Сайтқа кіру Тіркелу

Организмнің ішкі ортасы және оның маңызы

Сабақтың мақсаты:
1. Организмнің ішкі ортасы және оның маңызымен таныстыру.
2. Оқушылардың организмнің ішкі ортасы саласы бойынша білімдерін толықтыру.
3. Жауапкершілікке, қоршаған ортаға саналы көзқараста болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.
Сабақтың әдісі: жаңа технология элементтерін пайдалану.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
Организмнің ішкі ортасы және оның маңызы
Организмнің ішкі ортасы. Организмнің барлық жасушалары мен ұлпаларының қалыпты тіршілігі үшін сыртқы ортадан оттек пен қоректік заттар үнемі түсіп отыруы керек, сондай – ақ организмнен алмасу (ыдырату)
өнімдері сыртқа шығарылуы тиіс. Бұл міндетті организмнің ішкі ортасы атқарады. Адам организмінің ішкі ортасын ұлпа сұйықтығы, қан мен лимфа түзеді. Ол өзінің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттерінің салыстырмалы тұрақтылығын сақтайды. Сөйтіп, организмнің барлық мүшелерінің тұрақты қызметін қамтамасыз етеді.
Жасуша мембраналары арқылы заттардың түсуі мен шығарылуы таңдамалы, тек ерітінді түрінде жүреді. Ұлпаларда жасушалар аралығында жасушаларды қоршап тұратын сияқты ұлпа сұйықтығы болады. Ұлпа сұйықтығы қанның сұйық бөлігі – плазмадан түзіледі. Сонымен қатар оның құрамында жасуша тіршілігінің әрекеттеріне қажет барлық заттар еріген күйінде болады. Оттек пен қоректік заттар майда қан тамырлары – капиллярлар арқылы ұлпа сұйықтығына, одан жасушаға өтеді. Зат алмасу нәтижесінде жасушада түзілетін су, көмірқышқыл газы және басқа да өнімдер алдымен ұлпа сұйықтығына, одан кейін сыртқы ортаға шығарылуы үшін капиллярға түседі.
Организмде ұлпа сұйықтығы үнемі қозғалыста болады, ол қан тамырлары арқылы жаңартылады.
Қан дәнекер ұлпасына жатады және аралық ішкі орта болып табылады. Біздің денеміздің барлық мүшелері қан үздіксіз ағатын қан тамырларының тығыз торымен шырмалған. Қан тамырлар арқылы жылжып, мүшелер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, жасушааралық сұйықтық құрамының тұрақтылығын сақтайды. Адам организміндегі қанның жалпы қалыпты мөлшері 5 л, бұл, шамамен, оның денесінің 7 % - ын құрайды.
Қан сұйық бөліктен – плазмадан және онда қалқып жүретін формалы элементтер: эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттерден тұрады.
Қан үздіксіз қозғалыста болып, бірқатар маңызды қызмет атқарады:
- Тасымалдау қызметі – жасушаларға асқорыту жолынан, сондай – ақ олар қорға жиналатын мүшелерден түсетін қоректік заттарды жеткізеді.
- Гуморальдық қызметі – қан гормондар мен басқа биологиялық белсенді заттарды тасымалдайды, олар арқылы әр түрлі мүшелер мен жүйелердің жұмысының гормондық реттелуі жүреді.
- Жылуреттеу қызметі – қан дененің тұрақты температурасын сақтайды.
- Қорғаныш қызметі – қан лейкоциттері ауру тудыратын микроорганизмдерді зиянсыз етеді; тромбоциттер қаннаң ұюын қамтамасыз етеді; иммунитет қан антиденелеріне (антитела) байланысты.

Лимфа ұлпа сұйықтығынан түзіледі және ақшыл сарғыш түсті сұйықтық болып табылады. Химиялық құрамы бойынша ол қан плазмасына ұқсайды, бірақ нәруыз мөлшері екі есе аз болады. Лимфа 95 % судан тұрады, сонымен қатар оның құрамында минералды тұздар, майлар, глюкоза, ал формалы элементтерден – лимфоциттер бар.

3. Сабақты қорытындылау. Оқулықтың соңындағы тапсырмалармен жұмыс.
Үйге тапсырма: § 29
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×