Құрқылтай ұясымен қалай ем жасайды?
Ерлі - зайыптылар ең алғаш отауға кіргенде күтінбесе «отау жел» деген пайда болады. Ол жас жұбайлардың балалы болуына үлкен кедергі, себебі соңы бедеулікке соқтыруы мүмкін. Мұндайда отау желді еш дәрі де, дұға да қуа алмайды. Ол желді тек құрқылтай деген құстың ұясының түтіні ғана қуады. Бұл құстың ұясы өте қасиетті. Сондықтан ұяны аларда Алладан рұқсат сұрап, жалынып - жалбарынып, ақтық, садақаңды беріп барып алуың қажет. Ол құс ұясын тоғайлы жерде, талдың басына салады. Адамның ұйық - қолғап тоқығаны секілді ерекше ұяны алғш көрген кісі таң - тамаша болады. Бір ұяны үш кісіге қолдануға болады. Қолдану тәртібі мынадай: Әйел адамға: Ұяның үштен бірін кесіп алып, түбекке салады. (Мақта секілді сәл - сәл түтіп жіберу керек). Сонан соң бір ұгын түтетіп, бықсытып түтіндетеді. Лаулап жанбасын. Бықсып түтіндей бастағанда әйелді сол түтін үстіне дәретке отырғызған секілді отырғызады. Айналасын, белінен төменгі жақтарын түгел жақсылап қымтап, жиырма минуттай отырғызу керек. Сонан соң жылы киініп, екі сағат терлеуі қажет. Лажы болса, ыстық сорпа ішіп, ауыр нәрсе көтермей, үш күн күтінуі тиіс. Суық су ішуге, суық суға жуынуға болмайды. Ерлі - зайыптыларға үш күнге дейін жақындасуға болмайды. Ер адамға: Жерді кішкене ойып шұңқыр жасап немесе тапаға ұяны түтіндетіп, ер кісіні тізерлетіп отырғызады. Қалған тәртібі әйелдердегі сияқты. Сонда отау жел кетіп, ерлі - зайыптылар көп ұзамай перзентті болады.
Құрқылтай ұясымен қалай ем жасайды?
- ramuk_b
- 1 наурыз 2025
- 10
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Құрқылтай ұясы, құрқылтай ұясымен ем жасау, қандай ауруларды емдейді
Ұқсас жаңалықтар:

Құрқылтайдың ұясымен бедеуліктен емдеу
Құрқылтай – қасиетті құс. Ол ұясын аң - құс көп болатын қалың, ну орманда емес, қаупі аздау тоғайдағы биіктеу ағаштың ұшар басындағы бұтағына...
Табиғат туралы ырымдар
- Жаңа ай туғанда түскен келіншек баланы көп туады. - Екі жас үйленген түні жұлдыз көп болса, олардың ұрпақтары да көп болады....
Туыстық атаулар сыры: әке
Әке (ер) – ұрпақ иесі, панасы, айбары, үй басшысы және асрыушысы. Жеті атадан санағанда екінші ұрпақ. Ол тек бір отбасы ғана емес, ауыл, ру...
Баланың жынысын жоспарлау мүмкін бе?
Осы сұрақ кімді болса да қызықтыратын шығар. Себебі қай отбасының да балалы болғысы келеді....
Адамның іс-әрекетіне қатысты тыйымдар мен ырымдар
Тыйымдар Ер адам төрге қарап жүрелеп отырмайды, өйткені ол қырық адамның жолын бөгейді. Егер әйел жүрелеп отырса, онда қырық адамның жолын оңғарады....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.