Сабақтың тақырыбы: Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Шығыс Қазақстан табиғатының алуан түрлілігі және арзан су энергиясына бай, полиметалл кені негізінде дамыған, түсті металлургия салалары, халқы туралы білім беру.
Дамытушылық: Оқушының тез қабылдауына жол ашу, ой қиялына ерік бере отырып, өз пікірін айтуға, қорытынды шығаруға төселдіру, теориялық білімін, зейінін дамыту;
Тәрбиелік:
• Отанын сүюге, еңбек сүйгіштікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
• Өзіндік – сана сезім, ақыл – ой парасаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
• Білімді, шығармашыл, қабілетті оқушыны қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Білім мен іс - әрекет әдістерін жетілдіру барысындағы аралас сабақ.
Сабақтың әдістері: Оқушылардың таным белсенділігін арттыру әдісі.
Пән аралық байланыс: әдебиет, тарих, экология, ән - күй сабақтары.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, атлас, кескін карта, үлестірмелі материалдар, көркем фильм («Көксерек»), «Алтай» әні (Ж. Омарованың орындауында)
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Өткен сабақта алған білімдерін пысықтау
III. Мақсат қою
IV. Жаңа білімді меңгерту
V. Сергіту сәті
VI. Жаңа білімді бекіту
VII. Сабақты қорытындылау
VIII. Үйге тапсырма
IX. Бағалау
X. Рефлексия
I. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсіздер ме балалар! Бүгін сіздерге география пәнінен сабағын өткізетін мен № 12 гимназияның география пән мұғалімі – Әлімбай Салтанат Серікбайқызы.
II. Өткен сабақта алған білімдерін пысықтау. Өткен сабақтарда сіздер Орталық Қазақстан экономикалық ауданымен таныс болдыңыздар. Толығырақ айтатын болсақ, оның экономикалық - географиялық жағдайы мен табиғат ресурстары, халқы, шаруашылық географиясы, ауыл шаруашылығы мен көлік кешендерімен. Енді сол өткен тақырыпты қорытындылау үшін бірнеше тапсырмаларды орындап жіберейік.
1 - тапсырма. Кестені толтыр:
Көлемі
Халқы
Тығыздығы
Кенттену (урбандалу) деңгейі
Мамандандыру салалары
2 - тапсырма. Кен орындарын ата
Темір, марганец кен орындары
Қ........
Б.........
Н.......
Қ......
Ү......
Ж....
Қ....
А....
Сирек металдар кен орындары
Ш....
Ж......
Қ......
Қ......
Қ.......
Қ.......
Полиметалл кен орындары
Қ........
Қ........
А.......
А......
Г.....
Ж.....
3 - тапсырма. Сызбаны толтыр: (Сызба суреті)
4 - тапсырма. Орталық Қазақстанның қай жерінде өндіріледі
Күкірт қышқылы
Азот қышқылы
Синтетикалық каучук
Техникалық резина бұйымдары
Электр станцияларына керекті құрал жабдықтар
Қабырға сөрелері
Кірпіш, алебастр, әктас, шыны өнімдері
Кеншілер киім - кешектері
5 - тапсырма. Тестіні толтыра отырып, білімімізді тексерейік:
1. Орталық Қазақстан ауыл шаруашылығының басты саласы –
астық шаруашылығы -------- бау – бақша
мал шаруашылығы ----------- балық шаруашылығы
2. Ауыл шаруашылығының дамуына әсер ететін климат
құрғақ ауа райы
топырақтың құнарсыздығы
су тапшылығы
барлық факторлар
3. Орталық Қазақстанда еділбай тұқымды............... өсіріледі
Жылқылары, сиырлары, қойлары, шошқалары
4. Техникалық дақылдардан өсірілетіндер
Мақта, күнбағыс, қант қызылшасы, жүгері
5. Ауданның экономикасын дамытуда шешуді рөлді атқарады
Көлік, байланыс, құрылыс, ғылым
6. Орталық Қазақстан аумағында 1205 км - ге созылып жатқан трансконтиненттік темір жолы байланыстырады:
Мойынты – Балқаш
Түркісіб – Петропавл
Қарағанды – Жезқазған
Орынбор – Ташкент
7. Орталық Қазақстанның басты көлік торабы –
Қарағанды
Жезқазған
Теміртау
Балқаш
III. Мақсат қою. «Қасқыр – Табиғат – Адам» тақырыбына сай «Көксерек» көркем фильмінен үзінді көрсетіліп, Шығыс Қазақстан өңірінің табиғаты мен тарихи тұлғалары туралы ой қозғау.
IV. Жаңа білімді меңгерту.
1. Экономикалық – географиялық жағдайы Шығыс Қазақстан - республикамыздағы экономикалық аудандар арасында аумағы жағынан ең кішісі. Ертіс өзенінің жоғарғы ағысында, Алтай тауы мен Сарыарқаның шығыс бөлігін алып жатыр. Ресей және Қытай мемлекеттерімен шекаралас. Шығыс Қазақстан табиғатының алуан түрлілігі тек республиканың оңтүстік аудандарына ғана жол беріп, ал жер қойнауы байлығы жөнінен Ресейдің Орал ауданымен қатар тұр.
