32. Заманауи селекцияның әдістері. Сұрыптау үшін өзгергіштіктің маңызы. Сұрыптау және оның шығармашылық рөлі. Тұқымқуалайтын сапаны бағалау.
33. Туыстық шағылыстыру және оның селекциядағы маңызы. Гетерозис, оны ауыл шаруашылығында қолдану
34. Полиплоидия. Әріден будандастыру. Жасанды мутагенез. Олардың селекциядағы маңызы. Селекция жетістіктері.
35. Эволюциялық түсініктердің шығуы және дамуы. Эволюционизмнің алғышарттары. Ламарктың эволюциялық теориясы.
Биология 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: §31 Жануарларды қолға үйрету селекцияның бастапқы кезеңі екендігі. Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары. Жануарларды қолға үйрету аймақтары. Үй жануарларының шығу тегі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушыларға жануарлар селекциясының ерекшеліктері туралы түсінік беру.
Дамытушылық. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік. Ұқыптылыққа, тазалыққа баули отырып, гигиеналық, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: білім беру.
Сабақты өткізу әдісі: түсіндірмелі көрнекілік, нұсқаушы ойға түсіруші, сұрақ, жауап.
Сабақтың көрнекілігі: жануарлар селекциясы
Сабақтың барысы.
І Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу;
ә) оқушыларды түгелдеу;
б) сынып тазалығына көңіл бөлу.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
1. Мәдени өсімдіктердің пайда болу орталықтары туралы ілімнің авторы кім?
2. Бүгінгі күні осындай орталықтардың қаншасы бар?
3. Жануарларды қолға үйрету орталықтары
4. Биотехнология әдістері
5. Саңырауқұлақтар мен ұсақ ағзаларды сұрыптаудағы қазақстандық ғалымдар
ІІІ Жаңа сабақ
Жануарлар селекциясында қолданатын жалпы әдістер, өсімдіктер селекциясына ұқсас болғанмен, олардың өз табиғатына байланысты ерекшеліктері бар. Ауыл шаруашылығы малдары тек жынысты жолмен көбейеді. Олардан қолдан жасанды жолмен мутация алуға болмайды. Алынған жағдайда олардың тіршілік қабілеттілігі төмен және әр түрлі ауруларға бейім келеді. Жануарлар селекциясында экстерьерлік (лат. eksternus — сыртқы) белгілері бойынша сұрыптау жүргізеді, яғни олардың дене құрылымы мен әрбір мүшесінің бір - біріне үйлесімділігі негізге алынады. Сұрыптаудың екінші түрі — ұрпақтары бойынша сынау. Бұл әдісті жануарлардың тұқымын жақсарту мақсатында қолданады. Мысалы, тауықтың жұмыртқалағыштығын арттыру үшін қоразды таңдап алып, мекиенінің (аналық) ұрпақтарының жұмыртқа әкелу өнімділігін, аналықтан алынған ұрпақпен және тұқымның орташа өнімділігімен салыстырады. Егерде мекиеннен алынған ұрпақтардың өнімділігі жоғары болса, онда қоразды аталық ретінде тұқымдарын асылдандыруға қолданады. Қазіргі жануарлар селекциясының негізін салушы ғалым М. Ф. Иванов ұрпақтары бойынша сынау арқылы жоғары өнім беретін Украинаның далалық ақ шошқа тұқымын және Аскания - 1 қабанын алды. Бұдан басқа жүнінің сапасы жоғары Аскания рамбульесі қойының тұқымын және сүтті бағыттағы ірі қара малдың Кострома тұқымын шығарды.
