Сайтқа кіру Тіркелу

Дүние жүзінің халқы

Сабақтың тақырыбы: Дүние жүзінің халқы (презентациясымен)
Мақсаты: Д. ж. халқының саны, ұдайы өсуі, жастық және жыныстық құрамы, еңбек ресурсы, діні, тілдік құрамы, урбандалуы туралы мәліметтермен таныстыру
Білімділігі: Тақырыпқа талдау жасау қосымша анықтамалық мәліметтермен таныстырып кескін картамен жұмыс жүргізу
Дамытушылығы: Танымдық білім дағдыларын, өзіндік іс - әрекеттерін қалыптастыру, сараптау, іскерлік қабілеттерін дамыту
Тәрбиелігі: Оқушыларды Отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа, өз тілін, дінін құрметтеуге, өзге ұлт өкілдерімен тату - тәтті өмір сүруге тәрбиелеу
Әдісі: Сұрақ жауап, баяндау
Сабақтың түрі: ізденіс, қайталау сабағы
Көрнекілігі: Д. ж. саяси картасы, глобус, тірек сызбалары

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Терме сөздермен жұмыс
4. Кестемен жұмыс

Жаңа сабақ:
Адамның шығу тегін зерттейтін ғылым антропология деп аталады. Ғалымдар пікірінше алғашқы адамдар Шығыс Африкадағы Кения жеріндегі Олдувай шатқалынан адамдардың қаңқасын тауып, осы жер адамдардың шығу ортасы деп отыр.
Халық санағы. Халық саны туралы нақты ақпаратты ұйымдасқан түрде халық санағы анықтайды. Халық санағы б. з. д. ІІІ мың жылдықта Ежелгі Қытайда және Египетте жүргізілген. ХХ ғ. Халық санағы барлық елдерде жүргізіліп, Азия елдерінде ІІ д. ж. соғыстан кейін өткізілді. Қазақстанда халық санағы Кеңес дәуірінде әр он жыл сайын болды.
1999 – 14 млн 953 мың адам
2009 – 16 млн 432 мың адамға жетті.
Д. ж. Халқының саны қазіргі таңда 6 млрд. астам.
Халық санының күрт өсуі «демографиялық жарылыс» деп аталады.
Демографиялық саясатты әр бір мемлекет өзі қабылдайды.
М: Қытай «Біз екеуміз екеумізге біреу»,
Үндістан «Біз екеуміз, екеумізге екеу», деген саясатты ұстанады.
Адамның өмір жасының орташа ұзақтығы елдегі экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштерге, экологиялық жағдайға, денсаулық жүйесінің қызметіне тікелей байланысты.
М: Қазақстанда әйелдер – 72, ерлер – 60 жас, орташа өмір сүру ұзақтығы 66 жасқа тең. Д. ж. өмір сүрушілер – Жапондықтар, 83 жас.

Халықтың жастық құрамы 3 типке бөлінеді.
Алға басушы тип (прогрессивті) Балалар үлесі жоғары
Тұрақты тип Балалар мен егделер саны тепе - тең
Кері кетуші тип(регрессивті) Егде адамдар саны артық

Тілдік құрамы.
Тіл – кез келген этностың басты белгісі. Д. ж. деректер бойынша үш мыңнан астам тіл бар десе, кейбір ғылыми еңбектерде бес мың деп айтылады. Тілдерді 45 - тен астам тіл тобына, 20 тіл семьясына топтастырады.

Діндер үшке бөлінеді:
1. Әлемдік
2. Ұлттық
3. Дәстүрлі
Термин сөздермен жұмыс:
1. Энтогенез –
2. Диаспора –
3. Урбандалу –
4. Имиграция –
5. Миграция –
6. Субурбандалу –
7. Этностардың ассимиляциясы –

Сергіту сәті: Даналық әр күнде...
Бекіту сұрақтары.
1. Ең ұзақ өмір сүрушілер кімдер?
2. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?
3. Демографиялық «қыс», «жаз» елдерін атаңдар.
4. Ұлтжандылықты қалай түсінесің?
Сабақты қорыту: Бағалау
Үйге тапсырма беру.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Оңтүстік Американың халқы мен елдері

Оңтүстік Американың халқы мен елдері

Мақсаты: Білімділік: Материктің халқы қалай қалыптасқандығын, байырғы халқы - үндістердің тағдырын көрсету. Дамытушылық: Оқушыларды Оңтүстік...
Халықтың саны, қозғалысы, ұдайы өсуі

Халықтың саны, қозғалысы, ұдайы өсуі

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы Қалалық классикалық гимназияның география пәнінің мұғалімі: Габдуллина Аяжан Нуржанқызы...
Ұлыбритания. Құрамы, құрылысы

Ұлыбритания. Құрамы, құрылысы

Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, №2 Абай атындағы лицей...
Еуропа  және Азия елдері (қайталау сабағы)

Еуропа және Азия елдері (қайталау сабағы)

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы География пәнінің мұғалімі: Қатбай Роза Бақтиярқызы...
Дүние жүзінің халқының саны және ұдайы өсуі

Дүние жүзінің халқының саны және ұдайы өсуі

Жезқазған қаласындағы № 10 орта мектептің география пәнінің мұғалімі Алданазарова Камила Алданазаровна Сабақтың тақырыбы: Дүние жүзінің халқының...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×