Сайтқа кіру Тіркелу

Гомологтар мен изомерлер

Сабақтың тақырыбы: §5. Гомологтар мен изомерлер.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың назарына «гомология, гомологтық қатар, изомерия» ұғымдарын түсіндіріп, қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Көміртек қаңқасының изомериясын, класаралық изомерияларға мысалдар келтіріп құрылымдық формуласын үйрету.
3. Тәрбиелік: Тармақтарға бөліну барысында нәтижеге жету үрдісіне көз жеткізу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Лекция, түсініктемелік конспект жазу.
Пәнаралық, сабақаралық байланыс: физика
Сабақтың жабдығы:
1. Қ. Н. Сақариянова, М. Б. Усманова, Б. Н. Сахариева, Р. С Рақышева.«Химия», оқыту әдістемесі; Алматы «Атамұра» 2005 жыл.
2. Р. Жұмаділова, С. Әлімжанова «Химия» (қоғамдық - гуманитарлық бағыт) Алматы «Мектеп» 2007 жыл.
3. Кожарева М. Е. «Химиядан анықтамалық материалдар» Жоғары оқу орнына түсуші талапкерлерге; Алматы «Өнер» 2004 жыл.
4. 1 кесте Алкандар мен бір атомды қаныққан спирттердің гомологтық қатарлары.
5. 1 - сызбанұсқа (изомерия)
6. Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, оларды тізім бойынша түгендеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
2. Үй тапсырмасын сұрау:
3. Гибридтену және орбиталь дегеніміз не?
4. Гибридтену қалай жүзеге асады? (sp3, sp2, sp)
5. А. М. Бутлеровтың түсіндіруінше «химиялық құрылыс» дегеніміз не?
III. Жаңа сабақ: Ең алғаш ұқсас топ ретінде бір атомды қаныққан спирттер қатары белгілі болды. 1842 ж. Я. Шиль химик спирттердің бір мүшесінен келесіне өткен сайын қайнау температурасының біртіндеп артатындығын анықтаса, бір жылдан соң фрацуз химигі Ж. Дюма бір - бірінен СН2 тобына айырмашылығы бар қаныққан қышқылдар қатарын анықтады.
Ал 1844 жылы Шарль Жерар бұл құбылыстар органикалық құбылыстарға тән жалпы заңдылықтардың бір көріністері екендігін атап көрсетіп,
« гомология» терминін енгізді.
Құрылысы және соған байланысты қасиеттері ұқсас, бір - бірінен бір немесе бірнеше СН2 - тобына айырмашылығы бар қатарды гомологтық қатар деп атайды. («Гомос» - бірдей, «логос» - орын ). Ал СН2 тобын гомологтық айырымы деп атайды.
Гомологтық қатар дегеніміз біртұтас ұғым. Бұл қатардағы заттардың құрылыстары ұқсас болуы мен бірге молекула құрамдары жақын, қасиеттері ұқсас болады.

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер

Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер

Органикалық заттардың құрамында оттек бар жаңа тармағы туралы түсінік бере отырып, функционалдық топ ұғымына анықтама беру. Оқушыларға оттекті...
Органикалық заттар: көмірсулар, нәруыздар, нуклеин қышқылдары, АТФ, липидте ...

Органикалық заттар: көмірсулар, нәруыздар, нуклеин қышқылдары, АТФ, липидте ...

Органикалық заттар көп болғанымен, бір ерекшелігі – құрамына санаулы ғана элементтер кіреді. Ең қарапайым органикалық қосылыстар екі элементтен –...
Спирттердің қасиеттері

Спирттердің қасиеттері

Қалыпты температурада С10 - ға дейінгі спирттер - сұйық, С11 - ден бастап - қатты заттар. Алғашқы үшеуі сумен кез келген мөлшерде араласады....
Д.И. Менделеевтің периодтық заңы

Д.И. Менделеевтің периодтық заңы

Сыныбы. 8 Сабақтың тақырыбы: Д. И. Менделеевтің периодтық заңы. Пән мұғалімі: Намазбаева Айжамал...
Алкандардың алынуы, қасиеттері, таралуы

Алкандардың алынуы, қасиеттері, таралуы

Қызылорда облысы Әйтеке би кентіндегі №266 мектеп лицейдің химия пәнінің мұғалімі Демеубаева Әсем Көбейсінқызы Сабақтың тақырыбы: Алкандардың ...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×