Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шығырлы ауылы
Ә. Молдағұлова атындағы негізгі мектебі
Биология пәнінің мұғалімі: Толыбаева Бейбит Куандыковна
Сабақтың тақырыбы: Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімінің қағидалары, маңызы, қолдан сұрыптау туралы түсінік қалыптастыру
Дамытушылық: Оқушылардың қызығуы, ынта - қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту арқылы айналадағы құбылыстарды байқауға, салыстыруға, талдай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелілік: Уақыт, дәлдік, ұқыптылық сезіміне, адамгершілік қарым - қатынастардың мәдениетіне тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірме қағаздар
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Жеке оқушымен жұмыс
Сабақтың әдісі: домино, суретпен жұмыс, ауызша, диктант, сандармен жұмыс,
сызбанұсқа
Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет, қазақ тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
а) «Биологиялық домино»
ә) «Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл» ойыны
(Ғалымдардың портреттері бойынша еңбектері туралы мағлұмат беру)
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту кезеңі
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
а. Сызбанұсқамен жұмыс
ә. “Сандар сөйлейді “ ойыны
б. Биологиялық диктант
Ү. Қорытындылау
ҮІ. Бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
А) «Биологиялық домино»
Қолдарына таратылған сөздерді ретімен орналастыру керек.
1. Эволюция деп - органикалық дүниенің күрделі және ұзаққа созылған тарихи даму процесін айтады.
2. Гераклит: «Барлық тірі организмдер, тіпті адам да ең алғашқы материядан табиғи жолмен дамып жетілді».
3. Ж. Бюффон: «Табиғи тарих» атты еңбегінде: Бейорганикалық заттардан алдымен өсімдіктер, одан кейін жануарлар мен адам пайда болды».
Ә) «Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл» ойыны
Карл Линней және Жан Батист Ламарк ғалымдарының еңбектері және маңызы туралы мәліметтер беру.
сол ғалымдардың
Ж. Б. Ламарк еңбегі: 1809ж «Зоология философиясы» деген еңбегі.
Жануарлардың ұқсас белгілеріне қарап, омыртқалылар және омыртқасыздар деп бөліп, 6сатыға, 14 класқа топтастырды. Бірінші болып, «Биология» терминін енгізді.
К. Линней еңбегі: 1735ж «Табиғат жүйесі». Ағзалардың қосарланған атауын - қосарлы атау тізімді ғылымға енгізді.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ч. Дарвин ілімінің алғы шарттары:
Қоғамдық - экономикалық:
- Англияда ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қарқынды дамыды.
- Жергілікті мамандар жануарлардың қолтұқымдары мен өсімдіктердің өнімді іріктемелерін көптеп шығара бастады.
Ғылымдағы жаңалықтар:
- жасуша теориясының;
- тірі организмдердің ұрықтарының ұқсастығының;
- өлі және тірі табиғаттың химиялық біртұтастығының;
- аралық формалардың;
Ч. Дарвин өмірінің кезеңдері
1809 жылы 12 ақпанда Англияның Шрусбери қалашығында дәрігер отбасында өмірге келді.
1826 жылы Эдинбург университетінің медицина факультетіне оқуға түседі.
1828 жылы Кембридж университетінің дін факультетіне түсіп, 1831 жылы бакалавр дәрежесін алады.
1831 жылы Ч. Дарвин солтүстік Уэльс геологиялық экскурсиясынан оралған соң, Кембридж университетінің профессоры Джон Генслодан хат алды. Хатта Дж. Генсло «Бигль» кемесінің Жер шарын айналу саяхатына шығатынын хабарлап, Дарвиннің осы саяхатқа табиғат зерттеушісі ретінде қатысуын өтінді. Ч.Дарвиннің 22 жасында 5 жылға созылған саяхатқа қатысып, өте көп деректер жинайды.
«Бигль» кемесінің мақсаты:
Оңтүстік Американың шалғай жатқан жағалаулары мен Тынық мұхит аралдарының картасын жасау.
Кеменің саяхаты 1831 жылы 27 желтоқсанда басталып, 1836 жылы 25 қазанында аяқталады.
Ч. Дарвиннің еңбектері
«Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің шығуы” (1859)
“Үй хайуанаттары мен мәдени өсімдіктердің өзгеруі” (1868)
“Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу” (1871) және т. б.
Ч. Дарвин қолдан сұрыптау туралы
Қолдан сұрыптауды адам өз мүддесі үшін жүргізеді.
