Сайтқа кіру Тіркелу

Күй аңызы: Айдау

Күй аңызы: Айдау
... Бірде Жүніс деген бай сұлулығына қызығып, қалың мал беріп, Сейтектің қалыңдығы Зәбираны алғалы жатыр екен. Сейтек пен Зәбира ымдасып, түнделетіп Қалмақ қырына қашып, таптыртпай кетеді. Осындай сапардан оралған Сейтек Қарабайлы түрмесіне түседі. Одан да қашып шығады.
Осы кезде патша үкіметі езілген таптың жоғын жоқтаушы күрескерлерді халық арасына іріткі салушылар деп атап, адамы жоқ алыс аймақтарға айдау үкімін шығарады. Сондай аса қауіпті, қайратты өжеттердің есебінде Сейтек те бірнеше адаммен 1894 жылдың жазында кенеттен құпия жағдайда Мәскеу түрмесіне жөнелтілді.
Сексен тұтқынды жан - жағына қаратпай кеме трюміне қаматты. Содан бұларды кемемен күншығысқа айдап, қақаған қыста Сахалинге жетті. Онда бой үйрету оңайға түспеген. Дегенмен Сейтек сынды талай тарландар қаһарлы суыққа біртіндеп дағдылана бастайды. Түрме тамағына үйренген Сейтек сол жерде де жан азығын іздейді.
Сыңсыған орман ішінде жүріп домбыра жасауға жарайтын томар ағашты таңдайды. Ал домбыраның ең басты негізгі ішегі өз қолында екен. Оны Зәбира көйлегінің етегіне жағалай қабаттап өткізіп берген. Ендігісі – орманнан ағаш таңдау... Ауыр жұмыстан кейін, тынығып жатқан жігіттер алғаш рет қасиетті домбыраның үні төгіліп, күмбірлей жөнелгенде ентелеп бәрі отырыса қалады. Жұмыстан кейінгі уақытта бәрінің ермегі домбыра болды. Сейтекті жанындағылар бұрын да сыйлайтын, енді ерекше құрметтейтін болды. Тағдырластар, әсіресе, кештерде кезектесіп, сазгердің домбыра ойнауын сұрап өтінеді. Сейтек өз туындыларымен бірге Құрманғазы, Дәулеткерей күйлерін де құйқылжытатын. Осы жерде Сейтек «Айдау», «Түңілдім», «Арман» күйлерін шығарады...

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Құдірет бар домбыра ішегінде

Құдірет бар домбыра ішегінде

Құдірет бар домбыра ішегінде, Қолыма алып қаққанмын мүшелімде. Мен онымен қияға көтеріліп, Мен онымен тереңге түсемін де....
Төкпе дәстүрінде күй тартып үйрену. Сейтек. «Той бастар» талдау

Төкпе дәстүрінде күй тартып үйрену. Сейтек. «Той бастар» талдау

Дәстүрлі күйшілік өнерді, күйшілік мектептерді түсіндіру, соның ішіндегі төкпе дәстүрінде күй тартуды үйрену және буындарды меңгеру....
Кәдесый домбырасын жасау

Кәдесый домбырасын жасау

Сабақтың мақсаты: домбыраның шығу тарихы мен жасалу тарихының жолдарын үйрету Білімділігі: Оқушылардың ой - өресін жетілдіру, ұлттық қол - өнер...
Нағыз қазақ, қазақ емес. Нағыз қазақ – домбыра!

Нағыз қазақ, қазақ емес. Нағыз қазақ – домбыра!

Жезқазған қаласы, «№21 Жалпы білім беретін орта мектебі» КММ Ғылыми - зерттеу жұмысымен айналысушы: 1«В» сынып оқушысы Әшір Балжан Жамбылқызы Ғылыми...
Сейтек Оразалыұлы өмірі және күйлері

Сейтек Оразалыұлы өмірі және күйлері

Атырау қаласының Мектептен тыс жұмыс орталығы Домбыра мұғалімі Сарсенғалиева Айзада Хайратқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×