Сайтқа кіру Тіркелу

Генетика мен селекция

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға генетика мен селекцияның өзара байланыстарын көрсету арқылы этномәдени, экономикалық, экологиялық білім бере отырып, құзыреттіліктерін дамыту.
Сабақтың міндеттері
- Генетика мен селекцияның заңдылықтарын тану;
- Генетика мен селекцияның өзара байланыстарын анықтау;
- Генетика мен селекцияның тірі ағзаларға әсер ету жолдарын анықтау;
- Генетика мен селекцияда кездесетін ауытқуларды және олардың алдын алу жолдарын көрсету.
Күтілетін нәтиже:
Генетика мен селекцияның заңдылықтарын тани білуі;
- Генетика мен селекцияның өзара байланыстарын анықтай алуы;
- Генитика мен селекцияның тірі ағзаларға әсер ету жолдарын анықтай білуі;
- Генетика мен селекцияда кездесетін ауытқуларды және олардың алдын алу жолдарын көрсетуі;
Негізгі бөлім.
1.»Жаңбыр жауғанда» ойыны арқылы «Генетика»,»Селекция» тараулары бойынша білімді жаңғырту.
Сұрақтар:
- Генетика ғылымы нені зерттейді?
- Тұқым қуалаушылық деген не?
- Генетика терминін қай жылы, кім ұсынды?
- Генетика ғылымының негізін қалаған ғалым?
- Томас Морган деген кім?
- Селекция деген сөз қандай мағынаны білдіреді?
- Селекция ғылымы нені зерттейді?
- Селекцияның негізгі міндеттері?
- Селекцияның генетикалық негізін қалаған ғалым?
- Генетиканың даму тарихы неше кезеңге бөлінеді?
Генетиканың даму тарихын зерттеушілер үш кезеңге бөледі.
Экранда: І. 1900 - 1910 жылға дейін
ІІ. 1911 - 1953 жылға дейін
ІІІ. 1953 жылдан қазірге дейін.
Мұғалім: Бұл ғылымның негізгі заңдарын ашқан физика пәнінің мұғалімі Брно қаласындағы Августин шіркеуінің қызметкері чех Иоганн Грегор Мендель болды.
Топтарға берілетін тапсырмалар:
І топ. Мендель заңдарын қорғау. Топтың оқушылары интерактивтік тақтадан электрондық оқулық бойынша Мендельдің заңдарын қорғайды. Бір оқушы тақтада есептерін шығарады.
Мұғалім: Мендель тұқым қуалаушылықтың заңдылықтарын ашып, оның табиғатын анықтады. Бір белгінің тұқым қуалауының екінші белгіге тәуелсіз екендігін дәлелдеді. Тұқым қуалаушылықтың оқшаулығын, бөлшектене алатындығын, генотиптің организмдегі белгі қасиеттерді анықтайтын белгілердің жиынтығынан тұратындығын көрсетті. Мендельдің тұқым қуалаушылықты зерттеуге енгізген принципті жаңалығы - жеке белгілер мен қасиеттердің тұқым қуалау сипатын
зерттейтін гибридологиялық әдіс.
ІІ топ. Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясын қорғау. Топ оқушылары тақтада хромосома лабораториясынан Морганның жеміс шыбынына жасаған тәжірибесін көрсетіп, есебін жазу тақтасына орындайды.
Мұғалім: Генетика тарихындағы шешуші бір кезең америкалық генетик әрi Эмбриолог Томас Морганның тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясын ашумен тығыз байланысты. Жеміс шыбынына тәжірибе жасау арқылы тіркес тұқым қуалау заңын ашты. Мейозды бөлінуде ұқсас жұп хромосомалардың арасында кроссинговер, айқасу жүреді. Нәтижесінде сапа жағынан мүлде жаңа хромосомалар түзіледі.
ІІІ топ. Селекцияның генетикалық негіздері.(жануарлар бойынша слайд) Топ оқушылары жануарлар селекциясы бойынша жетістікке жеткен ғалымдардың шығарған қол тұқымдары жайлы сөйлейді. Экранда сызба шығады, ғалымдар шығарған қол тұқымдар көрсетіледі.
Мұғалім: Кейбір түраралық будандастырудан алынатын будан ұрпақ өсімтал келеді. Жаңа түрлер шығару үшін, селекциялық мақсатта қолданылады. Осы әдісті пайдаланып, жетістікке жеткен ғалымдар: Н. С. Бударин, Ә. Есенжолов, А. Жандеркин, И. Н. Попов, Н. З. Ғалиакберов, Қ. Ү. Медеубеков, Б. М. Мусин, Д. Н. Пак, Ә. Е. Еламанов, В. А. Бальмонт, М. Ә. Ермеков.
4 - топ. Селекцияның генетикалық негіздері (өсімдіктер бойынша слайд.) Топ оқушылары өсімдіктер селекциясы бойынша жетістікке жеткен ғалымдардың еңбектері жайлы сөйлейді. Экранда сызба шығады, ғалымдар шығарған сорттар көрсетіледі. Адам қажетін өтейтін мәдени өсімдіктердің суреттері көрсетіліп, сипаттама жасалады. Өсімдіктер селекциясындағы табыстарға қол жеткен ғалымдар: И. В. Мичурин, Н. И. Вавилов, К. Мыңбаев, В. С. Пустовойт, П. П. Лукьяненко, А. П. Шехурдин, В. Н. Маманов, Ғ. З. Бияшев, І. Әбуғалиев, Ш. Берсиев, Ы. Жақаев, М. Х. Мұратов, Н. Л. Удольская.
Мұғалім: Өсімдіктің жоғары өнімді түрлерін сұрыптай отырып, қоғамның өндіргіш күштерін арттырып, экономиканы нығайтуда сұрыптау жұмыстарының маңызы зор.
Б). «Зертханалық жұмыстағы қызанақ» ғылыми жоба бойынша 7Б сынып оқушысы Әділханова Мөлдір сөз алады. (слайд арқылы)
В). Әр топқа түрлі тапсырмалар беріледі: Сөзөрім, тылсымсан, ат жүрісі, өсімдік жайлы мақал.
Г). Генетикалық есептер. (Оқушыларға карточка таратылады, ауызша - жазбаша түрде жауаптары алынады.
Д). Диагностикалық тест.
3. Қорытынды.
А)- Генетика мен селекцияның негізгі зерттеу әдістері. Кесте.
- Генетика мен селекцияның басқа ғылымдармен байланысы жайлы кластер бойынша қорытынды. Экранда көрсетіледі.
Б) Алдын ала таратылған бағалау парағы бойынша оқушылардың білімі бағаланады.
Үйге тапсырма.
Рефлексия.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×