Мысалы: Қазақтың құмай тазысы адамның мыңдаған жылдарға созылған сұрыптау нәтижесі. Тазы иттерді аңшылыққа баулыған.
Үй жануарларының қолтұқымдары мен мәдени өсімдіктер іріктемелерін ғалым қолдан сұрыптау нәтижесі деп есептеді.
Сұрыптау түрлері
мақсатсыз әдістемелік
Мақсатсыз сұрыптау адамзат тарихында мыңдаған жылдардан бері жүргізіліп келеді. Үй хайуанаттарының етті және сүттілерін тұқымдыққа алып, өсіріп отырған. Сол сияқты өсімдіктердің де дәндері, жемістері ірілерін таңдап алып, егуге пайдаланған. Осындай сұыптаудың нәтижесінде күні бүгінге дейін жануарлар мен өсімдіктердің түрлі формалары сақталып келді.
Әдістемелік сұрыптау кезінде адам саналы түрде алдына мақсат қойып, арнайы бір бағытқа сай қолтұқым немесе іріктеме шығаруды көздеп, сұрыптау жүргізеді.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
Сызбанұсқамен жұмыс
“Сандар сөйлейді” ойыны
Биологиялық диктант
“Сандар сөйлейді” ойыны
1809 — Ч. Дарвиннің туған жылы
1826 - Эдинбург университетінің медицина факультетіне оқуға түседі.
12. 02 - Туған күні
22 - Саяхатқа қатысқан жасы
1831 — оқу бітірген жылы, саяхатқа шыққан жылы
1828 — Кембридж университетінің дін факультетіне түсуі
1836 - Саяхаттың аяқталған жылы
27. 12 - саяхаттың аяқталған күні
5 — саяхатта болған жылы
25. 10 — Саяхаттың аяқталған күні
2 — Қолдан сұрыптаудың бөлінуі
1868 — «Үй хайуанаттары мен мәдени өсімдіктердің өзгеруі» деген еңбегі
1859 — «Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің пайда болуы» деген еңбегі
1871 — «Адамның шығу тегі» туралы еңбегі
1882 — Ч. Дарвиннің қайтыс болған жылы
Биологиялық диктант
1. Ч. Дарвиннің 1859 жылы жарық көрген еңбегі ……………………………………………….
………………………………………………………………………………………………….. деп аталады.
Жауабы:
1. Ч. Дарвиннің 1859 жылы жарық көрген еңбегі “Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің пайда болуы” деп аталады
2. Ч. Дарвиннің 1868 жылы жарыққа шыққан еңбегі…………………………………… ………………………………………………………………………………………………………………. деп аталады.
Жауабы:
2. Ч. Дарвиннің 1868 жылы жарық көрген еңбегі “Үй хайуанаттары мен мәдени өсімдіктердің өзгеруі” деп аталады.
3. Ч. Дарвиннің 1871 жылы жарыққа шыққан еңбегі…………………………………… ………………………………………………………………………………………………………………………. деп аталады.
Жауабы:
3. Ч. Дарвиннің 1871 жылы жарыққа шыққан еңбегі “Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу” деп аталады.
Бағалау.
Үйге тапсырма. Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі.
Кесте толтыру.
Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі
- akyl_bek_92
- 21 қыркүйек 2016
- 12414
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Дарвиннің эволюциялық ілімі, биологиядан ашық сабақ, Чарльз Дарвин
Ұқсас жаңалықтар:
Ч. Дарвин және оның түрлердің пайда болу теориясы (күнделікті сабақ жоспары ...
Чарлз Дарвин ілімінің шығу себептері. XVIII ғасырдың соңында Англияда өндірістің дамуы шикізат қорын ұлғайтуды талап етті. Өнеркәсіп пен ауыл...Ж. Б. Ламарктың эволюциялық ілімі
XVII ғасырда микроскоптың ашылуы, оның түрлі биологиялық зерттеулерге қолданыла бастауы, көптеген ғалымдардың тірі табиғатқа деген көзқарасын..."Тіршіліктің даму тарихы туралы ілім» тарауы бойынша қорытынды сабақ
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы, Абай атындағы орта мектебінің химия және биология пәндерінің мұғалімі Жанханова Тілекші Саясатқызы...Табиғи сұрыптау – эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы күші
Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті №176 орта мектеп Игембаева Гүлнар Ыдырысқызы...Биология
“Биология” терминін ғылымға алғаш 1797 ж. неміс ғалымы Т. Руз енгізген. Биология Оңтүстік-шығыс Азия елдерінде (Қытай, Жапония, Үндістан) 6 — 1...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.