Сабақтың мақсаты: Бұл сабақтың негізгі мақсаты «Кәсіптану» пәнін оқудағы мақсат пен міндетті түсіндіру. Кәсіптанудың практикалық пайдасы, кәсіп, мамандық, еңбек нарығындағы бәсеке, жұмыссыздық, кәсіби маманға деген сұраныс пен ұсыныс деген ұғымдарды жете түсіндіру.
Оқыту құралдары: Мамандыққа қатысты суреттер, буклеттер, әдеби кітаптар, мақал - мәтелдер.
Әдістер мен оқыту іс - әрекеттері:
«Кәсіптану» пәнінің практикалық пайдасы - әр оқушының өз арман ниеттерін дұрыс бағдарлауға, қалаған кәсіптері мен болашақ мамандықтарын жақсылап таңдауға, жұмысқа уақытша немесе тұрақты орналасу проблемаларын шешуге, өз орнына, өзі қалаған кәсіби қызметіне " кетігін тауып барып қалануына" көмектеседі. Сонымен бірге мұғалім еңбек нарығында бар кәсіптер, мамандықтар мен қызметтер, жұмыс түрлері туралы сөз етеді. Осы курсты оқудағы мақсаты, міндеттерге тоқталады.
Мұғалім ұлы ойшыл Әл - Фарабидің мамандық туралы өлеңін оқиды.
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.
Оқушылармен жұмыс: Жоғарыдағы өлең бойынша пайымдап пікірлесу қажет.
- Мамандықты таңдауда нені басшылыққа алу керек?
- Бұл туралы шешім даяр, бірақ адамның өз көңілі нені аңсайды, сол аңсаған арманға жету мүмкіндігі бар ма?
Адам шын ниет еткен нәрсесіне белсене кіріссе орындалмай қоймайды. Оған адамның ішкі ұуаты әрқашан жетеді. Сәл нышанның өзі зор қаблетке айналып кетуі ғажап емес. Еңбек, табандылық, әлеуметтік жағдай көтерсе, неге көңіл сүйген бағытты ұстамасқа. Осы жағын ескере отырып, оқушы сезіміне, жанына қанат бітіре пікірлесу жөн.
Сұрақты талдауда жақсы маман болу туралы пікірлер оқушылар ортасында айтылып, талқыланып жатады. Мамандықтың терең ғылыми негізін, әдіс - тәсілін меңгеру ғана емес, осы істі атқару өмірлік басты қажеттілігіне айналып, оны адами, табиғи парызым деп ұққан адам ғана қоғамға, өзіне пайдалы маман болып шығады, еңбегінен ләззат алады. Осымен қатар, адамдармен қарым - қатынас жасай білу талабын жақсы меңгерген адам болса, нұр үстіне нұр болады.
Трек - схемамен жұмыс.
Оқушылармен мамандыққа әсер ететін факторлар туралы әңгімелесу.
Мамандық алғың келе ме,
Мамандық өзі немене?
Айналаң толған мамандық,
Айналаң толған өнеге.
Әңгіме:
- Мамандық дегеніміз не?
- Білім алу, үйрену.
- Адамды материалдық жағынан қамтамасыз ететін іс - әрекет түрі.
- Мамандық адамға ұнауы керек
- Адамның сол мамандыққа қабілетінің сай келуі, белгілі бір іскерліктің болуы.
Сабақты қорытындылау үшін оқушылардың шығармашылық жұмысын ұйымдастыру: «Адам еңбегінің жемісін қалай көреді?» тақырыбына эссе жазғызу.
Үйге тапсырма: Кәсібің - нәсібің тақырыбына, кәсіп, мамандықтар туралы мақал - мәтелдер дайындап келу. «Кім болам?» шығарма.
Кәсіптануды оқыту
- myrzakulova saltanat
- 30 мам 2014
- 6251
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Кәсіптанудың практикалық пайдасы, кәсіп, мамандық, еңбек нарығындағы бәсеке
Ұқсас жаңалықтар:
Менің мамандығым - менің болашағым
Кәсіптік бағдар таңдау бойынша психологиялық қолдау көрсету. Оқушыларға мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте...Мамандықтың бәрі жақсы
Степногорск қаласы, №2 Ақсу орта мектебі Мектепалды даярлық сыныбы: Акназарова Ф. Е....Мамандық таңдауда қателесуге болмайды!
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы №182 мектептің педагог-психологы Әбіл Гүлназ Базаралықызы...Мен мамандық әлеміндемін
«Мамандық» құндылығы туралы түсініктерді кеңейту. Мамандық таңдау, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру мақсатында "Мен мамандық...Мамандығым мақтанышым
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Аққұдық орта мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі Рсалина Жанаргуль Хайроллаевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.