Сайтқа кіру Тіркелу

Алқа тұқымдастар – кіріккенкүлтелі өсімдіктер

Биология 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Алқа тұқымдастар – кіріккен күлтелі өсімдіктер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға алқа тұқымдастарға жататын өсімдіктер туралы толық мағлұмат беру.
Дамытушылық: Оқушыларға алқа тұқымдастарға жататын өсімдіктердің ортақ белгілерін, тағамға, дәрі ретінде, сәндік түрлерін, улы түрлерін айта отырып, оқушылардың ойлау қабілетін шыңдау, біліктілігін, ой - өрісін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды жеке жұмыс жасауға, пәнді сүйіп оқуға, адалдыққа, адамгершілікке, тазалыққа, табиғатты сүюге, оның байлығын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа материалды оқып үйрету
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, кесте толтыру, ребус шешу, «домино» ойыны, сәйкесін табу, адасқан әріптер.
Сабақтың құрал – жабдықтары: интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, муляждар, гербарийлер.
Пәнаралық байланыс: ботаника, география, экология.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу
2. Түгендеу
3. Оқушыларды сабаққа бейімдеу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
«Қосжарнақтылар класы. Раушангүлділер тұқымдасы. Бұршақтұқымдастар» тақырыбынан алған білімдерін тексеру.
1. Галереяға саяхат (суретпен жұмыс).
2. Кесте толтыру:

3. Сәйкесін тап:
1. Жабайы алхоры гүлінің формуласы ------------------- а) соя
2. Алма гүлінің формуласы ---------------------------------- ә) қызыл жоңышқа
3. Дәрілік бұршақ тұқымдастар ---------------------------- б) Т (5) К 5 А ()() Ж (5)
4. Нағыз сәндік гүл ---------------------------------------------- в) жалаң қызыл мия
5. Құрамында нәруызы көп өсімдік ----------------------- г) Т (5) К 5 А 20 Ж 1
6. Топырақтың құнарлылығын арттыратын өсімдік --- ғ) раушан

ІІІ. Жаңа сабақ баяндау:
Алқа тұқымдастарының ғаламшарымызда 2900 - ге жуық түрі бар. Бұлардың көпшілігі мәдени өсімдіктер. Алқа тұқымдастарының жабайы түрлері де көп. Ауа райы ыстық елдерде бұталы және сабақтары шырмалып өсетін де түрлері бар. Әсіресе Оңтүстік Америкада алқа тұқымдастарының жабайы өсетін түрлері көп. Қазақстанда 23 түрі кездеседі, көпшілігі қолдан өсіріледі. Бұлар – күлтелері тұтасқан, жапырақтары кезектесіп орналасатын шөптекті өсімдіктер. Гүлдері шоғырда немесе жеке – дара орналасады. Гүлінде кіріккен 5 тостағанша жапырақшалар, кіріккен 5 күлте жапырақшадан тұрады. Сондықтан бұл өсімдіктер кіріккенкүлтелілер деп те аталады. Күлте жапырақшалардың түп жағы қысқа түтікшеге бірігіп, қоңырау тәрізді болады. Оның ортасында 5 аталық, 2 жемісжапырақшалы аналық орналасады. Бұлар – жоғары жатынды өсімдіктер. Бірнеше симметрияға бөлінетін сызықтар жүргізуге болатындықтан, алқа тұқымдастар дұрыс гүлді (*) өсімдіктер болып есептеледі. Гүл формуласы: *Т (5) К (5) А 5 Ж (2). Жемісі – жидек немесе қауашақ.

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы
ІІІ Интернационал ауылы, №108 орта мектептің
биология және химия пәндерінің мұғалімі,
педагогика ғылымдарының магистрі
Сағынбаева Мария Дәулетқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×