Сайтқа кіру Тіркелу

«Салауатты өмір салтын қалыптастыру»

Мемлекеттік барлық құрылымдардың маңызды мәселелердің бірі – салауатты өмір салты. Мектептегі дене тәрбиесінің негізгі міндеттерінің бірі оқушыларды салауаттылыққа деген ынтасын қалыптастыру.
Салауатты өмір салты – өмір тіршілігі. Оқушылардың денсаулығы бір қатар факторлардың әсерлеріне тікелей байланысты болады, олардың ең маңыздысы – өмір салты.
Оқушылардың салауатты өмір салтын құрайтын қозғаушы күштерге мыналар жатады:
• еңбек және демалыс тәртібін дұрыс қолдану,
• қозғалыс белсенділігін ұйымдастыру,
• тазалық сақтау,
• шынығу талаптарын орындау,
• зиянды әдеттерден сақтандыру,
• оқушылардың өз ара қарым - қатынастарды қалыптастыру,
• ағзаның психофизикалық жағдайын, есепке алу,
Осы жағдайда оқушы өзінің денсаулық деңгейін анықтай алады. Ол үшін оқушылардың
анатомиялық, физикалық, психикалық, ақыл – ой қабілеттік деңгейі, ағза мүшелерінің дұрыс жұмыс жасауы керек. Оқушыларды өз денсаулық деңгейін анықтай білуге үйрету керек. Олар өз мүмкіншіліктерін білгеннен кейін, біз оларға денсаулықты нығайтатын жолдарды, әдіс амалдарды үйретеміз.
Салауатты өмір сүру - тіршіліктің биологиялық өзгерістері ғана емес, сонымен қоса әлеуметтік маңызы зор құбылыс. Адам баласы туған күннен бастап өмір бойы тіршілік қабілетін жоғалтпай жас ерекшеліктеріне қарай қызмет етеді. Осы құбылыстар ағзаның орталық жүйке жүйесінің негізгі реттеуіш бөлігі мидың адам өмірінде атқаратын қызметі – тіршіліктің негізгі көзі.
Салауатты өмір сүру үшін оқушылар дене тәрбиесінде, дене шынықтыру жаттығуларының бір түрімен тұрақты түрде шұғылданған жөн. Оқушылар спортпен шұғылданған кезде, ағзаларының мүмкіншіліктерін біліп алуы керек. Бұл жағдайда оқушылар салауатты өмір сүремін, ұзақ жасаймын деп жүріп, ағзаларына мүмкіншіліктен тыс күш түсіріп, ағзаны ауыруға шалдықтырып алуы мүмкін.
Адам денсаулығы өмірде өте маңызды көп факторларға тәуелді. Денсаулық физикалық, психикалық, әлеуметтік болып бөлінеді.
• физикалық – адам ағзасында функциялардың өздігінен реттелуі, функциялық үрдістердің келісімді өтуі;
• психикалық – ауруды болдырмау және одан арылу;
• әлеуметтік – адамның әлеуметтік белсенділігінің, яғни қоршаған ортамен араласуы;
Дене тәрбиесінің маңызды міндеттерінің бірі мектеп оқушыларының салауатты өмірге деген ықылас жігерін қалыптастыру болып табылады. Олай болса оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруда отбасының балаға деген тәрбиенің маңызы зор.
• ата - ананың балаға деген қамқорлығы,
• баламен тығыз қарым – қатынасты дамыту,
• баланың күйзеліс сезімін бақылау,
• баланың білімін, оқуға деген ынтасын байқау,
• қоршаған орта және ересектермен қарым – қатынастарын бақылау,
• денсаулыққа нұқсан келмейтін іс – әрекет қимылдарына мән беру,
• еңбек пен демалыстың тиімді пайдалануын қадағалау.
Салауатты өмір салтын меңгерген оқушы төмендегідей қасиеттерге ие болады.

Демек, осындай оқушы өзінің құзіреттілік мәртебесіне сай деп ойлаймын.
Сонымен қорыта айтқанда, «Салауатты өмір салты» нақты өмір жағдайында денсаулықты сақтап нығайтуда оқушының әлеуметтік, кәсіптік және биологиялық функцияларын толық орындауды қамтамасыз етуге бағытталған тіршілік әрекеті. Дене тәрбиесі сабағы тек қана жаттығуларды орындау емес, сонымен қатар, оқушылардың еңбек сүйгіштікке, қажырлыққа, төзімділікке, батылдыққа, жігерлікке, патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелейтін пән.
Ден шынықтыру – спорттық жаттығулар ғана емес, жеке тұлғаның маңызды адамгершілік белгісі, оқушыларды тәрбиелеуге және «Салауатты өмір салтын» сақтауға, оларды естен шығармауға жетелеу.
«Бірінші байлық – денсаулық», «Дені саудың жаны сау» - деп ата - бабамыз айтқандай, дендеріңізге саулық тілеймін.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Дені саудың - жаны сау

Дені саудың - жаны сау

Заттармен жалпы дамыту жаттығуында үйлесетін қабілетін дамыту төрт тағандап жүруді. Шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза...
Салауаттылық - денсаулық кепілі

Салауаттылық - денсаулық кепілі

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара қаласы, А. Иманов атындағы орта мектептің химия-биология пәнінің мұғалімі: Арзықұлова Ж....
Салауатты өмір салтын қалыптастыру

Салауатты өмір салтын қалыптастыру

Шығыс Қазақстан облысы, Тассай ауылы, М. О. Әуезов атындағы орта мектеп Смагулов Нығмет Жағыпарұлы...
Денсаулық - зор байлық

Денсаулық - зор байлық

Білімділік: Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру. Дамытушылық: Оқушылардың танымдық...
Салауатты өмір салтын ұстануға оқушыны бейімдеу

Салауатты өмір салтын ұстануға оқушыны бейімдеу

Қарағанды қаласы. №23 ЖББО мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Лапиева Гулайым Каппаровна Салауатты өмір салтын ұстануға оқушыны бейімдеу Қазіргі...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×