Сайтқа кіру Тіркелу

Айналмалы әдіс сабағы

І. Дайындық бөлімі.
ІІ. Негізгі бөлім.
а) Акробатиялық жаттығулар.
б) Таянып секіру.(ағаш аттан).
в) Бөрене жаттығулары.
г) Өрмелеп шығу.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Сабақтың мақсаты:
1. Тәрбиелік мәні. Балалардың жан - жақты өсіп жетілуі, денсаулығын нығайтуы және күш ептілік сияқты қимыл салаларын арттыру.
2. Білімділік. Гимнастиканың ережелері мен әдіс - тәсілдерін тереңдетіп үйретумен қатар ағзаның жаттыққандығын қамтамасыз ететін қозғалыс қимылдарына іскерліктер мен дағдыларға және дедене мен ақыл - ой жұмыс қабілеттілігіне қажетті білімділігін қалыптастыру.
3. Дамытушылық. Гимнастиканың ережелері мен әдіс тәсілдерін терендетіп үйрете отырып, дененің жекеленген бөліктерінің қимылын және олардың өзара үйлесімді болуын дамыту.
Сабаққа керекті құрал жабдықтар:
1 - гимнастикалық төсеніш.
2 - бөрене.
3 - арқан.
4 - ағаш аттар.
5 - секіртпе.

Р/с. бөлімдері Сабақтың мазмұны. Уақыты, мөлшері. Әдістемелік нұсқаулар мен ескертулер.

Дайындық бөлімі:
1. Сапқа тұрғызу.
2. Кезекшінің мәлімдемесі.
3. Сәлемдесу.
4. Сабақтың өілуін, мақсатың түсіндіру.
5. Сапта оңға, солға бұрылу.

6. Жүру түрлері:
а) бір орында жүру.
ә) алға адымдай жүру.
б) аяқтың ұшымен жүру.
в) өкшемен жүру.
г) аяқтың ішкі, сырттқы қырларымен жүру.

7. Жүгірудің түрлері:
а) жеңіл, баяу жүгіру.
ә) оңжақ, солжақ қабырғалармен жүгіру.

б) аяқты артқа, алдыға сермеп жүгіру.
в) тізені жоғары көтере жүгіру.

ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІМ: 10 - 15 мин

Бір қалыпты баяу жүгіріс.
8. Жалпы дене дамыту жаттығулары.(Ж. Д. Ж.)

а) Бастапқы қалып(б. қ)
басты оңға, солға айналдйру.
С. қ - 1, 2 оңға
С. қ - 3, 4 солға.

ә) Иықты алға, артқа айналдыру.
С. қ - 1, 2 алға.
С. қ - 3, 4 артқа
2, 3 мин

2 Х 30 м
-
-
2 Х 30м
-
3, 4 айналым.
2, 3 рет.

Денені тік ұстап тұру.
Түзу жүруін қадағалау.
Аяқ қолды бірдей істеу, қолды неғұрлым жоғары көтеріп созу.
Денені тік ұстап қолды жан - жаққа созу.
Дем алып, дем шығару.
Жауырынға, иыққа салмақ түсіріп қолды айналдырып жүгіру.
Денені тік ұстау, қол белде.
Қол алдыда, алақан төмен, тізені қолға тигізу.
Мұрынмен тыныс алып, ауызбен шығару.

денені бос ұстап, қол белде. қол иықта, бар екпінмен толық айналдыру.
б) Қолдарды алға, жанға, жоғары созу.
С. қ - 1 алға.
С. қ - 2 жоғары.
С. қ - 3жан - жаққа.
С. қ - 4 б. қ.
в) Белді оңға, солға айналдыру.
С. қ - 1, 2 оңға.
С. қ - 3, 4 солға.

г) Белді алға, артқа иіу.
С. қ - 1, 2 алға.
С. қ - 3, 4 артқа.

д ) Б. қ. қол белде, аяқ иық деңгейінде.
С. қ - 1 Қолды созып солға отыру.
С. қ - 2 Б. қ.
С. қ - 3 Қолды созып оңға отыру.
С. қ - 4 Б. қ.
е) Аяқты көтеру.
Б. қ Аяқ алшақ, қол алдыда, алақан
төмен.
С. қ - 1 Сол аяқты көтеріп оң қолға
тигізу.
С. қ - 2 Б. қ.
С. қ - 3 Оң аяқты көтеріп сол қолға
тигізу.
С. қ - 4 Б. қ.

ж) Отырып, тұрып аяқты созу.
Б. қ. Аяқ бірге, қол белде.
С. қ - 1 Қолды созып, отыру.
С. қ - 2 Қолды жерге тигізіп, аяқты
созу.
С. қ - 3 Аяқты жинап, отыру.
С. қ - 4 Б. қ.

з) Тізені айналдыру.
Б. қ Аяқ алшақ, қол тізеде.
С. қ - 1, 2 Тізені ішке айналдыру.
С. қ - 3, 4 Тізені сыртқа айналдыру.

