Сайтқа кіру Тіркелу

Саулық кілті: Ашығу

Саулық кілті: Ашығу
24, 36, 42 сағат ашығуды дұрыс өткізу туралы. Бүгін таңертең (сағат 7 - 8 кезінде) үгілген сәбіз бен қырыққабаттың салатын жеп тамақтанғаннан кейін ашығуды дереу баста. Бүгінгі кешкі астан ертеңгі кешкі асқа шейін ашығуға болмайды. Кешке ішіп, жеген тағам таң атқанша ашығудың пайдасын бүлдіреді. Бұл деген ас қорыту ағзаларының био ырғағына қайшы. Ашығу кезінде суды қайнатып, тек булап алынған таза су немесе мұзды ерітіп іш. Судан басқа нәр татпа. Несебіңді ішуге болады, минералды газдалған су ішпе. Әлжуаз шыдамсыз адамдар тамақ ішкісі келе берсе (алғаш және соңғы рет), бір стакан таза суға кішкене қасықтың үштен біріне тең бал қосып немесе кішкене қасықты толтырып, лимон шырынын қосып ішсе болады.
3, 7, 10 күндік ашығуды қалай өткізу керек. Үш күн, үш күннен де ұзақ ашығатын адамдар үшін қолайлы орта болғаны жөн. Денеден у шыға бастағанда қолайсыздық басталып, бас ауру, әлсіздік білінуі мүмкін. Осы кезде жатып демалатын мүмкіндік қажет. Төсекте денедегі у шығуы тоқтағанша жату дұрыс. Кітап оқып, теледидар көру, радио тыңдаумен шұғылданудың қажеті аз. Тіпті адамдармен әңгімелесудің де қажеті жоқ. Бұл уақытша көрініс, уы шығып біткен соң жоғалады. Қайталап ескертіп айтамыз: ұзақ уақыт ашыққаныңды өзіңнен басқа кісі білмесін. Алдыңа қойған мақсатыңа, сеніміңе денеде ашыққанда болатын ғажап өзгеріске басқалар теріс, көңілге келетін әңгімелерімен кедергі жасайды. Содықтан да П. Брэгг өзі тауға ағаштан кішкентай үй салып алған да, ұзақ уақыт ашыққанда үнемі сонда болған. П. Брэгг: «Ашығар алдында және ашыққан кезде ішекті сумен шайып, тазалауға сенбеймін. Ашығып біткеннен кейін ішек қалпына келіп, өзінен - өзі жұмыс істейді, сондықтан табиғатқа күш қолдануға болмайды, ішекті сумен шаю табиғатқа жат», - дейді.
Жапония ғалымы К. Нишиден бастап, қазіргі заман ғалымдарының көбісі ішекті сумен шаю қажет деп санайды.
Жеті күн ашыққанда асқазан және барлық асқорыту жолы бүрісіп кішірейеді. Ашығу басталудың жетінші күні кешке 5 сағат шамасында көлемі орташа 4 - 5 қызанақты ысты суға салып, қабығын дереу сыдырып таста. Суытып қойып, жегің келгенде же. Сегізінші күні таңертең сәбіз бен қырыққабаттан салат жасап, апельсиннің жартысысының шырынын сығып, салатпен араластырып же. Артынан аздап бұқтырылған көк шөп, бір - екі кішкентай тостаған көктеген бидайдан қою көже жасап іш. Соңынан іше алғаныңша тазаланған су іше бер. Түскі тамаққа да үгілген сәбіздің салаты мен тураған сельдерей және қырыққабатты апельсин шырынан бұлғап же. Салаттың артынан екі көкөністен, жас қырыққабат пен асқабақ, сәбіз немесе жасыл бұршақ қосып, суға қайнатып же.
Тоғызыншы күні жаңа жемістен баста (ананас, апельсин немесе алма). Бұған қосымша екі үлкен қасық көктей бастаған бидайдан жасалған шелпекке бір үлкен қасықтан көп емес бал қос. Күндіз үгілген сәбіз, туралған қырыққабаттан салат же. Бір табақ көкөністен жасалған ыстық тамақ іш. Кешке салат жапырағы мен томат, екі түрлі көкөніс жесең жетеді. Ашыққаннан бастап 10 күн өткен соң көкөністен жасалған жоғарыдағыдай тамаққа қосып, сөктен сорпалы тамақ жасап іш. Сөйтіп 3 күн тамақтан. Осы күндерден бастап қосымша жаңғақ жеу орынды.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×