Сайтқа кіру Тіркелу

Қаңғыбас ешкі

Қаңғыбас ешкі
(Орыс халық ертегілері)
Баяғы өткен заманда, Маша атты немересі бар, атай мен әжей өмір сүріпті. Олардың сиыры да, тауығы да жоқ, тек жалғыз ешкісі болыпты.
Атай немересін ешкі бағуға жіберіпті. Маша ешкіні кең аңғарға, жасыл шалғынға жайып, кешке үйге айдап әкеледі екен.
Атай сұрайды:
- Ешкім - ешкім, келдің бе, су ішіп, шөп жедің бе?
- Мен ештеңе жеген де жоқпын, ішкен де жоқпын, көпірден аса жүгіріп, үйеңкі жапырағы – тапқаным, сайдан - сайға жүгіріп, бір тамшы су – татқаным.
Атай немересіне ренжіп, оны қуып жібереді.
Келесі күні ешкіні бағуға әжейді жұмсайды. Әжей ешкіні бағып, оттатып, үйге айдап әкеледі.
Атай сұрайды:
- Ешкім - ешкім, келдің бе, су ішіп, шөп жедің бе?
- Мен ештеңе жеген де жоқпын, ішкен де жоқпын, көпірден аса жүгіріп, үйеңкі жапырағы – тапқаным, сайдан - сайға жүгіріп, бір тамшы су – татқаным.
Атай кемпіріне ренжіп, оны да қуып жібереді.
Орманда жүре - жүре, ешкі қоянның үйшігіне келіп кіреді де, пештің үстіне шығып жатып алады.
Қоян келсе, есік жабық.
- Менің үйіме кіріп алған кімсің сен? – деп сұрайды қоян.
Ешкі оған жауап береді:
- Мен қаңғыбас ешкімін. Аяғыммен тепкіленсем, мүйізімді сілкілесем, құйыршығымды бұлғақтатсам, аяғың аспаннан келері анық.
Қоян қорқып кетіп, қаша жөнеледі.
Бір түбірдің үстінде көзінің жасын алақанымен сүртіп, жылап отырса, алтын айдарлы әтеш келеді екен.
Қоянды көріп жөн сұрайды:
- Неге жылап отырсың, қояным?
- Мен жыламай, кім жылайды? Қаңғыбас ешкі менің үйіме басып кіріп, өзімді қуып шықты.
- Кеттік, қоян, мен саған көмектесейін!
Олар үйшікке келеді. Әтеш былай деп айқай салады:
Ержүрек әтеш мен болам!
Иыққа шалғы көтердім,
Ешкінің басын кесемін!
Ку - ка - ре - ку! Қыт - қыт!
Басыңды шабам, шық, шық!
Қызыл айдарлы, дауысы айбарлы әтештің дауысын естіген ешкі, есінен тана қорқыпты, пештен түсе қарғыпты, есіктен еңбектей шығыпты, алды - артына қарамай, орманға зытыпты!
Қоян өзінің үйіне қайтадан оралып, жағалай сәбіз өсіріпті. Ал қаңғыбас ешкінің қайда қаңғырып жүргенін ешкім де білмейді.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×