Сайтқа кіру Тіркелу

Орта факторлары, оған бейімделу және тіршілік формалары

Жамбыл облысы, Меркі ауданы,
№35 орта мектебінің биология пән мұғалімі:
Тилегенова Қамар Жайлаубайқызы

Сабақтың тақырыбы: Орта факторлары, оған бейімделу және тіршілік формалары

Сабақтың білімділік мақсаты:
Оқушылардың экология ғылымының бағыттары, өзекті проблемалары, экологиялық қағидалар және биосфера біртұтастығы жөнінде алған
білімдерін жинақтауға бейімдеу.
Сабақтың дамытушылық мақсаты:
Оқушыларды шығармашылықпен топтық жүйемен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты:
Экологиялық тәрбие беру. Адамгершілікке, ұйымшылдыққа, имандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Қорытындылау, жүйелеу.
Сабақтың әдісі: Ой толғау, қорыту.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта слайдтары, коллекция, суреттер
Пәнаралық байланыс: География, әдебиет

Сабақтың жүрісі:
І Ұйымдастыру
Өспеген табиғаттың аясында,
табиғат сұлулығын аясын ба?!
Мұзафар Әлімбай

ІІ Өткен сабақтар бойынша қайталау
Сергіту кезеңі
(Сұрақтар қою арқылы оқушыларды сабаққа жұмылдыру)
1. Экология қандай ғылым?
Тірі организмдердің өзара қарым - қатынасын және олардың сыртқы
орта жағдайларымен байланысын зерттейтін ғылым.

2. Экология ғылымының қандай салалары бар?
Биоэкология, аутэкология, популяциялық экология, синэкология, адам экологиясы, әлеуметтік экология, геоэкология, ғаламдық экология, т. б.

3. В. И. Вернадскийдің ноосфера тұжырымдамасы:
«Болашақта адам баласы Жер бетіндегі барлық өзгерістердің негізгі факторы болады»

4. Экологиялық сауаттылық дегенді қалай түсінесің?
Экологиялық білімді игере отырып, табиғат қорларын тиімді пайдалануға жол ашу.

5. Экологиялық мониторингтің мақсаты неде?
Табиғаттағы өзгерістерді үнемі бақылап отыру және табиғат апаттарына жол бермеу

6. Экожүйе деген не?
Жер шарындағы зат және энергия ағындары үздіксіз жүріп жататын табиғи бірлестіктер мен тірі организмдер жиынтығынан тұратын табиғи жерлер

7. Тіршілік ортасының түрлерін атаңдар
Тіршілік ортасы

Су, топырақ, организмдердің өзі, құрлық - ауа
Әр сұрақтың жауабын оқушылар айтады, содан соң тақтадағы жасырулы сөздер ашылады.

ІІІ Жаңа материалды меңгерту
Тірі ағзалар тіршілік ететін орталарда оларға қандай факторлар әсер ететіні
жөнінде білу үшін, келесі тақырыппен танысамыз.
(Тақтадағы тақырып ашылады)
Орта факторлары, оған бейімделу және тіршілік формалары
Жаңа тақырыпты меңгеру мақсатында орындалатын жұмыстар:

Еске түсіру, меңгеру кезеңі
1. Мағынаны ашу
Тірек сөздер
а) Орта факторлары
- минимум
- максимум
- оптимум

ә) Төзімділік шегі
б) Шектеуші фактор
в) Экологиялық орын
г) Эпифиттер
ғ) Фанерофиттер
д) Хамефиттер
е) Гемикриптофиттер
ж) Криптофиттер (геофиттер)
з) Терофиттер
(Мәтіннен осы сөздерді тауып, анықтамасын дәптерге жазып, талқылау)

2. Кесте толтыру
Экологиялық факторлар
Абиотикалық-------Биотикалық-------Антропогендік

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×