География 7 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Африка халқы және саяси картасы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға Африканың халқы туралы мағлұмат беріп, білімдерін тексеру.
2. Тәрбиелік: оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа бр - бірінің жауабын тыңдауға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: суреттер, кескін карта, атлас арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі, әдісі: аралас, топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кескін карта, атлас, суреттер
Пәнаралық байланыс: технология
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Түгендеу.
2. Үй тапсырмасы. Географиялық диктант.
3. Жаңа сабақ.
Африканың қазіргі кездегі халқының саны 700 млн - нан астам екенің дәптерге белгілеп алғаннан кейін ол жер шарының халқының неше % - ын алып жатқаның есептеу.
Енді балалар сендерге мынандай сауал қояйын: 1. осындай аумағының көлемі жөнінен екінші орын алатын материкке мұндай халық санының көрсеткіші аз ба, әлде көп пе, халық санының көп болмау себебінің сыры неде?
Әрі қарай оқушылар 7 - сынып атласындағы «халықтар және халықтың тығыздығы» картасын пайдалану жолдарын, яғни әртүрлі түстер халықтың тығыздығын, шеңберлер ірі қалалардағы халықтың орташа саны екенің атау тиіс.
Оқушылар екі түрлі картаны салыстыра жұмыс істейді. Қай зонада халықтар көп немесе аз тұратының анықтап, себебіне жауап беруге тырысады.
«Халықтар және халықтың тығыздығы» картасында ірі қалалардың таралуы көрсетіледі. Оқушылар материкте ірі қалалардың аздығын, соның нәтижесінде ауыл халқының көптігін анықтайды.
Сабақтың келесі бөлімі Африкадағы нәсілдер мен халықтарға арналады. Сонымен бірге осы картаны пайдалана отырып, африка халқының тілдік құрамын анықтайды. «Халықтар және халықтың тығыздығы» картасын пайдалана отырып, төмендегі кестені толтыруға болады.
Африка халқы.
Африка Нәсілдер Халықтар Тілдік топтары
Солтүстік Африка
Орталық Африка
Оңтүстік Африка
Оқулықта берілген материалдардан тыс халықтардың тіршілік ететін баспанасы туралы қосымша мәлімет беру, оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Африкалық баспаналардың төрт түрін тақтада (плакат, слайд) көрсетіп, олардың ерекшеліктерін қысқаша түсіндіріп, оқушыларға олардың қай табиғат зонасының тұрғындарына тән екендігін, төбесі, қабырғасы, есігі қандай материалдардан жасалғанын, қандай ауа райына бейімделіп жасалғанын анықтау.
Көшпелі туагер халқының шатыры - фелидж (1-сурет). «Біздің тұрақты үйіміздің шатыры - көк аспан, ал уақытша баспанамыз - фелидж»- деп туагерлер айтады. Шатырдың құрылуына екі сағаттай уақыт кетеді. Оның үстін түйе, қой, ешкі терілерімен жабады. Күндіз фелидждің барлық жағы ашық болса, түнде есік те, терезе де болмайды.
Пигмейлер лашығы (2 -сурет). Мұндай үйді әйелдер жасайды және олар осы үйдің иесі болып табылады. Олар мүлдем басқа материалдарды жапырақ, шөп, бұтақтарды пайдаланады. Ең алдымен, жерге таяқпен шеңбер сызып алады да, ұзын, иілгіш бұтақтарды жерге қадайды. Сосын осы бұтақтарды иіп әкеліп қарама - қарсы жерге қадайды да, төбесін қалың шөппен, банан жапырақтарымен жабады. Егер жапырақтары былғанып, әр түрлі жәндіктерді өзіне тарта берсе, оларды шешіп алып, өзенде тазалайды. Олар осылайша өз баспаналарының төбесі мен қабырғасын «жуады».
Саванна тұрғындарының баспанасы (3 - сурет). Олар да әуелі жерге шеңбер сызып алады. Сосын сазды илеп, қабырға қалайды. Күніне 30 см ғана көтереді. Ол әбден кеуіп, қатқаннан кейін жаңадан келесі қабатын жасайды. Қабырғасы дайын болысымен қоныс тойын жасайды. Кейін төбесіне шимен жабады. Есігі өте аласа болып келеді, одан еңкеймей тек қана 8 - 10 жасар бала ғана өте алады.
Биік діңгектерде орналасқан баспана (4 - сурет). Бұл үйлердің қабырғалары бамбук сырық ағаштарынан жасалады әрі олардың арасы ашық болып келеді. Едені де осындай бамбук сырық ағаштары мен пальма жапырақтарынан жасалады. Едендері тегіс болмайды, бірақ таза болады, себебі кез - келген қоқыс еденнің арасынан түсіп қалады. Әдетте мұндай үйлер өте аласа болғандықтан, Ішінде тек еңкейіп қана жүруге болады.
Әрбір халықтың тыныс - тіршілігін, тұрмысын, табиғат ерекшелігін олардың мақал - мәтелдерінен байқауға болады. Оларды оқушылардың талқылауына да салуға болады.
Эфиопияда тұратын амхара ұлтының мақалдары: «Ертең шілде маған да құяды», «Нілді көрмеген, бұлаққа таңданар», «Жұмыс істеуге – тыныштық, сапарға шығуға ашық ауа райы керек».
Зұлұс халқы: «Шық күнмен бәсекеге түсе алмайды», «Су тасығанда өзенді кесіп өтуге болмайды», «Бір шіріген бана, бүкіл бұтақтарды құртады» деп атайды.
Африка халқы және саяси картасы
- bibka
- 4 қараша 2014
- 13417
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Африка халқы және саяси картасы, ашық сабақ, география 7 сынып
Ұқсас жаңалықтар:
Оңтүстік Американың халқы мен елдері
Мақсаты: Білімділік: Материктің халқы қалай қалыптасқандығын, байырғы халқы - үндістердің тағдырын көрсету. Дамытушылық: Оқушыларды Оңтүстік...Африканың жер бедері мен пайдалы қазбалары
Африканың жер бедері мен пайдалы қазбаларының орналасуы жайлы білімдерін қалыптастыру. Жер бедерінің даму тарихын, пайдалы қазбаларының жер бетіндегі...«Африка – ғаламшар жүрегі»
Сабақ – біртұтас күрделі үрдістік жүйе. Сабақ барысында мұғалім педагогикамен психология ғылымын жетік игеріп, сабақты құрудың және жеткізудің икемді...Оңтүстік Американың халқы және елдері
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы №14 ОЖББМ география пәнінің мұғалімі: Жолмуханова Айгул Салимовна...Африка. Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Ш.Уалиханов атындағы №12 гимназияның география пән мұғалімі Алимбай Салтанат Серикбайқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.