Сайтқа кіру Тіркелу

Жыртқыш аңдар отряды

Тақырыбы: Жыртқыш аңдар отряды.
Мақсаты:
Білімділік: Омыртқалы – сүтқоректілер жөніндегі білімдерін пысықтап, оқушыларға жыртқыш аңдардың түрлерімен, тіршілік ерекшеліктерімен, табиғаттағы алатын орнымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушының пәнге деген қызығушылығын оята отырып, алған білімдерін өмірде қолдана білуге және ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты, қоршаған ортаны қорғауға, сүюге тәрбиелеу.
Көрнектілер: суреттер, жұмбақтар, сөзжұмбақ, «Не артық», «Кім жылдам» ойындары, үлестірмелі қағаздар.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Қандай жануарларды оқып жатырмыз.
2. Омыртқалы жануарлар неше класқа бөлінеді?
3. Сүтқоректілер класына қандай жануарлар жатады, неге олай аталады.
4. Қандай отрядтармен таныстыңдар.

Жұмбақтар./шешіп, суреттерін көрсету/

1. Айбарлы түрі бар, қанжардай тісі бар,
Тұма бойында тасыған күші бар.
Күжірейген жалды, білсең айт бұл аңды. /Арыстан/.
2. Тарғыл – тарғыл таспа, тастан бірақ басқа,
Мекені қамыста, бұл саған таныс па? /Жолбарыс/.
3. Жазда қыдырады, қыста тынығады. /Аю/.
4. Бейқам елді іздейді, малдан күдер үзбейді. /Қасқыр/.
5. Халық «қу» деп, қылған күлкі,
Айласы көп, бұл не? /Түлкі/.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Балалар, жұмбақты дұрыс шеше білдіңдер, бұл жануарларды бір сөзбен қандай жануарлар деп атаймыз. /жыртқыш/.
Бүгінгі жаңа тақырып – жыртқыш аңдар, өкілдерін білесіңдер.
Сүтқоректілер класына жалпы сипаттаманы еске түсірейік.
Бұл отрядқа 235 – тей жануарлар түрі топтастырылған, оның 31 түрі елімізде кездеседі. Сойдақ және азу тістері жақсы жетілген, сойдақ тістері өте өткір. Қазақстанда аю, қасқыр, мысық, сусар тұқымдастарының өкілдері кеңінен таралған.
Аю тұқымдастарына қоңыр аю, ақ аю, ақ кеуделі /гималай/ аюы жатады. Қазақстанның биік таулы алқабында аздап қоңыр аю кездеседі, ол Қызыл кітапқа енгізілген. Аюдың аталығы «матай», аналығы - «кірекей», ұрпағы «қонжық» деп аталады.
Қасқыр тұқымдастарына шибөрі, қасқыр, қарсақ, түлкі жатады. Аналығы – «арлан», «көкжал», «сырттан», кұшігін «бөлтірік», ал қасқыр көсемі «абадан» деп аталады. Ертеректе Тянь – Шань, Алтай, Тарбағатай тауларында қызыл қасқыр таралған, соңғы жылдары олар жайлы деректер кездеспейді, оларда Қызыл кітапқа енгізілген.
Мысық тұқымдастарының 8 түрі Қазақстанда таралған. Қабылан, мысықтар, қарақұлақ шөлейтті, шөлді, далалы аймақтарда мекендейді. Сілеусін таулы алқаптардағы орман ішінде, ілбіс /қар барысы/ биік таулы алқаптарда кездеседі. Барыс ертеде тіршілік етіп, жойылып кеткен, ол мүшелдік жыл санауында 3 – ші жыл. Аналығы «таутан», күшігі «алан» деп аталады.

IV. Жаңа тақырыпты түсінгендігін тексеру:
1. Жыртқыш жануарларға қандай жануарлар жатады?
2. Оларға сипаттама беріңдер.
3. Неге оларды жыртқыштар деп атаймыз.
4.»Не артық» ойыны.
а/ Аю, суыр, тоқылдақ, піл.
ә/ Барыс, бақа, қабан, құндыз.
б/ Ілбіс, жылан, сусар, кенгуру.
в/ Қабылан, кит, жолбарыс, алабұға.

V. Алған білімдерін тексеру. Оқушылар тапсырманы орындау керек.

1. Денесі қауырсынмен қапталған.
2. Ұрпағын тірі туып, сүтімен асырайды.
3. Жүрегі 4 қуысты.
4. Бұл омыртқалы жануарлардың тістері жоқ.
5. Теріде май, тер, сүт иіс шығаратын бездері болады.
6. Қосарлы тынысалу – қай жануарларға тән.
7. Иіс сезу мүшесі өте жақсы жетілген.
8. Құлақ қалқаны және сыртқы, ортаңғы құлақ арасында дабыл жарғағы бар.
9. Іштей ұрықтанады.
10. Еті дәмді, мамығы пайдаланады.
11. Күрек, сойдақ, кіші және үлкен азу тістері бар.
12. Дара жынысты, іштей ұрықтанады.

Құстар: 1, 3, 4, 6, 10, 12 Сүтқоректілер: 2, 3, 5, 7, 8, 9, 11

Оқушылар тапсырманы орындау керек.

1. Баласын сүтпен асырайды.
2. Қарға, торғай, сауысқан.
3. Денесі терімен қапталған.
4. Омыртқалы жануар.
5. Жұмыртқасын тамаққа пайдаланады.
6. Тұмсығы бар.
7.
Құстар: 2, 4, 5, 6 Сүтқоректілер: 1, 3, 4

«Кім жылдам» ойыны.
Берілген тапсырмадағы сөздердің бір ғана әрпін ауыстырғанда, жануар аттары шығуы керек.

КҮЛКІ – түлкі ОТ – ит, ат НОЯН – қоян
ЖҰЛЫН – құлын ТОЙ – қой ЖАЗ – қаз
ХАЛЫҚ – балық САУЫҚ - тауық

VI. Үй тапсырмасы. Кітапханадан қарау.
VII. Баға қою.
VIII. Қорытынды.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жануарлар әлемінің қызыл кітабы

Жануарлар әлемінің қызыл кітабы

Міндеті: Балаларды өз бетімен білім табу, дәлелдеу және түсіндіруге үйрету. Қызыл кітапқа енген, сирек кездесетін жануарларды қорғау шараларын...
Жабайы жануарлардың тіршілігі

Жабайы жануарлардың тіршілігі

Атырау қаласы, №20 «Алтын балық» мүмкіншілігі шектелген балаларға арналған балабақшасының тәрбешісі Жайлығалиева Сандуғаш Жайлығалиқызы...
Жыртқыш сүтқоректілер

Жыртқыш сүтқоректілер

Атырау қаласы, М. Отаралиев атындағы негізгі мектептің биология пәні мұғалімі Жубанова Галя Нигметқызы...
Аңдар мен малдар немесе сүтқоректілер

Аңдар мен малдар немесе сүтқоректілер

Қызылорда облысы, Арал қаласы №2 Облыстық арнаулы санаториялық мектеп – интернатының бастауыш сынып мұғалімі Байетова Нұрлыгүл...
Жабайы аңдар

Жабайы аңдар

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті. №7 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі: Әбдіхалық Жанат Алтынбекқызы Жабайы аңдармен таныстыру...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×