Сайтқа кіру Тіркелу

Көңілді кеш.

Көңілді кеш.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың химия пәнінен алған білімдерін толықтырып, оны іс жүзіне шығармашылықпен қолдану дағдысын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін байқау, көзқарастарын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Химия пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
Жүргізуші: Қымбатты, оқушылар мен ұстаздар! Химияның кереметіне көз салып, құдіретін ұғыну үшін бүгін біз жоғарғы сыныптар арасында химиядан « Көңілді кеш» кешін өткізгелі отырмыз.
Ғали Ормановтың химия кереметтерін суреттейтін мына өлең жолдарымен кешті бастауға рұқсат етіңіздер.
Ғажайып нәрсе химия,
Тұңғиық сыры әр алуан.
Жоғалып бір зат зым - зия
Жаңалып бірі жаралған.
Өмірдің бірақ керегін,
Осылар тауып берер ме?
Табар ма ешкім дерегін,
Телмірмей, сірә, тереңге.
Бүгінгі «Көңілді кеш» сайысына қош келдіңіздер.
Болсын дейміз жарысымыз жемісті,
Озып шықсын кім білімді, кім күшті.
Әділ қазы, ақ қазыға жүгінсек
Берер дейміз әділдікпен жеңісті – дей келе сайысымызды әділ
бағалайтын әділ қазылармен таныс болайық.
Кештің жоспары:
1. Сәлем сөздің - анасы
2. Ойлы болсаң тауып көр.
3. Формула жаза білесіңбе?
4. Полиглот
5. Құрастыру (топпен жұмыс)
Салем сөздің – анасы
Дейтін қазақ данасы
Сәлемдесіп танысып,
Кеш бастайық жарысып
Жақсылық әркез тілейік
Химияны оқып білейік
Осы тілде құттықтап
Аман есен жүрейік.
Сонымен І кезең «Салем – сөздің анасы». Бұл кезеңнің ерекшілігі топ басшылары өздерінің топ мүшелері мен қысқаша таныстырып, қарсылыстарға химия тілінде құттықтап сәттілік тілейді.
Дармштард гимназиясының директоры болашақ мамандығы жайлы Юстус Либихтен сұрағанда «Менің химик болғым келеді!» деп жауап беріпті. Оған жиналғандар, мұғалімдер мен гимназистер біраз уақыт күліп жүріпті. Себебі ол кездерде Германияда және т. б. елдерде бұл аса көп көңіл бөлмеген, олар химияны жаратылыстану ғылымының қолданбалы бөлігіне жатқызған және де жеткілікті дәрежеде емес еді. қазір ешкімде мұндай жауапқа таң қалмайды, күлмейді де себебі химияның қазіргі жағдайы көңіл қуантады. Яғни химик болу үшін ойлы болу жеткілікті.
Келесі кезең «Ойлы болсаң тауып көр.» деп аталады. Бұл кезең бойынша әр топқа ұяшық таңдау арқылы сұраққа жауап береді және сол ұяшықтың нөміріне сәйкесінше ұпай алады. Сұрақтардың ішінде бейне сұрақ кездеседі.
Ескерту: Егер қойылған сұрақтарға жауап болмаса, қарсыластар қол көтеру арқылы ғана жауап бере алады. Егер тәртіп бұзылған жағдайда сол тәртіпті бұзған оқушының тобынан 5 балл шегеріледі.
1 баған:
10. Оксидтер дегеніміз не? Мысал келтір.
20. Негіздердің түрлері (суда еритінндер, суда ерімейтіндер, екідайлылар)
30. Бейне сұрақ
2 баған:
10. Қышқылдар дегеніміз не? Мысал келтір.
20. Сүйекті қаптайтын элемент?(кальций)
30. Бейне сұрақ
3 баған:
10. Тұздар дегеніміз не? Мысал келтір
20. Қандай ұннан нан пісіруге болмайды?(фосфор ұны)
30. Бейне сұрақ.
