Кәрі ат
(Орыс халық ертегілері)
Бір қожайынның керемет жұмыскер аты болыпты. Ат қартая келе күші азайып арбаны тарта алмай, жер жырта алмайтын халге жетеді.
Бір күні атқораға кірген иесі аттың жалын сипап тұрып, былай депті:
- Сенімен қоштасатын уақыт да жетті, досым. Сен маған ұзақ жылдар адал көмекші болдың. Енді сені босатып жіберейін.
Қожайын аттың жүгенін сыпырып алып, оны ұстаға апарып беріп, былай дейді:
- Ұста, менің атыма өле - өлгенше мүжіліп тозбайтын таға соғып берші!
Ұста атқа жаңа таға соғып, тағалап береді. Иесі атты тойдыра жемдеп, орманға апарып, өз еркімен өмір сүрсін деп қоя береді.
Кәрі ат орман ішінде күні бойы тентіреп жүріпті. Кешке жақын ол аш аюды кездестіреді.
- Тоқта! – деп ақырады аю.
- Мені қайтейін деп едің? – дейді, шошып кеткен ат.
- Менің қарным аш, сені жеймін!
- Жарайды ендеше, тістерің де өткір сияқты. Бірақ алдымен күш сынасып алайық.
- Қалай сынасамыз, сонда? – деп таңданады аю.
- Ол оп - оңай. Әрқайсымыз анау жатқан үлкен тасты ұрамыз. Кім тастан от ұшқындатса, сол күшті деген сөз.
Сен ашсың ғой, бірінші баста!
Аю тастың жанына келіп, ыңғайланып тұрады да, жұдырығымен соғып қалады. Бірақ бірде - бір ұшқын жарқылдамады.
Сонда ат артқы аяқтарымен тасты теуіп жібергенде, жаңа тағаның астынан ұшқындар жылтырай жөнеледі.
Зәресі ұшқан аю қалың орманға қарай қаша жөнелді. Осыдан бері тістері ақсиған, құйрығы жер сызған, теміраяқты және онысынан ұшқын жарқылдап тұратын бір қорқынышты аң орманда жүр екен деген қауесет тарап кетеді.
Содан бері ормандағы барлың аңдар аттың маңынан жүрмейтін болыпты. Кәрі атқа да керегі осы болатын.
Кәрі ат
- aiboll
- 16 наурыз 2019
- 2986
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Кәрі ат ертегісі, кәрі жылқы ертегі, ертегілер, жануарлар туралы ертегі
Ұқсас жаңалықтар:
Екі дос
Бір күні екі дос орманда келе жатады. Кенеттен алдарынан бір аю шыға келеді. Сол кезде біреуі қаша жөнеледі, екіншісі талға өрмелеп жасырынып қалады....Үш аю
Ертеде қалың тоғай ішіндегі үлкен бір үңгірде үш аю тұрыпты. Олар түнімен тоғайды аралап, күн ысыған кезде үңгірге кіріп жатады екен. Ең ірісі және...Қаршақыз бен түлкі
Ертеде бір шал мен кемпір болыпты. Олардың баласы да, немересі де жоқ екен. Қар бұрқырап қыс та түсіп, белуардан омбылай жауыпты....Екі тышқан
Бірде шайдай ашық күні үй тышқаны еденнің астынан жүгіре шығып, орманның шетінде бұлақтың арғы жағындағы інде тұратын туысы дала тышқанына қыдырып...Жас алып
Бір шаруаның бойы шынашақтай ғана баласы болса керек. Жыл артынан жыл өткенмен, баланың бойы өспей, сол құртақандай қалпында қала береді....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.