2, 3 рет
Жазылған қолдар түзу, әрі санақ бойынша жасау. Белді толығымен айналдыру. Қолдың ұшың аяқтың басына тигізу. Қолдың ұшың аяқтың өкшесіне тигізу. Отырған кезде денені тік ұстау, созылған қол түзу.
Қол алдыда арасы сәл алшақ. Көтерген аяқтың тізесі бөгілмеу керек. Жерге тиген қолмен созылған аяқ түзу болу керек.
Белді сәл алдыға қарай еңкейту.
и) Орынында тұрып жәймен секіру.
Б. қ. Аяқ бірге, қол белде.
С. қ - 1 Секіру.
С. қ - 2 Б. қ.
С. қ - 3 Секіріп барып, солға бұрылу.
С. қ - 4 Б. қ.
С. қ - 5 Секіріп барып, артқа бұрылу.
С. Қ - 6 Б. қ.
С. қ - 7 Секіріп барып оңға бұрылу.
С. қ.- 8 Б. қ.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ: 25 - 30мин.
І Акробатикадағы дайындық жаттығулары:
а) бойды отырған қалыптан бүгіп жазу.
ә) алға бірнеше рет домалау.
б) артқа бірнеше рет домалау.

в) Бастапқы қалып негізгі тұрыс,тұрған қалыптан отырып бүгіліп домалау.
г) Домалай түсуді орындай отырып, жауырынға домалап түсу.

д) Бүгіліп отырған қалыптан артқа домалап жауырынға тұру, алға аударылып түсіп, таянып отырып басқа және қолдарға тұру.

е) Жинақталып, домалап түсіп, таянып отыру және алға қарай қолды жерге қойып, айналып аяқпен түсу.
ІІ Таянып секіру. Ағаш аттан секіру.(ұлдар, қыздар)
1. Қолмен ағаш атты ұстап тұрып, көпіршені басып секіру. аяқты бүгіу тәсілмен тіреп секіруді орындау.
2. Тіреп секіру кезінде тұтасымен орындау. а) екпіндей жүгіру.
ә) көпіршені басу.
б) аяқпен секіру.
в) қолды ағаш атқа тірегенге
дейінгі қалықтап ұшу.
г) қолмен серпілу.
д) қолмен серпілуден кейінгі
қалықтап ұшып, жерге
қону.
2, 3 рет
25 - 30 мин.
Аяқты алшақ қою.
Аяқ бірге.
Аяқты алшақ қою.
Аяқ бірге.
Аяқты алшақ қою.
Аяқ бірге.
Аяқты алшақ қою.
Аяқ бірге.
Әрбір жаттығуларды тиянақты орындау
Жамбасты тез қозғап аяқттысерпу қажет.
Арқаны дөңгелете бүгуді іске асыру
Жауырынға тұрған кезде, гимнастикалық төсеніш қатты болмау керек.
Қол, аяқ бір сызық бойына түсу.

Аяқпен серпілуден кейін қолды ағаш атқа тіреу.
Ағаш аттан сегіргенде аяқты арасын алшақ қою керек.
Денені қозғалтпай орындау керек.
Қонған кезде неғұмырлым жоғары ұшып керілу керек.

ІІІ. Бөрене жаттығулары.(қыздар).
а) Арнайы дайындық жаттығулары жерге (еденге) орындау.

ә) Қолды алға созып, бір аяққа отыру, екінші аяқты тербетіп келіп, алға қойып екі аяққа отырып, оң қолмен бүйірді ұстап тұрып, сол қолды жаныңа созу.

б) Бір орында тұрып айнала, тепе - тендік сақтап «Қарлығаш» жасап тұру.

в) Аяқтарды ауыстыра бір орында
жоғары қарай секіріп, бөрененің
ұзын бойымен жүгіріп өттіп,
шалқайып секіріп түсу.

ІҮ. Өрмелеп шығу.(ұлдар).
а) Қабырғадан бір қадым кейін
шегініп, алақанды қабырғаға
тіреп, иекті қабырғаға тигізбестен
қолды бүгіп жазу.

ә) Жерден немесе орындықта отырған бастапқы қалыптан қол мен аяқтың күшін тең мөлшерде
пайдалана отырып арқанмен өрмелеу.
б) Өрмелеген кезде қолды алма кезек ауыстыра отырып, екі табанмен итеріле көмектесу керек.

Жаттығуларды тиянақты жасау.
Денені тік ұстап алға қарап отыру, қолды жаныңа түзу созу.
Солға, оңға аяқтың ұшымен, тізені бүкпей барынша еңкею.
Қол бүйірде, бір орында немесе алға қарай аяқтың ұшымен түсу.
Күшпен буындардың қимылын дамытуға аралған жат - тығуларды дұрыс орындау.
Барынша жоғарыдан ұстауға, ұмытылу керек.
Иек қолға жету үшін барынша күшпен тартылу керек
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×