Сайтқа кіру Тіркелу

Спорттық ойын. Баскетбол

Түсініктеме хат
Бағдарламаға сәйкес дене шынықтыру пәні бойынша 7 сыныпта өткізілетін сабақтың тақырыбы: «Спорттық ойын». Баскетбол ойыны «Оң және сол қолмен допты ауыстыра алып жүру», «2 - 3метр қашықтықтан торға доп тастау».

Аталған сабақ жаңа сабақ және сабақтың оқыту әдісі ретінде оқу мен оқытудағы жаңа әдіс - тәсілдерді қолдану қамтылды, соның бірі топтық жұмыс. Сабақ барысында оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатымен ақпараттық - танымдық мағлұматтар бере отырып сабақ тақырыбын оқушылармен бірлесе ашу көзделді.
Сабақ ойын сабағы формасында жүргізіліп, пәнаралық байланыс ретінде: геометрия және физика, пәндері алынып, қосымша мәліметтер келтірілді. Бұл өз кезегінде оқушыларға сабақ мақсатын жете түсінуге септігін тигізді.

Сабақты жоспарлаудағы мақсатым: Оқушыларды баскетбол ойынының қысқаша тарихымен және еліміздегі баскетбол спортының даму тарихымен таныстыру. Ойын техника элементтерін дұрыс үйреніп, ойын ережесін жете меңгеруге және оқушылардың бірін - бірі, және өзін - өзі бағалау жүргізу дағдыларын жетілдіру. Оқушыларды баскетбол ойынының элементтерімен таныстыра отырып, ойын техникасын қолдану арқылы дағды қабілетін жетілдіру, арттыру.
Оларды ұжымдық, достыққа, ұйымшылдыққа, салауаты өмір салтын ұстануға, зейінділік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу және ойын арқылы оқушының ептілік, икемділік, жылдамдық, төзімділік, шапшаңдық, күш және т. б. қасиеттерін жетілдіру.
Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін сабақ мектеп спорт залында өткізіледі.
Сабаққа керекті құрал - жабдықтар: баскетбол доптары, ысқырғыш, секундомер, кедергі, иллюстратифті материалдар көрнекіліктер.

Сабақ барсында іске асырылатын міндетті тапсырмалар мен оқу жаттығулары: баскетбол ойынындағы техникалық тәсілдерді нығайту және жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар, жалпы дене дайындығының жаттығулары; секіріп допты бір және екі қолмен себетке лақтыру, техникалық - тактикалық әрекеттер (дербес және командалық): қорғаушының дербес қорғану әрекеттерін орындау кезіндегі қозғалу түрлері; допты жұлып алу және соғып жіберу; доппен және допсыз әрекет етуші ойыншыны қадағалау кезіндегі қорғану әрекеттері; допты қақшып кету, қалқаншадан серпілген доп үшін күрес, шабуыл кезіндегі өзара әрекет (ұшқыр шабуыл), допты төреші ойынға қосқанда және команда ойыншысы немесе қарсылас беткі сызықтан ойынға қосқан кездегі өзара әрекеттер, баскетбол оқу ойыны; Сабақты бекіту мақсатымен топтық жұмыс жүргізіліп, оқушылар командаға бөлініп баскетбол ойыны ойнатылады және сабақтың қорытынды кезеңінде оқушылармен бірлесе талдау жасалып, тиісті бағалау жүргізіледі. Мұғаліммен оқушы арасындағы кері байланысты дамыту мақсатымен сабақ соңында рефлексия жасалады.

