Интеллектуалды сайыс «Үздік биолог»
Мақсаты:
1. Оқушылардың биология пәнінен алған білімдерін жинақтап, қорытындылау.
2. Оқушыларға әртүрлі сұрақтар беру арқылы биология пәні бойынша білімдерін, шығармашылық қабілетін, дүниетанымдығын дамыту.
3. Оқушыларды шапшаңдыққа, тез ойланып және өз ойын толық әрі еркін жеткізуге, биологиялық тілде сөйлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сыныптан тыс сабақ
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, қызықты сұрақтар салынған конверттер
Сабақтың жүру барысы:
Сайысқа қатысатын оқушылар мен әділқазы алқасымен таныстыру.
Сайыс шарттары:
І. Бәйге
ІІ. Мақал - мәтелдер сайысы
ІІІ. Ізденген жетер мұратқа
IV. Шешендік
V. Жанды сұрақтар
Ойынға 8 ойыншы қатысады. Әр белестен кейін 2 ойыншыдан шығып қалып, ең соңында қалған 2ойыншының біреуі «Үздік биолог» деген құрметке ие болады.
I белес Бәйге
(сұрақ - жауап, әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі)
1. Мүктің тамыр қызметін атқаратын мүшесі (Ризоид)
2. Жіп тәрізді көп жасушалы жасыл балдыр (спирогира)
3. Шымтезек мүгінің латынша атауы (сфагнум)
4. Қарағайлы орманда жиі кездесетін споралы өсімдік (плаун)
5. Көбелектің дернәсілі (жұлдызқұрт)
6. Қолға үйретілген бунақдене (балара)
7. «Жер жаңғағы» деп аталған өсімдік (арахис)
8. Дүние жүзінің негізгі наны деп аталатын өсімдік (бидай)
9. Жемісі ең үлкен өсімдік (асқабақ)
10. Ең ірі жылан ( анаконда 6 - 10м)
11. Дәрі алынатын бактерия (пеницилин)
12. Жарықта түзілетін органикалық зат (крахмал)
13. Ең кішкентай құс ( колибри)
14. Көздерімен әр жаққа қарай алатын жануар (хамелеон)
15. Шөлдегі ең ұзақ ұйықтайтын жәндік (тасбақа)
16. Өімдікті зерттейтін ғылым (ботаника)
17. Жануарларды зерттейтін ғылым (зоология)
18. Жасушаның сыртында қабықшасы бар, іші шырынға толы болатын бөлігі қалай аталады? (Цитоплазма )
19. Алғаш рет 1665 жылы өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен қараған ағылшын ғалымы кім? (Роберт Гук )
20. Өсімдік тамырлары қандай екі түрге бөлінеді? (Кіндік тамыр және шашақ тамыр)
II белес. «Мақал - мәтелдер сайысы»
Басталған мақал - мәтелді ойыншы аяқтайды, әрбір дұрыс жауапты тапқан ойыншыға 10 ұпай беріледі.
Жылқыда өт жоқ,……………………(Құста сүт жоқ)
Сулы жер - ……………………………….(Нулы жер).
Тау бұлағымен көрікті,………………….(Бұлақ құрағымен көрікті)
Қораңда малың болсын,………………..(Көшеңде талың болсын)
Дәрі шөптен шығады,………………….(Дана көптен шығады)
Дала көркі мал,……………………………(Өзен көркі - тал)
Ағаш ексең аялап,………………………..(Басында болар саябақ)
Ағаш көркі - жапырақ,…………………..(Адам көркі - шүберек)
Құты кеткен жердің,…………………….(Құсы кетер)
III - белес «Ізденген жетер мұратқа»
Тақтаға 20, 30, 40 деген жазулар бар 9 шаршы ілінеді. Әрбір санның артына сұрақтар жасырылған. Сұраққа дұрыс жауап берген жағдайда ойыншы шаршыда жазылған тиісті ұпайға ие болады.
20---20---20
30---30---30
40---40---40
20 (оң). Қызыл, сары түсті пластид түрі. (хромопласт)
20 (орта) Өсімдік тәрізді қоректенетін жәндік? (эвглена)
20 (сол) Күн гүлі деп аталатын өсімдік? (күнбағыс)
30 (оң). Құстар ұшқан кезде өкпеде ауа құрамындағы оттекке қан екі рет (тыныс алған кезде, тыныс шығарған кезде) қанығады. Мұндай құстың тыныс алу ерекшелігін не деп атайды? (қосарлы тыныс алу)
30 (орта). Адамның шығу тегі мен тарихи даму кезеңдерін, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін ғылым (антропология)
30 (сол). Түнде ұшатын құс. (Үкі)
40 (оң). Құстардың қауырсындарын майлайтын қандай безі болады? (құймышақ безі)
40 (орта). Жаңа Зеландияда кездесетін салмағы 2 - 3 килограммдай түйеқұстың ішіндегі ең кіші түрі. (Қанатсыз түйеқұс немесе Киви)
40 (сол). Екі ағзаның пайдалы селбесуі (Қалпақшалы саңырауқұлақтардың жіпшумақтарының ағаштардың тамырымен селбесуі)…(симбиоз)
IV - белес. «Шешендік»
Тақтаға 1, 2, 3, 4, 5, деген жазулары бар 5 шаршы ілінеді. Әрбір санның артында тақырыптар берілген. Оқушы санды таңдайды, қандай тақырып шыққанына байланысты, өз ойын жеткізеді. Жоғарғы ұпай - 50, төменгі ұпай - 30.
1. Гүл - адам өмірінің сәні.
2. Темекі - денсаулық дұшпаны.
3. Қымыз - шипалы сусын.
4. Пияз - ауруға қарсы мың да бір ем.
5. Өсімдік - өмір тірегі.
V - белес. «Жанды сұрақтар»
Мұнда ойыншылар қатысып отырған мұғалімдердің әртүрлі сұрақтарына жауап бере отырып, қосымша 10 ұпай жинай алады.
Ойын соңында жинаған ұпай санына қарай «Үздік биолог» деген құрметке ие болған ойыншыны анықтап, оны мақтау қағазымен марапаттайды.
1. Гүл - адам өмірінің сәні.
2. Темекі - денсаулық дұшпаны.
3. Қымыз - шипалы сусын.
4. Пияз - ауруға қарсы мың да бір ем.
5. Өсімдік - өмір тірегі
Интеллектуалды сайыс «Үздік биолог»
- ramuk_b
- 8 наурыз 2015
- 6630
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Үздік биолог атты интеллектуалды сайыс, биологиядан жарыс сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Ботаникадан толықтыру тапсырмалар жинағы
Ботаникадан толықтыру тапсырмалар жинағы Қазақстанда “Қызыл кітап” тұңғыш........ жылы жарық көрді. Елімізде өсімдіктер мен жануарлары арнайы...«Қызықты биология әлеміне саяхат» интеллектуалды сайыс
А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Төреханова Жанна...Ғажайыптар әлемі
Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың білім деңгейін байқау биология пәніне қызығуын арттыру, білімдерін қалыптастыру. Дамытушылық: Оқушылардың ой -...Жоғары сатыдағы өсімдіктер тарауын қорытындылау
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы Х. Наубетов атындағы орта мектептің Пән мұғалімі: Темирбаева Г....Бақытты сәт
«Бақытты сәт» биология пәнінен кластан тыс шара. Мақсаты: Оқушылардың білімдерінің деңгейін анықтау, биология пәніне деген қызығушылығын арттыру,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.