Сайтқа кіру Тіркелу

Ж. Б. Ламарктың эволюциялық ілімі

11сынып
Сабақ тақырыбы: Ж. Б. Ламарктың эволюциялық ілімі
Сабақ мақсаты: Ж. Б. Ламарктың эволюциялық теориясы. Алғашқы эволюционисттер туралы білім қалыптастыру.
Сабақ міндеті:
• оқушыларға тақырыпты өз бетінше оқып талқылауға, білім алуға көмектесу;
• оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін өз ойларын топта және көпшілік ортада жеткізе алуға үйрету;
• Оқушыларды топтық жұмыс барысындағы ережелерді сақтауға үйрете отырып, өзін - өзі мәдениеттілікке, тәрбиелікке бағыттауға орта құру.
Қолданатын модульдер:
 Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс - тәсілдер.
 Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
 Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
 Оқыту мен оқу ақпараттық – коммуникациялық технологиялар (АКТ) пайдалану
 Оқытуды басқару және көшбасшылық
 Талантты және дарынды балаларды оқыту
Стратегиялық іс - әрекет:
Психологиялық дайындық, «Ротация» әдісі.
Күтілетін нәтиже: Ж. Б. Ламарктың эволюциялық теориясы. Алғашқы эволюционисттер жайлы түсінік және білім қалыптасады

Кіріспе
15 мин Білу
1. Оқушылармен сәлемдеседі.
2 барлық оқушыларға бір бір тілек қағаздарына жазып болып, оны мыжғылап жұдырықтаған соң сыныптастарына қарай лақтыруларын айтамын.
Топқа бөлемін.
Әр топ парталарына өз атауларын қоямын.
3. Үй тапсырмасы:
«Ротация»
4. Сергіту сәті
Жаңа сабақтың таныстырылымы 5 мин
Жаңа сабақты қолдану 20 мин
Түсіну, Талдау
«Мағынаны ажырату»

XVII ғасырда микроскоптың ашылуы, оның түрлі биологиялық зерттеулерге қолданыла бастауы, көптеген ғалымдардың тірі табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, ой - өрісін дамытты. Эмбриология мен палеонтология өз алдына ғылым болып қалыптасты. Француз ғалымы Жан Батист Ламарк биологияда Дарвинге дейінгі органикалық дүниенің дамуы туралы ғылыми теорияның негізін салды. Ж. Б. Ламарктің эволюциялық теориясының артықшылығы: нақты деректерге сүйеніп, өсімдіктер мен жануарлардың құрылысын тереңірек зерттеуінде. "Зоология философиясы" (1809 ж.) деген еңбегінде органикалық дүниенің өзгеретіндігін көптеген мысалдармен дәлелдеп берді, Ж. Б. Ламарк жануарларды жүйелеу жұмыстарымен де айналысты. Ұқсастық белгілеріне қарап, омыртқасыздар және омыртқалылар деп бөліп, 6 сатыға, 14 класқа топтастырды.
I саты — кірпікшелі кебісшелер мен полиптер.
II саты — сәулелілер мен құрттар.
III саты — жәндіктер (насекомдар) мен өрмекшітектестер.
IV саты — шаянтектестер мен ұлулар (былқылдақденелілер).
V саты — балықтар мен бауырымен жорғалаушылар.
VI саты — құстар мен сүтқоректілер.
Жан Батист Ламарк (1744 — 1829) — алғашқы эволюциялық теорияның негізін қалаушы француз жаратылыстанушысы. Организмдердің бейімделушілік қасиетін сыртқы орта жағдайымен байланыстыра зерттеді. Бұл эволюциялық теорияның дамуына қосқан зор үлесі болып есептеледі. Ғылымға "биология" терминін алғаш енгізген ғалым. "Француз флорасы", "Зоология философиясы" және т. б. ірі еңбектер жазған. Омыртқасыздарды 10 класқа бөлді.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы,
Құрбан ата ауылы,№9 М. Жұмабаев атындағы
жалпы орта мектебінің биология пәні мұғалімі
Назира Битанова

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Дарвинге дейінгі тіршіліктің тарихи дамуы туралы көзқарастар. Эволюциялық к ...

Дарвинге дейінгі тіршіліктің тарихи дамуы туралы көзқарастар. Эволюциялық к ...

Биология дамуының Ч. Дарвинге дейінгі кезеңі. Ғылымда әуел бастан мақсатқа сәйкестілік және тірі табиғаттың өзгермейтіндігі туралы көзқарастардың...
Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі

Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі

Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімінің қағидалары, маңызы, қолдан сұрыптау туралы түсінік қалыптастыру...

"Тіршіліктің даму тарихы туралы ілім» тарауы бойынша қорытынды сабақ

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы, Абай атындағы орта мектебінің химия және биология пәндерінің мұғалімі Жанханова Тілекші Саясатқызы...
Табиғи сұрыптау – эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы күші

Табиғи сұрыптау – эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы күші

Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті №176 орта мектеп Игембаева Гүлнар Ыдырысқызы...
Биология

Биология

“Биология” терминін ғылымға алғаш 1797 ж. неміс ғалымы Т. Руз енгізген. Биология Оңтүстік-шығыс Азия елдерінде (Қытай, Жапония, Үндістан) 6 — 1...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×