтер кіреді. Ең қарапайым органикалық қосылыстар екі элементтен –...
Аминдер. Амин қышқылдары

Аминдер. Амин қышқылдары

Аминдер, амин қышқылдары, олардың түрлері, алыну әдістері, химиялық қасиеттері және маңызы туралы мейлінше кең мағлұмат беру;...
Ас қорыту мүшелерінің құрылысы

Ас қорыту мүшелерінің құрылысы

Мақсаты: ас қорыту жүйесінің құрылысы, тістің құрылысы және оның ас қорытудағы маңызы, ауыз қуысының гигиенасы туралы білім беру....
Биология пәнінен 9 сыныпқа арналған тақырыптық тест жинағы

Биология пәнінен 9 сыныпқа арналған тақырыптық тест жинағы

Жасуша. Жасушаның химиялық құрамы. 1. Жасушаның айналадағы құбылысқа жауабы: А) қозғалу В) өсу С) көбею Д) тітіркенгіштік Е) бөліну 2. Зат алмасу...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×