Сайтқа кіру Тіркелу

Жасанды су қоймалары, құрлық суының маңызы және оны қорғау

Т. Әубәкіров атындағы жалпы негізгі білім беретін мектеб
География пәні мұғалімі: Искаков Н. Н

Тақырыбы: Жасанды су қоймалары, құрлық суының маңызы және оны қорғау.

Тақырып: Жасанды су қоймалары, құрлық суының маңызы және оны қорғау.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Оқушыларға су қоймалары және құрлық сулары олардың маңызы орналасу жағдайлары жайлы толық мәлімет беру және оларды қорғау жолдарын түсіндіру.
2. Дамытушылығы: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, өзіндік көзқарасын қалыптастыру, ойлау қабілетін арттырып білімділігін дамыту.
3. Тәрбиелілігі: ынтымаққа тәрбиелеу. ізденімпаздыққа баулу, суды қорғауға, оның қажеттілігін түсіне білуге үйрету.
Құрал - жабдықтар, көрнекі құралдар: Қазақстанның физикалық картасы, дүние жүзінің физикалық картасы, интерактивті тақта, корточка.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Әдіс - тәсілдер: жаңа сабақты көрнекіліктерді қолдану арқылы түсіндіру, баяндау, картамен жұмыс, сұрақ - жауап, сөзжұмбақ,

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру сәті: (сәлемдесу, сынып тазалығын және оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару)
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
Сұрақ - жауап
1. Көлдер дегеніміз не және сіз қандай көлдерді білесіз?
Ойыста орналасқан су айдынын көл деп атайды. Көлдер қазаншұңқырының шығу тегі мен қалыптасуына байланысты тектоникалық, мұздық, мұздық - тектоникалық, қалдық (реликт), карсты, жанартаулық т. б. болып бөлінеді. Жер шарындағы ең терең көл - Байкал көлі шығу тегі жағынан тектоникалық көл болып табылады

2. Жер асты сулары дегеніміз не және олардың түрлері?
Жер асты сулары деп жер қыртысында кезігетін барлық физикалық күйдегі суларды айтамыз. Жер асты сулары қысымсыз грунт сулары мен қысымды артезиан суларына бөлінеді, ал минералдығы бойынша — ащы су, минералды су және тұщы су болып үшке бөлінеді. Соңғы екі судың практикалық маңызы халық шаруашылығында аса зор. Жер асты сулары. Дүние жүзіндегі қалаларда 70 %- дан астамы сумен жер асты суы есебінен қамтамасыз етіледі. Азия мен Солтүстік Американың, Африка мен Аустралияның шөлді аудандарында жер асты суы көп пайдаланатын аудандарда грунт суының деңгейі төмендеп, оның ластануы байқалуда.

3. Мұздықтар дегеніміз не және қандай мұздықтарды білесіз?
Мұздық деп әдетте қатты күйде түсетін жауын - шашынның жинақталып, біртіндеп өзгеруінен құрлықта түзілетін көп жылдық мұз қабатын атайды. Аляскадағы Хабборт мұздығының ұзындығы 145 км - ге жетеді.

4. Қазақстанның көлдері жайлы не білесіз?
Қазақстан аумағында ірілі - ұсақты 48 мыңнан астам көлдер бар. Климат жағдайына байланысты көлдердің көбі Қазақстанның солтүстігіне қарай орналасқан. олардың ішінде Каспий теңізі, Арал теңізі және Балқаш, Зайсан, Алакөл сияқты ірі көлдер басқа, көбі (94%) көлемі бір шаршы километрден кем шағын көлдер. Олар республикадағы көлдердің бүкіл ауданының 60% алып жатыр.
- Солтүстік Қазақстанда 21580 көл бар, ҚР 45%
- Орталық және Оңтүстік Қазақстан облыстарында 17550 көл, 36%

5. Қазақстанның мұздықтары жайлы не білесіз?
Қазақстан мұздықтары әдетте шағын болып келеді, Ұзындығы 1 - 2 км - ден 3 - 4 км - ге дейін, аудандары да сол шамалы. Мұздықтардың көпшілігі Қазақстан табиғатын зерттеуге зор үлес қосқан ғалымдардың, әдебиет және мәдениет қайраткерлерінің есімдерімен аталады. Қазақстандағы ең үлкен мұздық Іле Алатауындағы Корженевский мұздығы, ұзындығы 14 км ауданы 36 км², мұздың қалыңдығы шамамен 300 м - дей. Аңғарлық мұздықтардың қалыңдығы 50 - 100 м, ал тау беткейлерінің мұздықтары 10 - 30 м.

ІІІ. Мақал - мәтел
Су туралы мақал - мәтелдерді аяқтау.
1. Судың кепкені -…………………………………….
2. Сулы жер — ………………………………………….
3. Су тіршілік — ………………………………………………………….
4. Сусыз өмір жоқ — ………………. ……………………
5. Су - ырыстың көзі — ………………………………………………
6. Түнгі су - су — ……………………………………………………

ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:(Сұрақтар арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу)
1. Су қабығы? (Гидросфера)
2. Физикалық картадан гидросфераның қандай бөліктерін көруге болады?(Мұхит, өзен, теңіз, көл және мұздықтар)
3. Судың негізгі қасиеттері қандай?
4. Суды құрамына қарай нешеге бөлеміз?(Ащы және тұщы)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Көлдер және бөгендер. Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі.

Көлдер және бөгендер. Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі.

Мақсаты: Білімділік: Қазақстандағы көлдер мен бөгендердің республика аумағында орналасуы және пайда болуы жөнінде оқушылардың білімін кеңейту....
Құрлық сулары

Құрлық сулары

Атырау қаласы, М. О. Әуезов атындағы №7 орта мектептің география пәні мұғалімі Калиева Гульмира Ғайсақызы...
Гидросфера әлеміне саяхат

Гидросфера әлеміне саяхат

Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Көксәйек арнайы негізгі орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Байдосова Гульнар Абуталиповна...
көлдер мен бөгендер

көлдер мен бөгендер

Сабақтың тақырыбы: Көлдер мен бөгендер Мақсаты: Білімділік: Қазақстан көлдері мен бөгендері, олардың ерекшеліктері, су су деңгейінің өзгеруі туралы...
Жер асты сулары

Жер асты сулары

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы география пәні мұғалімі Байбатырова Мира...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×