Сайтқа кіру Тіркелу

Сынған сүйектің бітуін тездетуге бола ма?

Сынған сүйектің бітуін тездетуге бола ма?
Шынында да, сынған сүйектің бітуін тездететін амал бар ма? Мұндайда тауық жұмыртқасының қабығын ішіндегі жұқа қабықшаны алып тастап, ұнтақтап, ас алдында шай қасықтың ұшымен жеп тұру жақсы көмектеседі. Оның құрамында кальций көп болғандықтан сүйектің тез бекуіне ғана емес, берік болуына да жақсы жәрдемдеседі. Бұл тәсілді күніне екі реттен 10 - 15 күн қайталау керек.
Сүйектің беріктігін қамтамасыз ететін келесі әдіс мынадай: кептірілген қарлығаш шөптің 2 ас қасығын 300 грамм суда бір қайнатып алып, бұқтырып қойып ішу керек. Ал тұнбадан сүзіп алған шөпті жылы күйінде сынған жерге таңып қойған жақсы. Кей жағдайда жазымнан сүйек ұсақталып, орнына дұрыс түспей жатады. Мұндайда ағаш кесетін станоктан қарағайдың ұнтағынан бір шелек алып, қайнап тұрған ыстық суда бұқтырады. Дене күймейтіндей жылы болған кезде сынған сүйекті ұнтақтың ішіне салып, суығанша отыру керек. 15 күн бойы күнде бір рет осылай қайталаса сүйектің орнына түсіп, тез бітуіне жәрдемдеседі.
Ертеректе, жаугершілік заманда сүйектің зақымдалуы көп орын алғаны белгілі. Сол кездерде емші - бақсылар мысты ұн сияқты болғанша ұнтақтап, оған аздап бал қосып, оны қара нанға жағып жегізген. Күніне үш рет осылай етіп, артынша қайнап, салқындатылған су ішіп отырған. Бірақ бұл тәсілді бүгінгі дәуірге лайық дей алмаймыз.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Лавр жапырағында шипа көп

Лавр жапырағында шипа көп

Жапырағын жас бұтақтарымен қоса жылына екі рет – маусым - тамыз айларында қырқып алатын лаврдың жемісі қараша айында піседі....
Сүйектердің типтері және байланысу түрлері

Сүйектердің типтері және байланысу түрлері

Білімділігі: Қаңқадағы әрбір сүйектің өз орны мен маңызы болатын және әрбір сүйектің басқа сүйекпен ерекше байланысуын негіздеп, түсіндіру....
Сүйек типтері және олардың байланысуы

Сүйек типтері және олардың байланысуы

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Қаңқадағы әрбір сүйектің өз орны мен маңызы болатын және әрбір сүйектің басқа сүйекпен ерекше байланысуын негіздеп,...
Сүйек типтері

Сүйек типтері

Сабақ мақсаты Оқушыларға қаңқадағы әрбір сүйектің өз орны мен маңызы болатынын түсіндіру. Қаңқадағы сүйек типтеріне сипаттама беру, адам ағзасындағы...
Тірек-қимыл жүйесі

Тірек-қимыл жүйесі

Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Имангалиева Галия Жумабаевна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету