Дене шынықтыру жетекшісі: Исмамбетов Берік
Тақырыбы: «Біз спортшы жанұямыз» отбасылық сайысы
Тобы: «Жауқазын, Құлыншақ»
Білім саласы: «Денсаулық»
Бөлімі: Дене тәрбиесі
Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата - анамен бала арасында спорт мәдениетін кең тарату. Спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Төзімділігін, жылдамдығын, ептілігін, батылдығын дамыту.
Көрнекілігі: Кедергілер, обрач, самакат, кішкентай доптар, арқан, ысқырық.
Барысы:
Жүргізуші:
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
ІІ. Негізгі бөлім
Құрметті әріптестер және ата - аналар, бүлдіршіндер бүгінгі«Біз спортшы жанұямыз атты отбасы» сайысына қош келдіңіздер!
Көңілді жарысқа балабақшамыздың ортаңғы топтары мен ата - аналарымыз қатысады.
Жарысқа қатысатын топтарды шақырамыз.
Әр таңды бақытпенен аттырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға отбасыларды шақырамыз.
1. Жауқазын тобынан құралған «Жас қыран»тобы ортаға шақырамыз
2. Құлыншақ тобынан құралған «Сұңқар»тобы ортаға шақырамыз.
(әр отбасы орындарына келіп тұрады)
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
1. Балабақша меңгерушісі:. Есмағамбет Бибісара апай
2. Балабақша әдіскері: Ерішова Айгүл апай
3. Ақбота тобының тәрбиешісі: Өткелбай Кенжегүл апай
4. Балабақша төрайымы: Исатаева Жанат апай
Сайыс соңында әділ қазылар өз бағаларын береді.
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәттілік!
Сайысымызды бастаймыз.
Сайыстың бағдарламасы 9 кезеңнен тұрады:
1 Кезең: «Таныстыру»
2 кезең: «Кім жылдам»
3 кезең: «Тасмалдау»
4 кезең: «Қай топ шапшаң»
5 кезең: «Қақпа»
6 кезең: «Төгіп алма»
7 кезең: «Кенгіру»
8 кезең: «Кедергілер алаңы»
9 кезең: «Секірмек»
1) Атамнан басталар Әжемнен басталар Отбасы мыналар Ең жақын адамдар,- дей келе
І кезең: «Таныстыру»
Шарты: Әр отбасы өздерін таныстырады.
Жүргізуші:
2) Көңіл қойып қараңыз Жалындап тұр ғой балаңыз Жарыссын қане отбасылар Қол соғып қарсы аламыз.
2 кезең: «Кім жылдам»
Шарты: Бірінші әкеміз, екінші анамыз кезекпен ключки мен кішкене допты кедергілер арасымен алып жүріп, межені айналы кайтарда кедергілер арасымен допты алып жүру қажет, кезекті балаларын алып, велосипедпен жарысады.
3) Береке де осында Мерекеде осында Болып жатыр той думан Отбасылар сайысында
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.