4 баған:
10. Гидроксидтер дегеніміз не? мысал келтір
20. Ең жеңіл металл?(литий)
30. Бейне сұрақ
Білмейтінін білем деп олжа қуар
Кейбіреудің әр заттан болжамы бар
Химияны болжаммен ұға алмайсың
Формуланың оң жағы, сол жағы бар.
ІІІ кезең. Формула жаза білесіңбе?
Интерактивті тақтадан оқушыларға оқу бағдарламасына сәйкес заттардың формулаларын жазу тапсырмасы берілді.(Мұғалім формулаларды өз қалауынша бере алады).
1. Күкірт (І ) оксиді - SO2
2. Кальций оксиді - CaO
3. Магний гидроксиді - Mg(OH) 2
4. Азот қышқылы - HNO3
5. Кальций силикаты - CaSiO3
6. Натрий дигидро ортофосфаты - NaH2PO4
7. Магний гидрокарбонаты - Ma(HSO3) 2
8. Аммиак - NH3
9. Фосфин - PH3
10. Метан - CH4
11. Аммоний сульфаты – (NH4) 2SO4
12. Күкіртсутек - H2S
13. Патша арағы - HCl +3HNO3
14 Фосфор қышқылы - H3PO4
15. Натрий гидроксиді - NaOH
16. Алюминий оксиді - Al2O3
Ойынымызды әрі қарай жалғастырамыз, келесі кезең «Полиглот» деп аталады. Полиглот – лат. тілінен аударғанда көп тілді ғылым деген мағынаны береді. Аты айтып тұрғандай, әр топқа 4 сұрақтан қойылады. Шешімін тауып оны қазақша, орысша, латынша атауларын аударып айтасыз. толы жауапқа 30 ұпай, екі тілде айтса 20 ұпай, бір тілде жауап берсе 10 ұпайға ие болады.
І топ:
1. Өшпейтін өмір жоқ
Сынбайтын..... жоқ. (темір – железо - феррум)
2. Өзім газбын менімен демаласын
Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың (оттегі - кислород - оксигениум)
3. Осы затпен ескі үйді аластайды,
Түріне қарасақ алтынға ұқсайды.(күкірт - сера - сульфур)
4. Өзі ауыр металға жатады,
Емшілер қорықтық құюға жаратады. (қорғасын - свинец - плюмбум)
ІІ топ:
1. Арпа бидай ас екен
Алтын....... тас екен (күміс - серебро - аргентиум)
2. Ең жеңіл элемент болып саналады
Периодтық жүйе осыдан бастау алады (сутегі - водород - гидрогениум)
3. Сым болып ұзақ созылып
Өзкізем тоқты бойдан мен
Жеткізіп, әнді хабарды
Риза етем көпті мен (Мыс - медь - купрум)
4. Тіршілікті ешқашан қолдамайды
Сондықтан ол ауаның көп бөлігін құрайды (азот - азот - нитрогениум)
Құрастыру (топ басшыларының сайысы)
1. АЛКУЛЕМО – МОЛЕКУЛА – Жай немесе күрделі заттардың құрамы мен химиялық қасиеттерін сақтайтын ең ұсақ бөлшегі.
2. ТОРЗАТАЛИКА – КАТАЛИЗАТОР – Химиялық реакцияның жылдамдығын өзгерте алатын, бірақ реакция өнімдерінің құрамына кірмейтін зат.
3. ГИТОРБИИН – ИНГИБИТОР – Химиялық реакцияның жылдамдығын баяулататын зат.
4. ТАЛИЗКА – КАТАЛИЗ – Реакциялық қоспаға катализатор енгізу арқылы химиялық реакцияны жылдамдату процесі.
5. ЛЕКТРОЭЛИЗ – ЭЛЕКТРОЛИЗ – Электролит балқымасы немесе ерітіндісі арқылы тұрақты электр тогы өткенде электродтарда жүретін тотығу - тотықсыздану реакциялары.
6. ТРТАИН – НИТРАТ - азот қышқылының түздары.
Кешті қорытындылау сөз кезегін әділ қазыларға сөз берейік. Қатысқан оқушыларға көп - көп рахмет. «Көңілді кеш» сайысын жабық деп жариялаймын.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×