2. Табиғат ресурстары. Шығыс Қазақстанның аумағында басын мәңгі қар мен мұз басқан Алтай, Сауыр - Тарбағатай биік таулары, орташа биіктіктегі Қалба тауы, ұсақ төбелі жазықтықтар, тау аралық кең алқапты алып жатқан қазаншұңқырлар, сонымен бірге өзен аңғарларындағы жазықтар кездеседі.
3. Табиғи ресурстары. Шығыс Қазақстан табиғи ресурстарының молдығы жөнінен елімізде алдыңғы орында. Мұнда полиметалл кені XVIII ғасырдан бері өндірілуде. Полиметалдың негізгі құрамы – қорғасын, мырыш және мыс. Аудан аумағында жалпы мемлекеттік қорғасын қорының 26, 1 %, мырыштың 45, 8 %, мыстың 47, 9 %, алтынның 52, 2 %, титанның 37, 1 %, тантал кенінің 59 % шоғырланған.
Су энергетикалық ресурсы республикадағы су қорының 50 % осы ауданның үлесіне тиеді.
Ірі бөгендері: Бұқтырма, Өскемен
Ірі өзендері: Ертіс, Бұқтырма, Үлбі, Шар, Нарын
Ірі көлдері: Зайсан, Сасықкөл, Марқакөл, Алакөл
Күршім
4. Халқы. Шығыс Қазақстан халқының саны жөнінен Орталық Қазақстаннан кейінгі орында. Халқының орташа тығыздығы 1 км ² жерге 6 адамнан келеді. Ауданда 9 қала, 24 қала типтес елді мекен бар. Қалалық елді мекендердің қалыптасуы пайдалы қазбалар өндіру, кен байыту комбинаттары мен металлургия кәсіпорындарының орналасуымен байланысты.
Диаграмма суреті
V. Сергіту сәті
Ж. Омарованың орындауындағы «Алтай» әнін тыңдау
VI. Жаңа білімді бекіту
Атласпен жұмыс
1 - тапсырма. Пайдалы қазбалар мен кен орындарының арасындағы байланысты ұштастырындар
Бақыршық --------- көмір
Риддер ------------ полиметалдар
Қаражыра -------- алтын
2 - тапсырма. Шығыс Қазақстан аумағында кездесетін ірі өзендер мен көлдерді картадан көрсетіп, орналасу ерекшеліктерін анықтаңдар
3 - тапсырма. Картадан халық сирек қоныстанған аумақтарды көрсетіп, сирек қоныстану себептерін түсіндіріңдер
VII. Сабақты қорытындылау. Оқушыларға түсіндірілген тақырып бойынша түйгендерін топтастыру әдісі арқылы қорытынды жасату.
1 - тапсырма. Шығыс Қазақстанның ерекшеліктерін топтастыр
2 - тапсырма. Кестені толтыр
Жер көлемі
Халқы
Тығыздығы
Кенттену (урбандалу) деңгейі
Мамандандыру салалары
VIII. Үйге тапсырма.
- § 22 оқу
- Ауданның табиғат жағдайының ерекшеліктеріне сипаттама беріңдер
- Кескін картамен жұмысты аяқтау
IX. Бағалау
Бағалау ережесі:
Жинаған ұпай саны бағасы
Барлық ұпай саны 14
9 - 14 «5»
5 - 9 «4»
Бағалау парағы
Тапсырмалар реті Жинайтын ұпай саны Жинаған
ұпай саны
1 - тапсырма. «Өткен сабақты пысықтау» 1
2 - тапсырма. «Кен орындарды ата» 1
3 - тапсырма. «Сызбаны толтыр» 1
4 - тапсырма. «Орталық Қазақстанның қай жерінде өндіріледі» 1
5 - тапсырма. «Өткен сабақты қорытындылауға арналған тест» 7
6 - тапсырма. «Бөгендері» 1
7 - тапсырма. «Қорытынды» 1
8 - тапсырма. «Шығыс Қазақстан» 1
Барлығы: 14
Алған бағасы:
X. Рефлексия
Оқушылар сөйлемді жалғастыру арқылы сабақтың қалай өткендігін айтады.
Ең қызықты болған...
Менің ойымша...
Маған ұнағаны...
Менің білгім келетіні...
Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы
- Saltanat Alimbay
- 20 қаңтар 2013
- 21142
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы
Ұқсас жаңалықтар:
Шығыс Қазақстан географиялық орны
Шығыс Қазақстанның өзіне тән ерекшеліктерін түсіндіру...Орталық Қазақстанның шаруашылық географиясы
Білімділік мақсаты – Орталық Қазақстан экономикалық ауданның ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп географиясына тоқталу, өнеркәсіпті мамандандыру және...Шығыс Қазақстан
Сабақтың мақсаты: Тақырыптың мазмұнын түсіну, топтық талқылауларға қатысып, өзіндік пікір қалыптастыра білу, бағалау арқылы өз білімінің деңгейін...Алтай тауы
Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Алтайдың географиялық орны, геологиялық құрылымы және пайдалы қазбалары, өзендері мен көлдері табиғат зоналары,...СҚО ЭГЖ
Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Ғалым Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің география пәні мұғалімі Шекенова Күләй Сайлауқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.