Қой тұқымдары: Қазақтың арқар - мериносы. Бұл академик М. Ф. Ивановтың ұсынған әдісі бойынша биязы жүнді қойды таудың тағы арқарымен бұдандастыру арқылы шығарылған, дүние жүзіндегі бір ғана қой тұқымы. Қазақтың арқар - мериносын шығаруда, негізінен, шағылыстырудың сіңіре будандастыру және зауыттық будандастыру тәсілі қолданылды. Үшінші ұрпақтың будан қошқарлары қандас саулықтарымен (ата жанынан қуғанда) шағылыстырылады. Осының нәтижесінде төртінші ұрпақ алынды. Бұл ұрпақтың қошқарлары да қандас саулықтармен шағылыстырылды. Бұдан бесінші ұрпақ алынды. Жұмыстағы негізгі мақсат — қойдың тұқымдық жаңа тобын, биік таулы жердің жағдайына бейімделген биязы жүнді қой тұқымын шығару болды. Іріктеу және жұп таңдау, басқа да күрделі жұмыстарды орындаудың нәтижесінде қойдың отандың жаңа тұқымы — қазақтың арқар - мериносы шығарылады. Авторлары: Ж. С. Бутарин, А. И. Есенжолов, Е. В. Большакова, А. И. Жандеркин. Республика көлемінде қойлардың бір қатар асыл тұқымдары бар. Олар: қазақтың биязы жүнді қойы, авторы: В. А. Бальмонт. Дегерес қойы — авторлары: В. А. Бальмонт, Т. Б. Бөкенбаев, М. А. Атлетов, Т. С. Садықүлов, А. Б. Байжүманов, т. б. Еділбай қойы — халықтық селекциялық жолмен алынған. Құйрықты қойлардың ең жақсы тұқымы. Жергілікті құйрықты қойлардың тұқымын асылдандыру үшін Еділбай тұқымының таза көпшарларымен будандастыру жүргізеді. Қаракөл қойлары көп ғасыр бұрын Орталық Азияда, Бұхарада шығарылған. Қазір қаракөл қойлардың қара, көк, сұр, қызғылт, қызыл коңыр, шатурн түсті түрлері бар. Ірі қара мал тұқымы. Қазақтың Ақ бас сиыры қазақтың жергілікті сиырын қалмақ бұқасымен будандастырып, одан алынған ұрпақты Герофорт тұқымымен шағылыстыру арқылы алынған. Қырдың қызыл сиыры — Солтүстік Қазақстанда шыққан бұл тұқым қазақтың жергілікті сиырын Швицкий бұқасымен будандастыру арқылы алынған. Симменталь ірі қара малы және Әулиеата ірі қара малы тұқымдары бар. Жылқылардың тұқымдары:
• 1. Қостанай жылқысы — авторлары: В. А. Хитенов, А. Моторико.
• 2. Көшім жылқысы — авторлары: Ю. Н. Барминцев, А. И. Беляев, М. В. Борисов, С. С. Рзабаев.
• 3. Мұғалжар жылқысы — Ю. Н. Барминцев, И. Н. Нечаев, С. С. Рзабаев, А. Жұмағүлов, Г. Бегімбетова.
Шошқа тұқымдары. Халықты етпен қамтамасыз етуде шошқа шаруашылығының алатын орны ерекше. Басқа үй малдарымен салыстырғанда, шошқа ұрпақ - әрбіту мерзімінің қысқалығымен, ұрпағының көп болуымен және шапшаң өсетіндігімен ерекшеленеді. Елімізде шошқаның жергілікті тұқымын жетілдіру мен жаңа тұқымын шығаруда шетелдерден әкелінген түұқымдарын (Англия, Дания, Ирландия, т. б.) Англияның ірі ақ тұқымды шошқасы Беркшир шошқасын орташа ақ шошқа, ірі қара шошқа, салпаңқұлақ ақ шошқа, Ландрос, дюран шошқасы, гемпширлік шошқа, т. б. жергілікті қолтұқымдарымен будандастырын, шошқаның етті, етті - майлы бағыттағы тұқымдары алынды. Осымен қатар шағылыстыру процесіне шошқаның жабайы түрі — Ортаазия қабандары да қатыстырылды. Осындай әдіспен Қазақстанда алғаш рет шошқаның "Жетісу" тұқымы алынды. Жетісу шошқасы — етті - майлы тұқым. 1978 жылы Қазақ ғылым академиясының эксперименттік биология институты шығарған. Авторлары: В. А. Ли, П. А. Еськов, С. Қалдыбаев.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Толық нұсқасын қарау