Қан тазарта аламыз ба?
Адам ағзасының тін аралығындағы қоректер, түссіз сұйық зат (лимфа) қатарындағы пайдалы сұйықтықтың бірі – қан. Оның негізгі атқаратын қызметі – тыныс жүйесі, ас қорыту және ағзадан бөліп шығару. Қан айналымының араласуы ағзада зат алмасуға және бірқалыпты дене температурасының сақталуына көмектеседі. Уытты заттарды бейтараптандырады. Ең тиімді жол – қанның қалыпты қызмет жасауы үшін оны әлсін - әлсін тазалап отыру. Ол үшін түрлі емдік шөптерден жасалған шай ішіп отырса болғаны.
Бақбақ шайы: 1 стакан қайнаған суға 1 ас қасық ұнтақталған бақбақ тамырын салып, термоста 1 сағаттай бұқтырып алады. Осы тұнбаны күніне тамақ алдында 1/3 стакан 30 - 40 минут бұрын ішкен жөн.
Мыңжапырақ шайы: 1 стакан қайнаған суға 1 ас қасық ұнтақталған шөп салып, 1 сағаттай жылы жауып бұқтырып алып, сүзілген тұнбаны күніне 1 стаканнан 3 - 4 рет тамақтан жарты сағат бұрын қабылдайды.
Жусан шайы: 1 стакан қайнаған суға ұнтақталған жусан шөбінен бір шымшымдай қосып, 10 секундтай бұқтырып, суыған тұнбаны асықпай бір жұтымдап ішу керек.
Қалақай шайы: Бұл қан тазартуға өте пайдалы шөп. Қалақай негізінен ас қорыту, бүйрек пен қуық жолдарының жұмысын жақсартады, ағзаны жетіспеген витамин, минералды заттармен жабдықтайды. Қанды қалақай шайымен тазартуды айдың соңында бастап, екінші айдың басында аяқтаған жөн. Одан соң екі жұма демалып, екінші ем кезеңін келесі толық аймен ай біткенше қатар бастау керек. Дені сау адамға (14 күндік) екі реттік ем кезеңі жетіп жатыр. Ағзаны керексіз заттардан тазартамыз деген адамға емді үш кезеңге ұзартса болғаны. Қалақайды айдың соңында жинаған абзал. Және де жас жапырақтарын ғана пайдалану керек. Жапырақтарды жумай, шаң - тозаңынан тазартып, кептіріп, ұнтақтап алған жөн. Сөйтіп 1 стакан қайнаған суға кептіріп, ұнтақталған қалақай шөбінен 1 ас қасық салып, жарты сағат бұқтырып, сүзіп, шамалы қайнаған су қосып, күніне 3 - 4 рет қабылдаған дұрыс.
Қан тазарта аламыз ба?
- ramuk_b
- 12 наурыз 2025
- 13
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қан тазарту, қазақша ем, халық медицинасы
Ұқсас жаңалықтар:

Ұйқы безі қабынғанда не істеу қажет?
Ащы ермен, түймедақ гүлі, трифол жапырағының ұнтақтарынан бір ас қасықтан алып, жарты литр қайнаған суға салып, шай етіп демдейді....
Қанды тазартатын төрт тұнба
2 литр суға 30 грамм кептірілген қырмызыгүл (календула) мен бүрген (калина) ұнтағын салып, отқа қоясыз. Қақпағын мықтап жауып, баяу отта 3 минут...
Лавр жапырағында шипа көп
Жапырағын жас бұтақтарымен қоса жылына екі рет – маусым - тамыз айларында қырқып алатын лаврдың жемісі қараша айында піседі....
Қан қысымы төмендегенде
Итмұрын, шетен, қара қарақат, тау алшасы жемістерін кептіріп, соның әрқайсысынан 2 ас қасықтан алып ұнтақтайды. Осы қосындыны 2 литр қайнаған суға...
Ас содасының емдік қасиеттері
Күнделікті қолданыстағы ас содасы ауырғанда – дәрі, керек болса косметикалық құрал да бола алады....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.