Кіріспе
Қазіргі заман талабына сай өскелең ұрпақтың білімді әрі дені сау ұрпақ болып өсуі өте маңызды. Себебі, еліміздің жарқын болашағы бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Еліміздің әрбір азаматы салауатты өмір салтын ұстанып, дене тәрбиесіне дұрыс көңіл бөле білсе және спортты серік етсе мемлекет үшін аса маңызды. Сондықтан да, Дене шынықтыру пәні білім беру сапасындағы ең қажетті пән. Олай болса, қазіргі мектеп оқушыларының денсаулығы елдің де, қоғамның да басты байлығы. Ел президентінің Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан - 2050» жолдауында осы міндеттерді шешуге арнайы назар аударылған және бұқаралық спортты дамыту көзделген.
Шынығу - денсаулықты сақтаудың және оны нығайтудың ең қолайлы түрі. Дене шынықтыру сабағында оқушылар денені шынықтырып, денсаулықтарын нығайтады және жан жақты дамиды. Ойын оқушыларды жылдамдыққа, төзімділікке ептілікке тәрбиелейді. Сондай спорт ойындарының бір түрі баскетбол ойыны. Сол себепті ұсынылып отырылған сабақ жоспары осы баскетбол ойынына арналмақ.
Баскетбол (ағылшынша: basketball, basket - торқалта, ball - доп)- командалық спорт ойыны. Мақсаты — өз себетіне допты салғызбай, қарсылас себетіне допты лақтырып салу. Олимпиадалық ойындар бағдарламасына баскетбол 1936 жылдан бері енген. Ерлер арасындағы жүйелі түрде дүниежүзілік чемпионаттар 1950 жылдан, ал әйелдер арасындағы чемпионаттар 1953 жылдан бері өткізіліп келеді. Европа чемпионаттары 1935 жылдан өткізілуде.
Ойын тарихы. Баскетболдың отаны Америка Құрама Штаттары болып есептелінеді. Алғашқы ойын 1891 жылы Массачусетс штатының Спрингфилд қаласында құрылған Христиан жастар қауымдастығының оқу жаттығу орталығында ұйымдастырылған. Сол кезде Канададан қоныс тепкен жас мұғалім, доктор Дисеймс Нейсмит гимнастика түрін ары қарай жетілдіру мақсатында жаңа ойын түрін ойлап тауыпты деседі.
Ал, еліміздің баскетбол ойынының даму тарихы XX ғасырдың 40 жылдардан бастау алады. Аталған жылдан бастап ерлер командасы құрылған болса, 1946 жылдан бастап әйелдер командасы құрылған. Сонымен қатар Қазақстан баскетбол командалары СССР чемпионаттарында тұрақты түрде қатысып отырған. Қазақстан баскетболының дамуына М. Жиенбаев, Ю. Бухвалов, И. Копилевич сияқты спортшылар үлкен үлес қосқан.
1972 жылдан бастап «Буревестник», одан кейін «Университет»(Алма - Ата) командалары СССР чемпионаттарының жоғарғы лигасында жақсы ойындар көрсетіп, CCCР халықтарының VI және VIII спартакиадасында екі рет төртінші орыннан көрінген және осы спартакиадаларда одақтас республика командаларынан бөлек АҚШ, Франция, Чехославакия және Югославия командалары да қатысқанын айта кеткен жөн. Ал, 1992 жылдан бастап тәуелсіз еліміздің баскетбол тарихы басталды.

Дене шынықтыру сабағына арналған жоспары
Сабақтың тақырыбы: «Спорттық ойын»
БАСКЕТБОЛ ойыны
«Оң және сол қолмен допты ауыстыра алып жүру», «2 - 3метр қашықтықтан торға доп тастау».
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс
Сабақтың формасы: ойын сабағы;
Пәнаралық байланыс: Геометрия және физика, география пәндері
Сынып: 7 «А»
Өтетін күні: 24 қыркүйек 2015ж.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды баскетбол ойынының қысқаша тарихымен және еліміздегі баскетбол спортының даму тарихымен таныстыру. Ойын техника элементтерін дұрыс үйреніп, ойын ережесін жете меңгеру және бағалау.
Білімділік: Оқушыларды баскетбол элементтерімен таныстыра отырып, ойын техникасын қолдану арқылы дағды қабілетін жетілдіру, арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұжымдық, достыққа, ұйымшылдыққа, салауаты өмір салтын ұстануға, зейінділік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ойын арқылы оқушының ептілік, икемділік, жылдамдық, төзімділік, шапшаңдылық, күш және т. б. Қасиеттерін жетілдіру.
Сабақтың өткізілетін орны: мектеп спорт залы
Сабаққа керекті құрал - жабдықтар: баскетбол доптары, ысқырғыш, секундомер, кедергі, иллюстративтік материалдар көрнекіліктер

«Курчатов қаласының
№1 жалпы білім беретін орта мектебі»КММ
Дене шынықтыру мұғалімі:
Толеубаев Еркебулан Оралханович

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Баскетбол добын алып жүруді үйрету

Баскетбол добын алып жүруді үйрету

Білімділік: Баскетбол добын алып жүру түрлерін үйрету Дамытушылық: Спорттық ойындармен айналысуды жалғастыру, олардың ережесімен, түрлерімен...
Дене тәрбиесі күнделікті сабақ жоспарлары

Дене тәрбиесі күнделікті сабақ жоспарлары

Допты нақты әрі тура беру команданың жақсы ойнауына көп әсер етеді. Допты беру оның бастапқы қалпына байланысты бөлінеді; кеудеден беру, төменнен...
Баскетбол ойыны

Баскетбол ойыны

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға баскетбол ойынының әдіс тәсілдерін үйрету 2. Ептілік, жылдамдық, шыдамдылық қабілетін дамыту. 3. Адамгершілікке, ақыл...
Игерілген әдіспен баскетбол ойыны

Игерілген әдіспен баскетбол ойыны

Бекбауов Нұрбек Сембайұлы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз селосы №9 орта мектеп мұғалімі. «Жас ұрпаққа тәрбие берудегі жаңа инновациялық...
Допты екі қолымен кеудеден беру

Допты екі қолымен кеудеден беру

Қызылорда облысы, Айтеке би кенті № 234 мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Тлеумбетов Алик Каумбаевич...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×